Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / «Жалыннан» шыққан 22 кітаптың тұсаукесері өтті

«Жалыннан» шыққан 22 кітаптың тұсаукесері өтті

«Жалыннан» шыққан 22 кітаптың тұсаукесері өтті

Жуырда Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Жалын» баспасынан «Жас толқын» сериясы аясында жарық көрген жас қаламгерлердің жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерді ашып, жүргізіп отырған көрнекті жазушы, «Жалын» баспасының директоры Бексұлтан Нұржекеұлы кітаптары шыққан 22 автордың әрқайсысына жеке-жеке жазылған сын-ескертпелері мен ағалық жылы лебізін білдірді.

Жас қаламгерлерді қамтитын бұл серия ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Оқырмандар арасында ерекше қызығушылыққа ие болып келе жатқан осы «Жас толқын» сериясымен биыл жарық көрген кітаптар тізімі төмендегідей:

Поэзия аталымы бойынша:

1. Алмат Исәділ, «Көкжиекке сіңген жол...»

2. Бақытжан Алдияр, «Қазығұрттың қоңыры»

3. Бауыржан Әліқожа, «Айтұма»

4.  Ерғали Бақаш, «Жастық жалыны»

5. Мирас Асан,  «Бекзат»

6. Мақпал Мыса, «Мен керекпін»

7. Олжас Қасым, «Бозбеткей»

8. Мағиза Құнапияқызы, «Ай жүзіне көп қарап»

9. Бақытгүл Баймолдақызы, «Жүректегі жүзік»

10. Алтыншапақ Хаутай, «Қаламымнан сағынышым сырғанап»

11. Ержан Жұмабек, «Шексіздік шұғыласы»

12. Жанат Жаңқашұлы, «Тәңір таңбасы»

13. Гүлжайнар Қалдина, «Әке әлдиі»

Ал, проза аталымы бойынша:

14. Дархан Бейсенбекұлы,  «Әулиеағаш жапырағындағы жас»

15. Айнұр Шайшейтова, «Тағдыр сыйы»

16. Мирас Мұқашев, «Ақ шағала»

17. Алмас Нүсіп, «Барлау»

18. Мәди Алжанбай, «Автобустағы әңгіме»

19. Үміт Зұлхарова, «Депутат отыр партада»,

20. Әлібек Байбол, «Теміржол вокзалы»

21. Әсем Қоспағарова,  «Қызыл орамал»

22. Қанағат Әбілқайыр, «Ұмыт мені»

Шараға сондай-ақ, Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасарлары, Ғалым Жайлыбай, Жанарбек Әшімжан, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім, белгілі әдебиетші Гүлжаһан Орда сынды қаламгерлер мен ғалымдапр қатысып, жаңа шығармалардың авторлары туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жас толқын» сериясымен баспа бетін көрген жинақтар республикамыздың барлық аймақтарындағы кітапханалар мен кітап дүкендеріне, жоғары оқу орындары мен орта мектептерге тегін таратылуда.

Жолдаған: Ғазиза Баймұхан

Сурет: Нұрғиса Елеубеков

4809 5
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 қараша 2012, 11:26
Пікірлер
+0
15 қараша 2012, 12:35

оооу, "Бәйшешекте" той ендеше! ;) Құттықтаймыз!

+0
15 қараша 2012, 12:46

Мұндай бақытқа қашан жетер екенбіз...

+0
15 қараша 2012, 12:59

бұларды қайдан алуға болады екен енді?

+0
15 қараша 2012, 13:17

Мыналардың ішінде Алмас Нүсіптің "Барлауын" оқыдым.

+0
15 қараша 2012, 17:45

Жастардың кітаптары көп екен, жақсы жаңалық екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...