Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтеді

Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтеді
Фото: Мөлдiр Бекжан

27 сәуір сағат 19:00-де Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қолдауымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Серік Қалиевтің «Жасынның оты жанымда» атты шығармашылық кеші өтеді.

Қалиев Серік Акрамұлы 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, магистратурасын тәмамдаған. Қазақстан Жазушылар одағы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі. Республикалық ақындар айтысының жүлдегері. «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар антологиясы» жыр жинақтары мен «Жыр маржан» атты 10 томдық позия антологиясына топтама өлеңдері енген. «Көзайым» (2007), «Уақыт керуені» (Атамұра ,2012) өлең кітаптарының авторы. Елуге тарта танымал әндердің өлеңдерін жазған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер клубының директоры, Қазақ радиосында бөлім бастығы, «Атамұра» корпорациясында аға редактор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Қыздар университеті» баспасының директоры қызметтерін атқарған. 2010 жылы ҚР Мәдениет қайраткері төсбелгісімен марапатталған.

Кеш қонақтары: Тоқтар мен Бейбіт, Мейрамбек Бесбаев, Еркін Шүкіманов, Ринат Заитов, Алтынай Жорабаева, Гүлбаршын Тергеубекова, Ғани Мәтебаев, Мұратбек Сарбасов, Қанат Үмбетов және халыққа танымал айтыс ақындары мен эстрада жұлдыздары.

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Алатау дәстүрлі өнер театры».
Мекен-жайы: Алғабас-1, 6-үй. Т.Рысқұлов және Б.Момышұлы көшелерінің қиылысы.
Уақыты: 27 сәуір, 2017 жыл.

Ж. Жұмағұлов