Харуки Муракамидің жаңа романы миллион тиражбен басылды

Харуки Муракамидің жаңа романы миллион тиражбен басылды

Жапон жазушысы Харуки Муракамидің "Түссіз Цукуру Тадзаки және оның қажылық жылдары" кітабы басылым жағынан миллион данаға жетіп отыр. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлайды. 

Алғашында 500 мың көшірмесі басылып шыққан, артынша аталған баспа орталығы үлкен сұранысқа орай тағы да 300 мың данасын басып шығаруды қолға алған. Жексенбі, 18 сәуір күні Bungeishunju тағы да Мураками романының 200 мың данасына тапсырыс берген. Сонымен, мамыр айының алғашқы жарты бөлігінде-ақ дүкен дүңгершектеріне "Түссіз Цукуру Тадзаки және оның қажылық жылдары" кітабының миллион таралымы жол тартпақ.

Басылымның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде 350 мыңға жуық кітап сатылып кеткен көрінеді. Және аталған роман сатылымы ең көп тауарлардың қатарына қосылған. 

"Түссіз Цукуру Тадзаки және оның қажылық жылдары" – жазушының 2009-2010 жылдары жарыққа шыққан 1Q84 трилогиясынан кейінгі бірінші романы. Романда өткен күнмен арпалысқа түсетін және өмір мағынасын түсінуге тырысатын ер адам туралы айтылады. 

Романның басқа тілдерде басылып шығатын күні әзірше белгісіз.

сурет:www.vizitkaavon.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига