Ұлы ойшылдардың ақыл-ой туралы айтқандары

Ұлы ойшылдардың ақыл-ой туралы айтқандары
Фото: neinvalid.ru

1. Ақыл-ойыңа барынша мол қорек беруге тырыс.

Л. Толстой

2. Өмір парасатты адамдардың парасатынан әрқашан терең және кең.

М. Горький

3. Ақылды болғың келсе, ақылды сұрақ қоюды, мұқият тыңдауды, сабырлы жауап беруді және айтатын ешнәрсең болмаған кезде сөйлеуді доғаруды үйрен.

И. Лафатер

4. Даналық те керекше адамдарға тән деп ойлама. Даналық барша жанға қажет және сондықтан да барлық адамдарға тән. Даналықтың мәні өз мақсатыңды және оны орындаудың жолдарын білуде.

Л. Толстой

5. Сана жалпы мен жалқы арасындағы байланысты көре білу қабілеті.

И. Кант

6. Ақыл-ой ширақтығы сұлулықтың орнын толтыра алады.

Стендаль

7. Ақылсыз адам кез келген іліммен әуестенуге құмар.

Гераклит

8. Адамға сана оның санасыз өмір кешіп жатқандығын көруі үшін емес, саналы өмір сүруі үшін берілген.

В. Белинский

9. Шынайы мақсаттарды көздейтін мықты ақыл - жер бетіндегі ең үздік ақыл.

В. Гете

10. Дұрыс пікірің болмаса, ақыл-ой ширақтығының артықшылығы шамалы. Сағаттың артықшылығы оның тез жүруінде емес, дұрыс жүруінде.

Л. Вовенарг

Ж. Исакаев