Менмендік мойындамаудан басталады

Менмендік мойындамаудан басталады
Фото: massaget.kz

Менмендік – адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі. Ондай адам тек өзінің түйсігіне, күйзелісіне, қызығушылығына көңіл аударады. «Менмендік – адамның міні» - деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтпақшы, бойды бұл міннен аулақ ұстау керек.

Менмендік адамның өзін басқадан артық санап, бақ пен байлықты көтере алмай, ақымақтық пен тәкәппарлыққа салынуынан көрінеді. Менмен адам өзімшіл болып, басқа адамдардың көзқарасымен, пікірімен санаспай, тек өз мүддесін ғана ойлаумен өмір сүреді. Бір сөзбен айтқанда, менмендік адамды тура жолға жетелемейді.  

Ө. Сансызбай