Бүгін – жазушы Смағұл Елубай дүниеге келген күн

Бүгін – жазушы Смағұл Елубай дүниеге келген күн
Фото: www.aykwa.com

Бүгін – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, жазушы Смағұл Елубайдың дүниеге келген күні. Жазушы 70 жасқа толып отыр.

Қаламгер қаламынан туған "Ақ боз үй" роман-трилогиясы – 1932 жылғы аштық пен 1937 жылғы репрессия туралы көлемді, кесек туынды. "Ақ боз үй" романы "Lonely Yurt" деген атпен ағылшын тіліне және "Akboz Ev" деген атпен түрік тілдеріне аударылған. 

Сонымен бірге ол "Ойсыл Қара", "Саттар соқпағы", "Білте шамның жарығы", "Жарық дүние" хикаялар жинағының және "Мінәжат", "Жалған дүние" романдарының, "Қызыл отау",  "Ай астындағы үй", "Өтелмеген парыз", "Сұрапыл Сұржекей", "Батыр Баян", "Кек", соңғы шыққан "Алмас қылыш" және алдағы уақытта көрсетілетін "Қазақ елі" секілді көркем фильмдер сценарийінің авторы. 

Массагет порталы жазушы ағамызға шығармашылық табыстар тілей отырып, бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтайды! 

Ж. Жұмағұлов