Орнымен жұмсай алмаған ақшаңның пайдасы жоқ

Орнымен жұмсай алмаған ақшаңның пайдасы жоқ
Фото: KakZachem.ru

Италия халқының нақылдарымен таныс болыңыздар. Ой қорытыңыздар.

Махаббат майданында кетіп қалған жан жеңеді.

Дұрыс жол ешқашан ұзақ болмайды.

Әр нәрсе көп емес, жеткілікті түрде ғана болғаны жақсы.

Қоймен жүз жыл бірге болғанша, арыстан бір күн бірге жүрген артық.

Есек боп туған тұлпар боп өлмейді.

Мәселе саған келмесе, өзің барып мәселеге соқтықпа.

Өзін жақсы танитын адам әлемді де таниды.

Ойын аяқталған кезде де патша да, пешка да бір қорапқа салынады.

Өзің қаласаң, мүмкін емес ештеңе жоқ.

Өзгелер қадіріңді білгенін қаласаң, өмірден өтіп кет.

Адамды өзгелердің пікірі арқылы бағалама.

Адамды кітапқа қарағанда, өтіп жатқан жылдар жақсы өзгертеді.

Саған тиесіліні ешкім алмайды.

Әйелмен тәжікелесудің екі әдісі бар. Екеуінің де пайдасы жоқ.

Тәңір үнсіз адаммен сөйлескенді жақсы көреді.

Қонақ балық секілді, үш күннен кейін сасып кетеді.

Мейірімі жоқ сұлулық шарапқа тұншығып өлумен тең.

Жасағаннан кейін қайта істеуді қажет ететін жұмыстан жаманы жоқ.

Үйленерде және көлік сатып аларда, көзіңді жұм да, тағдырыңа сен.

Ешкім жалғыз болғысы келмейді, тіпті жұмақта да.

Кек – тағам, оны салқындай ұсыну қажет.

Қара тауық та ақ жұмыртқа туады.

Ештеңе істемесең, нашар қызметкер болуды үйренесің.

Әлемде қоразы үнсіз тынып, тауығы шақыратын тауық қора жоқ.

Бетіңіз кір болып тұрғанын жақын досыңыз ғана айта алады.

Әлем сабырлылардың меншігінде.

Махаббат, от және жөтел. Бұларды адамнан жасыра алмайсыз.

Таңғы асқа – үміт, ал ақымақтық кешкі асқа қалсын.

Өзгенің кеңесін қабыл ал не бас тарт, бірақ өз ойыңнан аттап кетпе.

Адам құнын неше тіл білуімен бағалауға болады.

Ақшаң бар болғанымен, оны дұрыс жарата алмасаң, пайдасы жоқ.

@. @assel_assanova