Фицджеральдтың «Мен сен үшін өлер ем» атты туындысы табылды

Фицджеральдтың «Мен сен үшін өлер ем» атты туындысы табылды
Фото: vk.com

Америкалық жазушы Фрэнсис Скотт Фицджеральдтың осыған дейін жарық көрген туындылары оның шығармашылығының бас-аяғы емес екен. Өйткені, жақында оның бұрын-соңды оқырман қолына түспеген шығармалары табылды. Тіпті, мұндай белгісіз туындылары барын ешкім білмеген болып шықты.

Осыған орай, автордың «Мен сен үшін өлер ем» атты жаңа шығармалар жинағы жарық көріп отыр. Бүгін ғана белгілі болған мәлімет бойынша The New Yorker сайтында Фицджеральдтың I.O.U. аталатын жаңа әңгімесі жарияланды. Ол – псевдобиографиялық туынды.

Ұлы жазушының әлі жарияланып үлгермеген туындысын елден бұрын оқығыңыз келсе, The New Yorker сайтының сілтемесіне өтіңіз.

А. Оралқызы