Толстойдың тоқсан томы интернетке көшпек

Толстойдың тоқсан томы интернетке көшпек

Кеше ғана Ресейде "Толстой бір ғана батырмада" ("Весь Толстой в один клик") атты жоба бастау алды. Жоба мақсаты Лев Толстойдың 90 томдық шығармасының электронды нұсқасын жасау.

Қазірде оқырман Толстой шығармашылығының PDF форматындағы нұсқасын пайдалана алады. Әзірге желіде жазушының «Художественная литература» баспасында 1978-1985 жылдары басылып шыққан 22 томдық шығармалар жинағы қамтылған. 

Қалаған қолданушы ЧитаемТолстого.рф сайтынан оның 20 беттен тұратын мәтінімен қоса ABBYY компаниясы ұсынған арнайы FineReader нұсқасын жүктей алады. Бұл нұсқа мәтінді тануға мүмкіндік береді. Ал фрагменттерді кейін корректорлар түзеп, осы арқылы мәтінде қателердің болмауы қадағаланады. Бұл шараны Лев Толстой мемлекеттік мұражайы мен ABBYY компаниясы іске асырып отыр. Баспасөз хабарында жоба авторлары шығармалар жинағының толық нұсқасын жасап шығуды көздеп отыр делінген.

Айта кетейік, бұл жобаға өз үлесін қосқысы келетін волонтерлер де ерікті түрде қатысып, жоба соңында бағалы сыйлықтар алады. Барлық шығармалар сандық нұсқаға ауысып біткен соң tolstoy.ru порталында жарияланады делінген баспасөз хатында. Сайттың құрастыру жұмыстарына жауапкершілікті Толстойдың «Ясная Поляна» мұражай-үйі алып отыр.

Ақпарат:

Лев Толстойдың 90 томдық шығармалар жинағы 1928 және 1958 жылдары басылып шыққан. Жинаққа қаламгердің күнделіктері, хаттары, публицистикалық және діни шығармалары, педагогикалық мақалалары мен қолжазбалары енген. 2000 жылы Әлем әдебиеті институтында Лев Тостойдың 100 томдық шығармалар жинағының бірінші томы жарық көрген. Онда да XIX ғасырдың белгілі жазушысының барлық шығармасын жинақтау көзделген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta.ru

А. Құлтай