Бақыт қанша тұрады?!

Бақыт қанша тұрады?!
Фото: i.huffpost.com

– Ассалаумағалейкум! Бақытты осында сата ма?
– Иә.
– Ым-м. Сонда бес минут бақыт қанша тұрады?
– Жарты ғұмырың.
– Не деген қымбат еді! Ал үш күн бақыт ше?
– Жарты ғұмырың.
– Үш қап бақыт қанша тұрады?
– Айырмашылығы жоқ. Бақыт деген жарты өміріңе лайық.
– Демек мен жарты өміріме қанша бақыт алсам да бола ма?
– Иә, әрине, ала аласыз.
– Ым-м.Қызық екен. Неге мұндай? Әзілдеп тұрған жоқсыз ба?
– Ешқандай әзіл-оспақ жоқ. Көтергеніңше ала бер. Әне, ана бұрышта қаптар тұр. Қанша көтерсең, бәрі сенікі.
– Мәссаған! Неге ол сонша ауыр?
– Ауыр емес, неге қиын деп айт. Аноу сол жақтағысын көтеріп көрші, жеңілдеу сияқты.
– Ы-ы-ы...Жоқ, көтере алар емеспін.
– Неге сонша күшеніп өзіңді қинай бересің? Көтергеніңше ғана алсаңшы.
– Кейін тағы сұрасам, бересіздер ма?
– О Құдайым, әрине береміз. Біз не, бақытты аяйды дейсің ба?
– Рақмет сіздерге! Рұқсат болса, мен жүрейін!
– Сау болыңыз!
– Тағы бір ақымақтау сұрақ қойсам бола ма?
– Бұған дейінгі қойған сұрақтарыңның ақылды болып тұрғаны шамалы еді. Айта бер.
– Неге баға сондай қызық? Жарты ғұмыр?
– Себебі, бұл баға емес, тауардың өзіндік құны!

Біз кейде шын мәнінде өз бақытымыз үшін жарты ғұмырымызды төлейміз. Ол қымбат па, әлде арзан ба? Әркім өзі шешеді, бірақ бір нәрсе түсінікті: біздің сүріп жатқан өміріміз бізге ұнамайынша – ол жанымыздан зулап өтуде...

Ж. Жұмағұлов