Мо Яньның оқшау ойлары

Мо Яньның оқшау ойлары

Қытайлық жазушы Мо Янь Нобель әдебиет сыйлығын алғаннан кейін, бұл атағы оны үлкен мінбелерге көтерді. Танымал жазушы топ алдында көптеген әсерлі баяндама жасады. Сол баяндамалардың ішінде адам баласы нанғысы келмейтін, сіз бен бізге бейтаныс оқшау ойлар кезігеді. Олар:

Бірінші: «Мен бақытты емеспін. Орталық телевизия станциясының бетпе-бет бағдарламасының әйгілі жүргізушісі Дұң Шиань Мо Яньнан «сіз бақыттысыз ба?» деп сұрағанда, Мо Янь іркілместен: «бірдеңе дей алмаймын, мен бұл мәселе жөнінде ойланбаған екенмін. Бақыт деген ештеңені ойламау, барлығын бір жаққа қайырып қою, деніңіз сау, рухани жақтан ешқандай қысым жоқ болғанда ғана бақытты боламыз. Қазір менде қысым өте ауыр, уайым-қайғы да өте көп, мен қайтып бақытты бола аламын. Алайда, «мен сізге мен бақытты емеспін» десем, сіздің «көлгірсімеңіз, жуықта Нобель әдебиет сыйлығын алып тұрып қалайша бақытты болмайсыз» деп айтарыңыз даусыз»,-деп жауап береді.

Мо Яньның түсінуінше, дүниеде адамдардың көбі бақытты бола алмайды, өйткені ештеңені ойламау мүмкін емес, барлығын бір шетке қайырып қою тіпті де мүмкін емес еді.

Екінші: «Тек көркемдікті ғана суреттеу жауапсыздық». Өз туындыларындағы «мейрімсіздік» пен «жексұрындық» мәселелері жөнінде Мо Янь: «бәріміз де адам мінезінің тамаша болуын тілейміз, алайда, өмірде көңілсіздіктер, қағажу-қақпайлар үнемі туылып отырады, жазушыда осындай шындыққа батылдықпен қарайтын жігер болумен бірге, бұл шындықты өз туындыларында әшкерелейтін жүректілік те болу қажет. Әдебиет қараңғылықты бүркелемейтін перде болып қалмау керек. Жазушыларда қалтарыс пен жауыздықты әшкерелейтін батылдық болу тиіс». Әрине, бұл жай кейбір оқырмандардың шамына тиіп кетуі, олар мұндай туындыларды көргеннен кейін, алаңдаушылық білдіріп, «жазушылар не үшін мұндай бірдеңелерді жазады, көркем нәрселерді жазса болмай ма?» деуі мүмкін. Бірақ меніңше, тек көрікті ғана жазу жауапсыздық болады. Бұл менің ұзақ жылдан бері өзімді дараландырып келе жатқан себептерімнің бірі», - дейді.

Көркемдік жырлануы, жауыздық әшкереленуі қажет. Бұл ақиқатты барлық адам біледі. Алайда адамдар көбінесе өзінің жақсы жағын ғана айтып, жаман жағының айтылмауын, жаман жақ айтылар болса, тек басқалардың жаман жағын айтуды тілейді.

Үшінші: «Әдебиет сыйлығы саяси сыйлық емес». Тілшілермен болған сұхбат жиынында Мо Янь жүздеген тілшіге қарап тұрып: «Нобель сыйлығы саяси сыйлық емес, мен адам тұрғысынан жазушылықпен шұғылданам, менің жеңісім – әдебиеттің жеңісі, менің шығармаларымды оқығандар әбден біледі, мен сыншылдықты, адам харакетін ашуды өз шығармамның түйіні етемін»,- дейді. Десе де мынадай болу  мүмкіндігі әбден күші, бір бөлім басшылар Мо Яньның сыйлық алуында өздерінің көрсеткен еңбектерін, мысалы, «Баулу жағындағы еңбегі», «Қолдау жағындағы еңбегі», «Шарт-жағдай әзірлеу жағындағы еңбегі» сынды ойлары болуы мүмкін, бірақ Мо Янь олар жөнінде ешқандай борыштылық көрсетпей, «бұл - тек әдебиеттің жеңісі» дейді.

Төртінші: интернетте көптеген талас-тартыс жөнінде Мо Янь:«жазушы шығармалары арқылы сөйлейді, жазушылардың шығармашылықпен шұғылдануы өз арының меңгеруін де адамдардың тағдыры мен ой-сезімдеріне үңілу, соңында тұжырым шығару үшін болып табылады», - дейді.

Даралық салыстырмасы кеңейіп және оңайланып жатқан бұл заманда, кейбіреулер ақша табу үшін жазса, кейбіреулер бедел табу үшін жазады, кейбіреулер атақ шығару үшін жазса, кейбіреулер Мо Янь секілді адам характерін ашу үшін, қалың қауым үшін жазады.

Бесінші: «Тым тез даму қажетсіз». Адамдардың бай – кедейлігі және арман-тілектері жөнінде сөз болғанда, Мо Янь былай дейді; «біз өз туындыларымыз арқылы адамдарға тым тез дамудың, хайуандар мен өсімдіктер сонша тез жетілудің қажеті жоқ екенін, өйткені хайуандар немесе өсімдіктер тез жетіліп кетсе, дәмнің жақсы болмай қалатынын, қоректік қуатының болмайтынын айтуымыз, көркем туындыларымыз арқылы адамдарға абайлап істеуді, қадірімізді баяуырақ алуды, байыпты болып, бес үлесті қазір істесек, бес үлесті кейінгі ұрпақтарға қалдырып қою керектігін айтуымыз керек». Ауа алмастырғыш жоқ кезде ыстыққа төзе алмайтындар қазіргідей көп емес еді. Электр шырағы жоқ кезде алыстан немесе жақыннан көре алмайтындар қазіргіден аз болатын. Телевизор жоқ кездерде, адамдардың жұмыстан сыртқы тұрмысы да өте мол мазмұнды еді, жол қатынасының қолайлы болуы адамдардың саяхат қуанышын жоқ қылды, телеграфтың зымыран тездігі адамдардың хат-байланыстан алатын ләззатын ығыстырып тастады. Азық-түлік аспа-төктігі адамдардың дәм сезінуін жоғалтты.

Алтыншы: «Мо Янь өрлеуі көтерілуін ұнатпау». Екі рет ақпар жариялау жиыны ашылғаннан кейін, Мо Янь енді ешқандай адамды қабылдамайтынын мәлімдеді. Ол өте кішіпейілдікпен: «Мен Мо Янь өрлеуінің көтерілуін ұнатпаймын, бақытқа қарсы көтеріліп кетсе, мен бұл өрлеудің тезден саябрлап қалуын, ұзақ болғанда бір ай ішінде жұрттың бұл істі тезден ұмытып кетуін тілеймін», - деді.

Адам қанша ұлы болған сайын, ол өзінің ұлылығын айтуды қалайды. Мо Янь, сірә, осындай адам болуы мүмкін.

Төте жазудан аударған: Мұхтар Сержан

 Сурет: wallpapersdesign.net

Е. Жұмабайұлы