Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Қазыбек ақын 50 жаста!

Қазыбек ақын 50 жаста!

Қазыбек ақын 50 жаста!

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені иегері, ақын Қазыбек Исаның 50 жасқа толу мерейтойына арналған «Сырымды айттым, далаға» атты жыр кеші өтпек.

Кеш 4 қазан күні, яғни ертең сағат 18.00-де Жамбыл атындағы филармония залында болады. Кешке Мұхтар Шаханов, Көпен Әмірбек, Қалдарбек Құрманалиев секілді ақын-жазушылар келеді деп жоспарланған. Шарада Қазыбек ақынның 10 өлеңіне жазылған ән шырқалмақ. Оның бесеуі ертеде жазылған әндер болса, келесі бес ән тұңғыш рет орындалмақ. Өнері өнген Ақжол Мейірбеков, Жұбаныш Жексенұлы, Айгүл Иманбаева сынды әншілер ақынның әндерін шырқайды. 

Ақын туралы ақпарат:

Қазыбек Иса Жарылқасынұлы – ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстан Мәдениет қайраткері, “Жас қазақ үні” газеті Бас директоры. 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы (бұрынғы Киров ауданы) Бірінші май ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Шардара ауданы Қызылқұм ауылындағы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) көркемсурет-графика факультетіне түседі. 1984 жылы институтты бітірген Қазыбек Иса Шардара ауданы Қызылқұм орта мектебінде еңбек жолын бастайды.
1991 жылы қаңтар айында Алматыдағы алғашқы демократиялық басылым «Жас қазақ» газетіне бөлім меңгерушісі болып ауысады. 1993 жылы «Өркен» газетінде бөлім редакторы болып істейді. 1998 жылы «Қазақпарат» баспа корпорациясында вице-президент болып қызмет етеді.

2000 жылғы 2 мамырдан бастап, «Жас қазақ үні» газетінің тұңғыш бас редакторы – директоры болып еңбек етеді. 2009 жылдан бері «Жас қазақ үні» газеті Бас директоры – Редакторлар кеңесі төрағасы. Сонымен қатар «Жұлдыздар құпиясы» журналы бас редакторы және «Тұран» баспасының директоры.
Алғашқы өлеңдер топтамасы 1984 жылы «Аудитория» студенттер жинағы мен 1989 жылы «Тоғыз тарау» жинағына кірді. Тұңғыш жеке кітабы 1995 жылы «Керімсал» деген атпен жарық көріп, жырсүйер қауымның жылы бағасын алды. 2002 жылы «Қызыл жыңғыл» кітабы шықты. 2008 жылы «Тәтті шөл» жыр кітабы жарық көрді. Бірнеше республикалық мүшәйралардың жүлдегері.

2008 жылы “Тәтті шөл”  кітабы үшін Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты атанды. 2009 жылы Қазақстанның Мәдениет қайраткері  атағына ие болды.

Алматы қаласында тұрады. Отбасында жары Жәннат екеуі төрт бала тәрбиелеп келеді.

Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: Қазыбек Исаның жеке мұрағатынан алынды

2970 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 03 қазан 2012, 16:50
Пікірлер
+0
03 қазан 2012, 17:53

Көлеңкеде не болмаса аты айтылмай жүрген өте талантты ағаларымыздың бірі ғой....Қазыбек Исаның кітабын қолыма түсіріп бірінші рет оқып көріп едім, таңғалдым. Суреттеуі бөлекше ақын екен ғой....

+0
03 қазан 2012, 18:27

Дәл айтасың, өлеңі өлең емес, сурет! Өзі суретші ғой, негізі. Ал сөзбен сурет салу - қиынның қиыны!

+0
04 қазан 2012, 09:30

Той құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...