"Адамдардың жағдайы неліктен жаман?" деген сұраққа жауап берген 5 еврей

"Адамдардың жағдайы неліктен жаман?" деген сұраққа жауап берген 5 еврей

Еврей халқы өзінің асқан ақылдылығының арқасында төрткүл дүниеге танылып үлгерген халық. Оларды "өміршең халық" деп те атайды. Еврейлер тарихта көптеген қайғылы оқиғаларды бастан кешірсе де, қашанда еңсесін тік ұстап, өмірдің сан алуан сындарына шыдай білген. 

Адамзат тарихында ұстаз ретінде барлық әлемге мәшһүр болған 5 еврей бар. Бұл адамдардың тарихқа қосқан жаңалықтары өте көп және олардың ілімін әлі күнге дейін үйреніп, дамытып жатыр.

Ол кісілердің құнды пікірлері сіздерге де қатысты деп ойлаймыз. Жоғарыда айтылғандай, еврейлер тағдыр тауқыметіне төзе білген халық. Ал, біздің барлық мәселеріміздің сыры неде? Осы сұраққа жауап берген данышпандармен таныс болыңыздар.

Бірінші дана еврей маңдайын көрсетіп, адамдардың жағдайы осы жердегі жағдайға байланысты жаман деді. Оның аты - Мұса Пайғамбар.

Екінші ақылды еврей жүрегін көрсетіп, адамдардың жағдайы осы жердегі жағдайға байланысты жаман деді. Оның аты - Иса.

Үшінші еврей қалтасын көрсетіп, адамдардың жағдайы осы жердегі жағдайға байланысты жаман деді. Оның аты - Карл Маркс.

Төртінші данышпан еврей белінен төмен жерді көрсетіп, адамдардың жағдайы осы жердегі жағдайға байланысты жаман деді. Бұның аты - Зигмунд Фрейд.

Бесінші данагөй еврей, адамдардың жағдайы біз ойлағандай жаман емес, өйткені барлығы салыстырмалы деді. Оның аты - Альберт Эйнштейн.

Сурет: veonoticia.com, a16z.com, thenewsdoctors.com, science.spb.ru

Оқи отырыңыз:

Ағылшын ақыны Джордж Байрон өлеңдері

Мейірімділік туралы өсиет әңгіме

Адамды алға жетелейтін ақша емес

Мо Яньның оқшау ойлары

Ж. Исакаев