Еркін тақырыпқа жазылған әңгімелерге байқау жарияланды

Еркін тақырыпқа жазылған әңгімелерге байқау жарияланды
Фото: өңделген

«Рахымжан Отарбаевтың мәдениет қоры» еркін тақырыпта жазылған әңгімелерге конкурс жариялайды.

Шығарманың көлеміне, автордың жасына шектеу қойылмайды. Бір ғана шарты – әңгіме бұрын баспасөз бетінде, сайтта жарияланбаған болуы тиіс. Жүлде алған ең үздік шығармалар «Әдебиет порталына» жарияланып, оқырмандардың талқылауына түседі.

Бас жүлде – 500 мың теңге;

1-орын – 250 мың теңге;

2-орын – 100 мың теңге;

3-орын – 75 мың теңге;

Ынталандыру сыйлығы (үшеу) – 50 мың теңгеден.

  • Конкурсқа жолданған шығармалар 20 қарашаға дейін қабылданады;
  • Бәйге алған шығармалар жеке жинақ болып шығады;
  • Әңгімелер мына электронды поштаға жариялануы керек: kazteatr2015@mail.ru;
  • Қорытынды 27 қараша күні шығады;
  • Байланыс телефоны: 8 (7122) 32 41 77, 8 778 111 97 18, Атырау қаласы. 
Н. Айдархан