Киссинджердің жеңгетайлыққа жүруі

Киссинджердің жеңгетайлыққа жүруі

Киссинджер – әлемге әйгілі келіссөз маманы. Бірде ол өзінің жеңімпаздығын сынау үшін бір кедей диқанды арнайы іздеп барып: «Мен сізге бір тамаша келін тауып қойдым» дейді.

«Мен ұлымның шаруаларына ежелден араласып көрген жан емеспін» деп жауап береді диқан.

«Бірақ бұл бойжеткен Лосчерд (Еуропадағы ең алпауыт банкир) графтың қызы» дейді Киссинджер. Мұны естіген қарт диқан құдалыққа мақұл бола кетеді.

Сонан Киссинджер тізгін ұшымен Лосчерд графқа келіп: «Мен сіздің қызыңызға сегіз қырлы, бір сырлы тамаша күйеу таптым» дейді.

Құдалықтан бас тартқысы келген Лосчерд граф: «Қызым әлі жас» дейді.

«Алайда, ойланыңыз мырзам, бұл жас жігіт дүние банкысы бастығының орынбасарлығы міндетін атқарады» дейді Киссинджер.

«Іммм... олай болса....»

Сонымен, Киссинджер дүние банкысының бастығына келіп: «Мен сізге бір банк бастығының орынбасарын тауып қойдым» дейді.

«Бірақ қазір бізге банк бастығының орынбасары қажет емес» дейді банк бастығы.

«Алайда, естімедіңіз бе, бұл жігіт Лосчерд графтың күйеу баласы ғой» дейді.

Мұны естіген банк бастығы табанда мақұл бола кетеді. Міне, осылайша Киссинджер еселі еңбегімен табысты некенің куәгері болып, кедей диқанның ұлын бір түнде қазына алпауытының күйеу баласына айналдырады.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: rpg.lv

M. Auelkhan