Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сын / Тебеген тағдырлы емеген арманның иесі

Тебеген тағдырлы емеген арманның иесі

Тебеген тағдырлы емеген арманның иесі

Бағашар Тұрсынбайұлының жас қаламгерлер, замандас ақындар жайлы жазылған сын мақалалары біраз баспа беттерінде жарық көріп үлгерді. Жақында ғана тағы бір жыр жинағы жарық көрген Ерлан Жүністің жаңа кітабы жайлы мақаласы оқырман назарында. 

Ерлан Жүністің «Киелі түндердің дұғасы» атты жыр жинағын оқыған соң жазған сөз

У. Фолкнер Нобель сыйлығын алғанда ақын мен жазушы атаулы дүниені жырлауға жауапты деп жазды. Және сол үлкен жауапкершілікті көтере отырып, айдалаға лақпай, «жазумен айналысатын жас жігіттер мен қыздар бүгінде адамдардың ішкі дүниесінде болып жататын қақтығыстарды ұмыт қалдырмасын» деп өсиет айтты. Бұл адамның ішкі психологиясы болса керек. Соңғы онжылдықта қазақ поэзиясының есігін имене қағып, табалдырығын ұялып аттаған жастар бүгінде өз стилдерін қалыптастыра бастады. «Киелі түндердің дұғасы» деген мұқабасы жылтыр, ескі парақта жалғыз ағаштың суреті бар шағын кітап алдымда біраз жатып қалды. Кітаптың өзі де бұйығып алып, ішіндегі бар сырын жұртқа айтпай, өзі де дұға жасап жатқандай сезілетін әр көрген сайын. Авторы – Ерлан Жүніс. Тұяғының дүбірі еміс-еміс құлағыма келетін бұл жас ақынның өлеңдерін интернет беттерінен оқығаным болмаса, кітабын қолыма алып көрмеген екем. Несі бар?

«Киелі түндердің дұғасы

Таңдарда айналар қанатты сәлемге !

Менде еді – әлемнің күнәсі,

Ал менің бар күнәм әлемде!», – деп, бастап кеп жібердім. Діни түсінік бойынша, пенденің таң алдында жасаған дұғасына періштелер «әмин» деп тұрады. Алғашқы екі тармақта осыны айтқысы келген шығар. Ал енді, соңғы екі тармақта пенделік мойындау бар. Ерланның дұғасы – осы. Бүгінгі  әлемдегі бар қайшылықты өз бойынан көріп, өзін қоғамнан бөліп алмайды. Керісінше сол қоғамның бел ортасында жүріп, әлемнің бар болмысын өзінен табады. Соны жазады. Ерлан мына қоғамды көктен қарап жазбайды. Шеттен де қарап жазбайды. Дәл соның ортасына отырып алып, жазады. Бұған ақынның соңғы жинағын оқысаңыз, иланасыз. «Қара шаңырақ» деген өлеңіндегі әкенің ықыласына шөлдеген ұлдың назы мен сағынышының зор батпандығын сезе аламыз ба екен? Түсінде әке үйіне бара жатқан жолды ылғи көретін жігіт жоғалған әке Атлантидасын іздейді. Ойлайды. Жырлайды. Ақыры:

«Анлантис – беу, қара шаңырақ,

Өзіңді іздетті тағы сам жамырап.

Тебеген тағдырлы емеген арман-ай,

Бауырымды езбеші маңырап» – деп, ойдан қашады. Қоғамдағы шағын трагедиялар әркімнің басына келе бермейді. Бірақ кез келгеніміздің басымызға түсуі әбден мүмкін. Ерлан осыны түсіндіреді. Және ер азаматтарға өз шаңырақтарын аманаттайды. Алғашқы екі тармағын белгілі деңгейде білімі бар адамдарға ғана түсінікті шығар. Себебі, «Анлантис» дегенді тереңге кеткен тарих жаңғырықтарын сарғайған қағаз беттерінен оқығандар болмаса, біз сияқты қарапайым оқырмандар түсіне бермеуі мүмкін. Ал, соңғы екі тармақтағы кез келген ақын айта алмайтын көркемдік, оқырманды ұмсындырып-ақ тұр. Шелли айтқандай, «шынайы жыр қаншалықты жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайтын» болса, соншалықты шындығының да бетін бүркеп қалмайды. «Гүләнда» кітап дүкенінде»  деген өлеңі де – шынайы жыр. Қалаға келген, жақын ешкімі жоқ жас ақын кітапханадағы ішкі ойы. Ол сөрелердің арасында тұрып, дүкен қожайынымен іштей арбасуда. Қалтасында ақшасы да жоқ. Арасында сөредегі кітап авторларына да мұң шығып қояды. Кейін өзінің де кітабы осылай тұратынын ойлайды. Сүреңсіз қала көшелерінен шаршаған, жастың дерті – жалғыздық.

«Кітаптар сөресі – сұлудың беліндей,

Майысқақ,

Ауыр ғой шалдардың салмағы...

Қолдарым – ибалы келіндей

Ұсынған кесені батырмай бармағын,

Мөп-мөлдір аңсар мен ынтаны ұсына

Сипаймын кітапты:

Әр сөздің демі мен сезінем лүпілін...» деген көркемдік жағынан да қуаты жоғары өлеңді қалайша бағаламайсыз? Ішкі психологияны оның әр түрлі реакциясын ескере отырып, өлеңмен жеткізу үлкен ізденісті, еңбекті қажет ететінін айтпасақ та түсінікті. Бұл жағынан келгенде Ерланның еңбегін айтпай кетсек, қиянат болар еді. «Shoot the moon», «Алматыға – бәрібір» деген өлеңдері де ізденістің нәтижесі. «Қазақ әдебиеті» газетінің қыркүйек айында жарық көрген Ы. Дәбейдің «Сірә, біз кімбіз?» деген мақаласындағы сұрақтарға Ерланның поэзиясы жауап берер еді. Бүгінгі тіршіліктің бейнесі, қоғамның келбеті Ерлан өлеңдерінде көрінеді. Және жай ғана баяндалмайды. Сезім жатады. Әрине, натурализм басым шығар. Дегенмен, өз міндетін жақсы атқарған ақынға натуралистігі үшін айып таға алмаймыз ғой. У. Черчилль «Жазудың рахаты» деген мақаласында шығармашылық адамның еркіндігі туралы айтады. «...Олар кемеліне келген, төрт түлігі сай алып империяның билеушісіне ұқсайды» дейді. Ерланда осы еркіндіктің барлығы қуантады. Ақындық қуаты көңіл тойдырады.   

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әлі күнге «Қан мен терді» түзеп келе жатқанына куәгерміз. Бұл қаламгердің ізденісін, еңбегін, талпынысын сездірсе керек. Жастарға да осындай қайраттылық керек. Бір жазғанымен ақын болып, амандасқанда саусағының ұшы қолыңа әрең ілінетіндердің «классик» болып кеткендеріне таңымды жасыра алмаймын. Бірақ Ерлан Жүніс ол қатарда емес. Жинағындағы «Ромбтары» мен «Диалогтары» жас ақынның ізденісі, эксперименті десек те болады. Бұл – біз оқып жүрген жастардың ішіндегі тұңғыш эксперимент. Мұндай сынақтардың әдебиетте көп болғанын білеміз. Әділ Ботпанов деген жоғалып кеткен ақынның сынақ ретінде бір жолды өлең жазғанын, поэзия әлемінде найзағайдай күркіреп тұрып алған Өтежан Нұрғалиевтің де сан алуан эксперименттерін ағаларымыздың аузынан естиміз. Бірақ біз Ерланның эксперименттерін поэзия деп айтпас едік. Оны ақын құрастырады. Ромб формасында қазақ ешқашан өлең жаза алмайды. Тек құрастыра алуы мүмкін. Ерланның ромбтарында ойлар бар. Бірақ сезім мен сурет жоқ. Бұл жасандылыққа әбден ұрындырады.

Ол –

Ғашық

Ғарышқа –

Тәңір мәні:

Оның жаны –

алысқа

Асық

Жол.

Форма бар. Оқырманға қызық та. Бірақ айтатын ойымыз баяғы. Осындағы «Тәңір мәні» деген жолды түсінбедім. Түсінбедім емес, бұлай айтуға болмайды. Жаратылыстың мәнін айтуға болатын шығар, бірақ Тәңірдің мәнінде біздің  не шаруамыз бар. Қазақы түсінікке, мұсылмандыққа қайшы бұл. Осындай қателіктер мен жасандылыққа ұрындыратын сәтсіз формалардан қашу керек. «Диалогтар» поэзиямызда бар нәрсе. Мұқағалидің «Махаббат диалогін» айтсақ та жеткілікті. Ерланның диалогтары айқын емес. Не айтпағы оқырманға түсініксіз болғаннан кейін оқуға да ауыр. Ақынның өзі ғана түсінетін, өзі ғана күбірлеп оқып жүретін өлеңді өлең деуші ме едік? Қазір бір топ ақындар сол кейіпке түсіп бара жатыр. Оларды тіпті, белгілі бір деңгейде әдеби дайындығы бар адамдарда түсіне алмай жатады. Оқырмандарда да талғам жоқ. Не білім жоқ. Кім түсініксіз болса, сол мықты екен деп ойлайтын болды. Мақсат ол емес қой. Оны біліп алған қулар, одан әрмен түсініксіз жаза бастады. Әдебиетті ойыншыққа айналдыру емес пе бұл? Ерланның «Құпия» деген өлеңін де ізденіс дер ек. Бірақ ол ізденіске қарағанда, ойнап отырып, лаға салған баланың жазуына ұқсайды.

«Кәрі бақт-А бір кісі

С.-үйеніп тұр еменге...

Бақи – Ф.,Ә.-нидің түсі

Жорамалы – Ө.-лең бе?!» дейді. Не түсіндіңіз? Бұл өлеңде Ерлан қазақ поэзиясының әр кезеңінің басында тұрған жиырма тоғыз ақынның есімін аттаған. «Құпия» демей, «Жұмбақ» десе, шешімін табуға тырысатындайсыз. Әйтпесе, Ерланның өзі ғана түсінетінін өлең деп талдай алмаймыз ғой. Дегенмен, ақынның ізденістерін бағалаймыз. Ақынның «Өліара» циклының да сәті шыққанын айта кеткіміз келеді. Бертран Рассел «Мен неге бола ғұмыр кештім?» деген мақаласында махаббатқа қатты берілгенінің үш себебін айта келіп, «дәл соған пара-пар сезіммен мен білім қудым» дейді. Ерланның махаббатқа қаншалықты берілгенін білмейміз, бірақ білімге құштарлығын байқадық. Ерланның өлеңдерін оқып отырып, поэзиялық қуаты мен біліміне тәнті боласыз.

«Киелі түндердің дұғасы» жинағы жалпы алғанда, ішіндегі кей жасандылыққа бой алдырған тұстарын есептемегенде, қазіргі қазақ поэзиясындағы жемісті еңбек. Сайын Мұратбековке жазған мақаласында бір-екі сын айтқан Сағат Әшімбаев: « «Суды шығатын жерінен қаз» дейді ғой қазақ. Бұл ескертулерді Сайынның талантын білгеннен кейін, қорытынды шығарады деп айтып отырмыз» деп аяқтаған екен. Ерлан даусыз ақындығы бар, сезімі бар, ойы бар – талант иесі. Жоғарыда талданған өлеңдері үшін-ақ ақын дер едік. Бірақ, әдебиет болғаннан кейін, жақсысын жақсы, жаманын жаман деп айтуға құқылымыз ғой. Жарасқанның «Өрт болса – әдебиет ішіндеміз, Серт болса – әдебиет күшіндеміз» дейтіні бар еді ғой. Ендеше, біз де «суды шығатын жерінен қаздық» деп ойлаймыз.

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: жеке мұрағаттан

700 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 05 қараша 2012, 11:37
Пікірлер
+0
05 қараша 2012, 12:36

Бәке, керемет жазылған! төселіп қалыпсың. анау бір сөзді дұрыс қолданыңдаршы. "нажағай күркіреп"...анығы нажғай жарқылдап күн күркірейді ғой. ал, Ерлан ағаға, күлік жырыңыздың шабысы үдеп, екпіні қатайсын дгім келді!

+0
05 қараша 2012, 13:40

Қозеке, рахмет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...