Жан дүние байлығы бар дүние байлығынан да артық

Жан дүние байлығы бар дүние байлығынан да артық
Фото: www.zastavki.com

«Адам деген ардақты ат» дейді қазақ. Пендеуи әрекеттерден бойын таза ұстап, адамгершіліктің ақ туын биік көтерген азаматты бәрінен жоғары бағалайды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді өзге халықтар қалай бағалайды екен?

Бұлақ жоқ болса, құдық қаз,
Су шығып ел болар мәз. (шумер)

Әкім болудан адам болу қиын. (түрік)

Ор қазсаң өз бойыңа шақтап қаз. (түрік)

Жасамасаң жамандық,
Басыңда болар амандық. (түрік)

Жаманға басшы болғанша,
Жақсыға қосшы бол. (қырғыз)

«Мен» деген шөл, «біз» деген көл. (қырғыз)

Жігіттің құны – жүз жылқы,
Ары – мың жылқы. (қырғыз)

Пісіргенше шыдасаң,
Түсіргенше де шыда. (қырғыз)

Естімес деп өтірік айтпа,
Білмес деп ұрлық қылма. (қырғыз)

Кішіні қолдап, жол бер,
Үлкенді сыйлап, қол бер. (татар)

Жүз адам мақтаған кісі – жүз адамға татиды. (адыгей)

Ұқыпты қожайынға ұтымсыз уақыт жоқ. (мордва)

Сырқаттың көңілін сұрауың –
Сыздаған жерін сылауың. (осетин)

Жақсылық жасасаң, жасыр,
Жақсылық көрсең, асыр. (араб)

Жан дүние байлығы бар дүние байлығынан да артық. (араб)

Сауалдан сырғақтағаның – сыр сақтағаның. (ауған)

Өзің адал болғанда, қаймықпассың ханнан да. (ауған)

Қайырымды жүрек қартаймайды. (курд)

Кіршіксіз киінгенге құрмет те мол. (бенгал)

Ұстазыңды өле-өлгенше мадақта,
Сол емес пе сені қосқан санатқа. (шығыс)

Түсі игіден ісі игі артық. (орыс)

Батар күнмен ашуың бірге батсын. (молдаван)

Біреуге үйретсең, өзің де үйренесің. (неміс)

Адал көршісі бар – алаңсыз ұйықтайды. (француз)

@. @assel_assanova