Өле жегенше, бөле же

Өле жегенше, бөле же
Фото: bytdobru.info

Африкалық балаларға антрополог бір ойын ойнауды ұсынды. Ағаштың қасына жеміс-жидек толы себет қойды да, былай деді:

– Ағаш жанына кім бірінші жетсе, барлық жеміс-жидек соған беріледі.

Балаларға жүгіріңдер деген белгі берді де, өзі күтпеген әрекетке таң-тамаша болды. Балалар бір-бірінің қолдарынан мықтап ұстап алып, барлығы бірге жүгіре жөнелді.

Өз ісінің дұрыс болмағанын сезіп қысылса да, балаларға тиесілі жемісін теңдей үлестіріп берген соң, олардың өз жауабын білгісі келеген антрополог:

– Неге олай еттіңдер? – деп сұрады.

Обонато, - деді балалар бір ауыздан, – Басқалар мұңайып отырғанда, жалғыз адам бақытты бола ала ма? Өле жегенше, бөле же!

«Обонато» сөзі олардың тілінде – «Мен өмір сүремін, себебі біз өмір сүреміз» деген мән береді, яғни біздің ұғымымызда «Адамның күні – адаммен» деген мағынаға сияды.

@. @assel_assanova