Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Дидар Амантайдың прозасы үш тілге аударылды

Дидар Амантайдың прозасы үш тілге аударылды

Дидар Амантайдың прозасы үш тілге аударылды

Жазушы, кинодраматург Дидар Амантайдың "Қарқаралы басында" атты кітабы Париж, Анкара және Ұлан-батыр қалаларында үш тілге аударылып басылды.

Бұл туралы кітап таныстырылымының баспасөз мәслихатында белгілі болды. Жазушы кітабының таныстырылымына Мұрат Әуезов, Асанәлі Әшімов, Әлмира Наурызбаева, Әлия Бөпежанова секілді белгілі тұлғалар келіп қатысты.

Француз, түрік және монғол тілдеріне аударылған кітаптың алғысөзін ақын Олжас Сүлейменов жазған. Кітаптың тәржіма нұсқасының шығуына да Олжас Сүлейменовтың үлесі аз тимеген. «Гүлдер мен кітаптар» романын француз тіліне Айтқали Бақытов аударып, оған Альбер Фишлер есімді мәдениеттанушы сыни мақала жазған.  

"Гүлдер мен кітаптар" романы мен "Төлеутай ақсақалдың немересі» әңгімесін шоқайтанушы Әбдіуақап Қара құрастырған. Ал монғол тіліне Жазгүл Жұмабай мен Нәпіл Бәзілхан аударыпты.

Ал қазіргі уақытта "Гүлдер мен кітаптар" романы, "Мен сізді сағынып жүрмін" повесі қытай тіліне аударылып жатыр екен. Бұдан басқа, Дидар шығармашылығын орыс, араб, испан, ағылшын, парсы, корей және неміс тілдеріне аудару жоспарда тұрғаны белгілі болды.

Олжас Сүлейменов, ақын, әдебиеттанушы:

 Мен жас прозашыларға сене бермеймін. Романист болу үшін қырықты алқымдап, өмір тәжірибесін алу керек. Дидар дәл осы жаста. Ол бірінші кітабын жазудан бұрын өмірдің барлық сатыларынан өтті: мектепті бітірді, армияға барып, Отан қорғады, Политехникалық институтта оқыды, университеттің философия-экономика факультетін бітірді. Романдары, хикаялары, әңгімелерінен автордың сюжеттік ситуация мен персонажды дәл бере алатындығын байқаймыз.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: info-tses.kz

5576 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 28 қаңтар 2013, 11:55
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2013, 12:01

Француздардың қандай баға беретіні қызықтырып отыр

+0
28 қаңтар 2013, 12:15

Бір басылымды "К черту сюжет и героев! Да здравствует стиль!" деп дидар туралы мақала жазылыпты :)

+0
28 қаңтар 2013, 12:30

Бағы жанған жазушы деген осы.

+0
28 қаңтар 2013, 12:56

Кешірім өтінем, осы кісінің шығармаларын оқи алмаймын

+0
28 қаңтар 2013, 13:38

лайықты жазушы. әлемдік философиялық идеялардың қазақша интерпретациясын ұсынып жүрген жалғыз жазушы :D

+0
28 қаңтар 2013, 16:59

Келісем Дидар Амантай заманауи постмодернисттік бағыттағы бірден бір озық жазушы. Дидар ағаның шығармашылығы философия мен психологияға, өмірге толы. Менің сүйікті ЖАЗУШЫМ.

+0
31 қаңтар 2013, 06:58

"қастерле мені" тамаша жазылған тұғын. кейінгі тілге тиек боп отырған еңбектеріне көңілім толмайды. жұрттан да көп естиім осы ауандас пікірді. әдебиетте жаңалық әкелу тек формализімге сүйенбеуі керек. ол қалайда өзінің дәстүр топырағынан тамыр алып, өркендеп өнбегі керек. шынында, бағы жанған жазушы. бірақ, оқи алмайым. маған онанда ауылға тартып кетіп, шал екеңнің әңгімесін тыңдаған мың артық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол
ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...