Әдеп пен дөрекілік туралы афоризмдер

Әдеп пен дөрекілік туралы афоризмдер
Фото: Бижигит Каиржанов

Біз өмір сүріп отырған заманда үнемі мәдениеттілік таныту қиынға соғады. Өйткені әдепті мінезіңді әлсіздікпен шатастырып, өз мүддесіне пайдаланып қалуды көздейтін жандар көп. 

Тіпті күштің өзімен ештеңе тындыруға болмаған жағдайларда да әдеп арқылы табысқа жетуге болады. 

Д. Леббок

Мейірімді болу жеткіліксіз, оған қоса тағы әдепті болу керек. 

А. Алшель

Жақсы тәрбие сенің тұздықты дастарханға төгіп алмағаның емес, басқа біреу солай істегенде, оны сенің байқамауың. 

А. П. Чехов

Бізге ештеңе де сыпайыгершіліктей соншалық арзанға түсіп, қымбат бағаланбайды. 

М. Сервантес

Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады. 

Ж.-Ж. Руссо

Адамдардың сыпайыгершілікке уақыты жетпейтіндей өмір соншалық шолақ емес. 

Р. Эмерсон

Жек көру - бейшаралықтың, кейде ақыл жұтаңдығының бетке ұстаған пердесі, жек көру дегеніміз - мейірімнің, ақыл мен адамдарды түсінудің жетіспеушілігінің белгісі. 

А. Доде

Дөрекі болу - өз басының қадір-қасиеті туралы ұмыту деген сөз. 

Н. Г. Чернышевский

Дөрекілік - рухани осалдық. 

М. Эбнер-Эщенбах

Адам кейде өзінің сезімдеріне ие бола алмаса да, әрдайым аузына ие болуға тиіс. 

П. Буаст

Қатты сөздер күшті дәлел бола алмайды.

В. О. Ключевский

Айғай-шу ештеңені дәлелдемейді. Жұмыртқалаған тауық көбінесе кішігірім планета туғандай қоқақтайды.

Марк Твен

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады. 

І. Есенберлин 

Қ. Бүйенбай