Авраам Линкольннің қанатты сөздерi

Авраам Линкольннің қанатты сөздерi
Фото: srg43.blogspot.com

Американың он алтыншы президенті, публицист Авраам Линкольннің ел арасында кеңінен танымал қанатты сөздерiн назарларыңызға ұсынамыз.

Егер маған бір кісі ұнаса, міндетті түрде онымен танысуға тырысамын. 

Артымнан айтылған жалған, жала сөздерге ешқашан мән беріп көрген емеспін. Өтірік сөзге күйіп-пісудің не қажеттілігі бар? 

Адамзат баласының ұлы ойларының қоймасы — кітап. 

Бірен-саран адамды өмір бойы алдап өтуге болады. Бірақ халықты өмір-бақи алдап өмір сүру мүмкін емес. 

Пайдасыз, баянсыз нәрсеге ұмтылып, өміріңді босқа кетірме. 

Егер маған бір кісі тіптен ұнамаса, міндетті түрде онымен жақын танысуға тырысамын. 

Тағдырдың қиыншылықтарына кез келген адам төтеп бере алады. Адамды шын сынағың келсе, оған билік бер. 

Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті. 

Еркін, өз еркімізбен істелген жұмыстан ғана бір нәтижеге жете аламыз. 

Билікке жай ғана атақ үшін ұмтылу еш пайда бермейді. Тіпті сол таққа жеткен күннің өзінде, мақсатсыз, құр мақтан адамға рухани тыныштық әпере алмайды. 

Өзімнің атамның уақытында кім болып, не жетістікке жеткенін білмеймін. Мені одан гөрі ұрпағымның халі қызықтырады. 

Жолдасымызға өз қолынан келетін істі жасап беру арқылы көмектесу мүмкін емес. 

Халықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады. 

Халыққа шындықты айту арқылы түрлі алапаттардан құтқара аламыз. 

Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын. 

Мен жаманшылық қылсам, өзімді жайсыз сезінемін. Жақсылық қылсам, рахат күй кешемін. Міне, менің дінім. 

Өмірдің ең тәтті қызығы — адал достарыңның көп болуы.

Дереккөз: blogtime.kz

Г. Берік