Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Бөлке нан

Бөлке нан

Бүгін олардың отасқандарына 30 жыл толып отыр. Бірлескен өмірдің 30 жылдығында әйелі әдеттегідей бөлке нан пісірді. Ол бөлке нанды әр таң сайын пісіріп тұратын. Дәстүрге айналған ертеңгілік үйреншікті көрініс.

Таңғы аста ол жаңа пісіп шыққан бөлкені екі бөлікке бөлді де, әрқайсысына жұқалап май жағып, қай жолғыдай, күйеуіне жоғарғы бөлігін беруге сайланып бара жатыр еді, кенет қолы орта жолда тоқтай қалды...

Сосын былай деп ойлады: "30 жылдықта бөлке нанның қызара піскен бөлігін өзім жеп көрсем қалай болады; ойласам болғаны, ол туралы 30 жыл армандап келіппін ғой. Ақырында, шындап келсек, 30 жыл бойына үлгілі отанасы бола алдым ба, алдым; сүп-сүйкімді балаларды өсірдім бе, өсірдім; осы отыз жыл ішінде адал махаббаты бола алдым ба, алдым; одан қала берді үй шаруашылығын жүргіздім, осының бәріне қаншама күш-жігерімді, денсаулығымды сарп еттім".

Бөлке нанның астыңғы бөлігін беріп жатып, қолдары қалтырап кетті. Бұл өзі үшін 30 жылдық дәстүрдің бұзылғанындай еді. Сонда төменгі бөлігін алып жатқан ері былай деді:

- Бүгін маған баға жетпес, теңдессіз сыйлық жасап отырсың, сүйіктім! 30 жыл бойына бөлкенің өзім жақсы көретін төменгі бөлігін жей алмай келіп едім. Әр жолы саған тиесілі екенін ойлап, әдеттен аспауды ойлайтынмын...

Cурет: vk.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

6257 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 24 маусым 2013, 17:17
Пікірлер
+0
25 маусым 2013, 00:17

Сондай бір жылылық есетін әңгіме екен!

+0
25 маусым 2013, 07:36

Қандай тәрбиелік пен махаббат десеңші

+0
30 маусым 2013, 15:17

осындай жарың болса..........

+0
21 қаңтар 2014, 15:16

неткен махаббат неткен адал жандар шыркын :lol: :lol: :lol: :lol: :evil: :evil: :evil: :evil: :evil: :evil: :evil: :?: :?: :?: :?: :?: :?:

+0
21 қаңтар 2014, 15:21

:evil: :evil: :evil: Бірін бірі соншалықты сыйлағаны ғой, сүйсінііііп отырмын. Рахмет Фараби :evil:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...