Массагет порталы ән мәтіндеріне арналған байқау ұйымдастырады

Массагет порталы ән мәтіндеріне арналған байқау ұйымдастырады

Массагет порталы ән мәтіндеріне арналған байқау ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты - ән мәтіндерінің сапасын арттырып, қазақ музыкасының дамуына үлес қосу.

Байқаудың жалпы ережесі:

* Байқауға қатысатын ақындардың жасына шектеу қойылмайды.

* Ән мәтініне лайықтап жазылған махаббат тақырыбындағы кез-келген өлең қабылданады.

* Өлең төрт шумақтан аспауға тиіс (кем дегенде екі шумақ болуы қажет).

* Бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды.

* Шығармалар 2015 жылдың 8 сәуіріне дейін қабылданады.

* Байқау жеңімпаздары 15 сәуір – «Ғашықтар күнінде» белгілі болады.

Байқау жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Қазылар алқасы құрамында Халықаралық конкурстардың жеңімпазы, Ресейдің ең үздік жобасы «Хочу к Меладзе» телешоуының финалисі, әнші Әлібек Әлмәдиев пен Республикалық домбырашылар байқауының жеңімпазы, «Алдаспан» тобының мүшесі Шамшаддин Омаров және Мassaget.kz сайтының тілшісі, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, жас ақын Шерхан Талап болады.

Байқау жеңімпаздары:

1-орын (екеу)
2-орын (біреу)
3-орын (біреу)

Жеңімпаз өлеңге әнші Әлібек Әлмәдиев пен «Алдаспан» тобының мүшесі Шамшаддин Омаров ән жазып, орындайды. Әнге арнайы бейнебаян түсіріледі.

Жеңімпаз ақыннан сұхбат алынып, Массагет сайтына жарияланады.

Жеңімпаздарға бұдан бөлек бағалы сыйлықтар табысталады.

Ән орындаушылары жеңімпаз өлеңдерге әуенге сай өзгерістер енгізуге құқылы.

Жеңімпаздарды анықтау:

Өлеңдердің тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесіне баса назар аударылады.

Бәйгеге ұсынылатын шығармалар massaget.kz@gmail.com  электрондық адресіне "Ән мәтіндері байқауына" деген атпен жолдануы тиіс.


Байланыс телефондары: 87273888119, 87273888118

Сурет: theeternalgraffiti.com

Н. Айдархан