Жақсы адам тек жақсылықты көреді

Жақсы адам тек жақсылықты көреді
Фото: moj-maskarad.livejournal.com

Құрметті оқырман, бүгін сіздермен үнділердің даналықтарын бөліскелі отырмыз.

Кез келген ұлттың өз даналығы мен ұлағаты болады. Үндістер де мұндай рухани байлықтан әсте кенде емес.

Жақсы адам тек жақсылықты көреді.

Өзіңе-өзің құлақ асып, өз-өзіңді тыңдау үшін де тыныштық керек.

Мылжыңға қарағанда көп сөйлемейтіндер екі есе ақылды болады.

Біреудің кемшілігін талқылай бергенше, өзіңе де көз салып қой.

Сен бақыттысың ба? Демек, өз Отаныңда өмір сүріп жатқаның.

Жұрттың көңілін өзіңе аудару үшін биікке шығуың керек.

Дұшпан үнемі дұшпандығын жасай бермейді, дос та үнемі достыққа адал бола бермейді.

Бала – үйіңе келген қонақ: тамағын бер, тәрбиеле, сосын жібер.

Балаңмен тамақтанып отырған кезде сөйлес. Сонда өзің үйден кетсең де, сөзің қалады.

Бақа өз шалшығын ішпейді.

Маған бірдеңе айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімнен шығып кетеді. Одан да мені сол іске баулы – сонда ғана түсінемін.

А. Әбілхан