«Абайдың ұлы жұмбағы» деректі фильмі жарыққа шықты

«Абайдың ұлы жұмбағы» деректі фильмі жарыққа шықты
Фото: ult.kz

«Абайдың ұлы жұмбағы» атты рухани-танымдық деректі фильм жарыққа шықты. Идея авторы – белгілі ақын Ақберен Елгезек. Қоюшы режиссері – Берік Әбішев.

Ақынның 170 жылдық мерейтойы қарсаңында қолға алынған жоба негізінде түсірілген туынды өз көрермендеріне жол тартты. Фильмге Мекемтас Мырзахметов, Тұрсын Жұртбай, Ғарифолла Есім және Омар Жәлел сынды ірі абайтанушылардың ортақ пікірі мен зерттеулері негізге алынған. 

Рухани-танымдық деректі фильм ұлы Абайдың туған жері Жидебайда түсірілген. 

Ө. Сансызбай