Блогшылар қауымы аңқау халық па?

Блогшылар қауымы аңқау халық па?

1 сәуір Күлкі күніне орай, массагет қауымына күлкі сыйлап, қолданушыларымыз үшін қызықты адамдарды алдағымыз келді. Есімізге бірден блогшылар оралып, белсенді блогшыларды нысанамызға алдық.

Интернетті жастанып ұйықтайтын блогшылар қауымынан айланы асыру мүмкін емес деп ойлағанбыз. Әншейінде ақылдары арнасынан асатын блогшылардың бәрі алданып, тек біреуі ғана, жалғыз біреуі ғана күлкі күніне орай алдап тұрғанымызды біліп қалды. Сонымен барлық блогшыларға бір ғана сөйлем жібердік. "Сәлем! Сенің "Пәленше" атты жобаң жүлделі болыпты ғой! Құтты болсын!"

Бірінші "құрбанымыз" - Өркен. Ол кім? Өркен Кенжебек - блогшы, журналист. "Өркеннің өрнегі" блогы өз заманында сұмдық танымал болып, Өркеннің атын әйгілеген еді. Қазір Жақсы.кз жобасының жетекшісі.

 

-Сәлем, Өркен! Жақсы.кз жүлде алыпты ғой! Құтты болсын ал!
-Қайда? Қай жерде?
-Міне (өтірік сілтеме бердік)
-Ашпай тұр ғой. Менде ашылмайды!
-Қалайша? Ашылуы керек.
-Қандай жүлде?..
Ойымыз жүзеге асты. Өркен алданды!

Келесі нысанамыз -  Ербол. Қазтрк.кз сайтының бас редакторы, танымал блогшы-журналист Ербол Азанбек.

-Айтпақшы казтрк.кз-тің жүлдесі құтты болсын!
-Қандай жүлде? Мен білмейтін не жүлде ол? Қайдан ондай инфо?
-Бәрі шулап жатыр ғой. Мына жерде (өтірік сілтеме)
-Больничныйдамын 4 күн болды. Ештеңе де естімедім. Сілтеме ашылмай тұр! Қандай жүлде?
Хахахаха. Ербол да алданды!

 
Белсенді блогшы, "Центр Тяжестидің" қызметкері Жалғас Ертайдың алданғаны тіпті қызық болды.

-ЦТ "Жыл үздігі" атағын алыпты дей ма?

-Қандай жыл үздігі?

-Мына сайтты қарашы (сілтеме)

-Сайтты көрдім, бірақ, ол жақта ЦТ жоқ қой!

-Қалай жоқ?

-Таппай отырмын. Ссылкуфстудию!

Одан да қызығы Жалғастың оңбай алданғанын мойындамай, алданған жоқпын деуі болды.

Айкона - Айжан Құлмұхаметова.  "Ғаламарттың" менеджері, танымал блогшылардың бірі. 

-Айкона, Ғаламарт сайтының  "Жыл ашылымы" атағына ие болуы құтты болсын!

-Солай ма? Қашан? Сілтеме берші, көрмедім!

хехехехеехе )

Соңғы кезде көптің талқысына көп түсіп кеткен Айқаракөз.кз сайтының авторы Эльвираның жауабы одан да қызық болды.

-Айқаракөз "Жыл үздігі" болды дей ма?

Иә? Кім айтты? Қайда?

-Көрмедің бе, елдің бәрі шулап жатыр ғой

-Нені айтасың? Сілтеме берші.

-Мә. (өтірік сілтеме)

-Қайтадан берші сілтемені...

қы-қы-қы )

Интернет кеңістігінде "Қисық" деген атпен белгілі Дінмұхамед Зиядин. Өкініштісі айламыз Қисықтан аспай қалды.
-Киностан.кз-тің "Жыл ашылымы" атағына ие болуы құтты болсын!
-Қойшы қайдаааа? Өтірікші, 1 сәуір ғой )

Кей кезде аузыңнан шығып кеткен жәй сөздің кенеттен шындыққа айналып кететіні бар.

ҚазНет майталмандарының жобалары расымен де үздік атансын деген тілекпен: Massaget.kz

М. Оңғарова