Екі рет «мен берейін» дегеннен, бір рет «міне, ал» деген артық

Екі рет «мен берейін» дегеннен, бір рет «міне, ал» деген артық
Фото: hitfon.com

Түріктер данышпан әрі еңбекқор халық. Туыстас еліміздің өзімізге ұқсас салт-санасы тоғыз-он жылдан бері телеарнамызды жаулап алған ұзын сонар сериалдарынан белгілі. Оларды тәржімалайтын аудармашылардың еңбегі ме, әлде түпнұсқасында сондай шұрайлы тілді сөздер айтты ма – қайдам, олардың киноларында төмендегідей қанатты сөздер кездеседі.

Өмірде үш нәрсені жасыра алмайсың: түтінді, жоқшылықты, махаббатыңды.

Күлімсіреңіз... Ертең одан да сорақысы болады.

Бұрынғы сезімтал жігіттер қазір шырақ алып жүріп іздесең де табылмайды.

Екі қоянды қатар қусаң, біріне де жете алмайсың.

Махаббат - жазғы нөсер секілді, малмандай су болып жаурасаң да, бітпегенін қалайсың.

Екі рет «мен берейін» деп айтқаннан, бір рет «міне, ал» деген артық.

Арақ ішкен өлді де, су ішкен өлмей қалды ма?

Махаббат күтпеген жерден келеді және солай кетіп қалуы да мүмкін. Одан айырылып қалма.

Ерлер қартаяды, әйелдер өзгереді.

Қарапайым, бірақ баға жетпес екі-ақ сөз: Сені Сүйем!

@. @assel_assanova