Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сын / Сірә, біз кімбіз?..

Сірә, біз кімбіз?..

Сірә, біз кімбіз?..

Бабалар мәнін болжаған дүние – жалғанның өнер атаулыға өзек болмаған кезі жоқ-ты. Әсіресе, әдебиет атты алып дария адамзаттың кермек жасымен бір толып, бір ортайып, өзінің мәңгілік ағысын қалыптастырғалы қашан. Далалар төсінде аспанға бой созған көк мәрмәр тасқа қашалған түркінің шерлі шежіресі немесе «он сан Ноғай бөлген, Ормамбет би өлген күннің» иә болмаса «мына заман қай заманның?..» «шырылдаған сәбидей мазамызды алатыны» – көз жаспен суарылған көркем тілдің кереметі емес дей ме?.. Мұнан кейінгі кестелі сөздегі бейнеміз айтатыны жоқ, онан бетер айқын. Бұл бізге тиесілі тағдыр-талайдың тасқа басылғаны.

Қазіргі әдебиеттің халі қалай? Адам қалай? Үлкен әдебиеттің күнделікті кішкентай детальдарын меңгеру тәсіліміз ше? Кеше қалай едік? «Жазушыларымыз жазатын тақырыпты игере алмай жатыр. Әдебиет айтарын айтып болған» деген пікірлерді жиі еститін болдық. «Неге олайын» әр біреуден сұрап көрмек те болдық. Ақыры шама-шарқымызша жазып көрмекке ниет еттік. Оны-мұны шұқылап отырып, бір сайттың «Әлем әдебиеті» айдарынан ұшырасқан «Тәңір еркесі емеспін» (қытай жазушысының) атты шағын дүние өзіне тарта жөнелді. Кім Құдайдың еркесі дейсің, елжіремеске не шара? Сөзді сосын жалғармыз, сіз де көз жүгіртіңіз...

«Тәңірдің еркесі емеспін, өйткені менде жай ғана келбет, кедей отбасым бар. Қыстың сол түнін мәңгі ұмыта алмаймын, әкем қарындасының үйіне барып, үйге аттап кірісімен маған қуана: «Апайың саған бір себет апельсин беріп жіберді, жеміс жейтін болдың», – деді. Барып себетті ашсам, жол бойы шайқалып, апельсин бұзылып кетіпті. Әкем сілейіп тұрып қалды. Мен сыртқа шығып кетуге ыңғайландым. «Абыржыма, сөзсіз бұзылмағандары болуы керек, әкең саған тауып береді». Әкемнің белі бүкірейіп, мүйізгек басып кеткен қос қолымен себеттегі апельсиндерді қотарыстыра бастады. Үстіндегі пальтосы Ай жарығ­ымен онан бетер сүреңсіз көрінді.

Мен шетте әкемнің себетті аударып-төңкергеніне қарап тұрдым.
Әкем қанша іздесе де бір тәуір апельсин таппады. Күрсініп, тастай суық жерге отыра кетті. Жарлы әкенің мәз-мейрам болып, баласына бір себет жеміс әкел­генде, жемістің түкке жарамай бұзылып кет­кенін көргендегі торыққан көңіл-күйін қиялыңа келтіріп көрші? Әкенің кө­ңілі алып-ұшып, баласына ең бол­ма­ғанда бір тал тәуір апельсин тауып беремін деген ниетін қиялыңа келтірші...

Бұзылып кеткен апельсиннің мүңкі­ген иісінің ішінде жылап жібердім. «Балам, жылама, ертең саған бұзылмағанын сатып алып беремін», –деді әкем мені жұбатып. «Әке, апельсин жегім келмей­ді!», – дедім. Әрине, бұл шын сөзім емес, әкемде ақша жоғын білетінмін.

Ертесі әкем кіп-кішкене екі тал апель­син әкеліп:

«Балам, жей ғой!», – деді маған ұсынып жатып. Мен апельсинді ақырын аршып, жартысын әкеме беріп: « Әке, сіз де же­ңіз», – дедім. Әкем менің мінезімді бі­летін, жарты апельсинді аузына салды. Сол сәтте әкемнің көзінен мөлдіреген жас тамшыларын көрдім.

Осыдан кейін әлгі бір себет апельсин есімнен шықпайды. Әр жолы есіме түскен сайын сүреңсіз Ай сәулесі мен апельсин­нің қышқыл иісі көз жасыммен бірге араласып, тамып тұрғандай сезіледі. Осы оқиғадан соң мен титтей де бойкүйездікке салынуға батылдық ете алмадым. Өйт­кені, өзімнің Тәңірдің еркесі емес екенім­ді, сүреңсіз өмір сапарымда айқара ашыл­ған қақпаның жоқ екенін білдім...».

Бар-жоғы жиырма-отыз жолдан тұ­ратын осы бір шағын дүниені оқып отырып, санаға талай нәрсе оралады. Жапы­раққа тұнған тамшыдай дірілдеген адам­­ның жаны, көк дөненнен жүйрік кө­ңілі. Дөп бассаң сорғалап келіп, со­раң­ды ағызатын – сөз, сиқыр картина. Күн­де­­лікті қарапайым қарым-қатынастың қал­тарысындағы нәзік құбылысты сезі­ну­ден қалып, романтикасы әлсіреген қа­уымға өнердің өлкесі жат, өрісі тар бол­ғасын ба, «жазушыларымыз заманды, жазатын тақырыпты игере алмай жатыр. Әдебиет айтарын айтып болған» дегенді шығар­дық. Ең әуелі, «сәулесі суда дірілдеген» хұсни ғаламның таңы батыстан атып, жерден Мәді шыққан заманды сүрме­генімізді еске алған ләзім еді. Адам жаны – мәңгілік тақырып. Кім, қалай қолын дөп сермегенімен бүгінгі өмір қымбат. Бүгінгі өмір – әдебиет. Ақ­талуымызды күтіп тұрған өнер жоқ. 

Өзіміздің Бейімбет, ойдағы орыстың Чеховы мен Бунины, қырдағы қытайдың Лу Шинь салған картинаға қарасақ болды, тіл бітіп, тіріліп кететін дәуірдің ба­қыты – сұңғыла суреткерлерге кенде бол­­мағандығы емес пе? Өмір сүру тәсілі, қоғам­дық формациялар ауысқанмен тартысқа толы тіршілікті бүгін де өткізіп жатырмыз. Гәп бізді келешектің қалай еске алатынында. Әдебиеттің тағдырын кесіп-пішіп пікір айтып, терең қазып, тепкілеп көмуге асыққан жайымызбен келіп, кеткеніміз ешкімге беймағұлым қалыппен өте шық­сақ та, өмірдің ештеңесі кетпес. Кеңістік пен уақыт тұлғалаған, бедерсіз, бедірейген кейіпке обал. Әйт­песе, жүрек мәңгілік тыныштыққа шомып, адамның әуелгі мекенінде жүр­ген­дей жағдайы қайда? Күніне жүйке сыр беріп, бырт-бырт үзілген тал­шық­та­рын санауға үлгермей де қалмадық па!.. Қай­шылығы күрделенбесе, бәрі шешілген Жәннат жер бетінде жоқ. «Басы сайран, түбі ойран» дүрбелең дүние сол... 

Өткенде дос жігіттің үй алам деп банк­тен алған қарызын қай­таруға әкесінің алпыс-жетпіс жыл жиған табан ет, маң­дай терін сатса да, үлкен соманың маң қара­сын көрмейтінін айтып, кетеуі кеткен тір­шілігіне налығаны Ги де Мопас­санның «Бейшара Мад­ри­дының» халінен ауыр болмаса, жеңіл емес еді. Тағы бірде екі кештің арасында жүргіншілер шұ­бырып жатқан Алма­тының мәлім бір кө­шесінде келе жатып, көзімізде Күн, жүзімізде Ай тұтылды. Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыз­ды­ғын­дағы» мүк басқан қаланың соңғы ты­ныштығы ақырзаманды ұмыт­тырып, нәпсінің қызыл отына күйген азғындары секілді арпалысқан екеу... Буендя әуле­тінің құбыжығы – торай құй­мышақ ба­ланың «ағайындары» енді өзінің ты­ныс-тіршілігін басқа құрлық­тан, басқа елден тапқанын әй­гілеп, Маркестей үлкен суреткерін күткен көңілсіз көше азынап тұрды. Үнсіз бұрылып, ибалы жолаушыдай қылық танытқа­ны­мыз­бен «жол азабын» сейілтер жан жоқ... 

Сұмдығын ішіне бүккен алып қала­ның тоқсан тоғыз томға жүк «тойы» бітсін бе? Таныс кісім еді, жолығып қалдық. «Қолың сынғыр, бақытсыз боп қал!» деп боқтадым дилер қызды», – дейді казино жағалап, құмарға басы кіріп кеткен ағам күйіп-пісіп: «Өзінің қолының сиқыры бар ғой деймін, таратқан картасынан маған бір ұтыс шықсашы». «Қыз ренжімеді ме, аға?» – деп сұрап үлгергенімше: «Рен­жіді. Бірақ «сізден бақыттымын, мен құ­мар ойнамаймын», – деп өзі шыққалы тұрған шыбын жанды шырқыратып кетті», – дейді ағам төмен қарап, үсті-үс­тіне шылымын сорғылап. «Дүние-мүліктің бәрі кетті. Енді бас көтеріп, жұрт қатарлы өмір сүруім қиындау». Үлкен кісінің ұнжыр­ғасы түсіп, көз алдыңда таусылғанын көргеннен артық азап бар ма?.. «Шіркін, жазушы болғанда осы қоғамның картинасын өзім салып берер ем» деп «кіжінген кедейдің күні» құрысын. Кенезесі кепсе Әуезов, Мүсірепов, Әлімқұлов, Нұрма­ғамбетовтермен шөлін қандырып, қазақ болмысының тамырын дәп басқан қаламгерлеріне ана кездің пенделері өкпелемес. Тарихи алмасулар мен то­ғысулардың торабындағы біздің хал басқа. Чарльз Спенсер Чаплин кино­сындағыдай күлкі мен қасіретке толы. Қимыл бар, сөз жоқ. Неге қоғамдық көліктерде Кеңес батырларына жасалған жеңілдіктердің «Желтоқсан» боз­дақ­тарына бұйырмағаны үшін, жүргізушімен жанжалдасқан кем-салиқа келіншек жолда қалады? Неге отарлықтың отымен кіріп, күлімен шыққан ауыр психоло­гиялық дертімізді Мигель Астуриасша «Жүгері адамға» жүктемей, жасқа шылан­ған жүзімізді жұрттан «жасырдық»? Неге атомның азабымен арпалысып, «Мәңгілік бала бейнеден» арылмаған атпал азаматты Кэндзабуро Оэше «Жапон жанына» жақындата алмадық? Неге демін ішіне тартқан алып ғимараттардың суық бөлмелеріндегі бюрократ «бекзаданың» бетпердесін Салтыков-Щедринше сыпырып алмадық?.. Жауабын бір күнде бір жасқа келетін Алпамыс жырындағыдай тарихи сана ерекшеліктеріне тән эмоциямыздан іздеген оң болар. Ол дәуірдің келмеске кеткенін өткен ғасырларда қазақтың қара шалы бағамдап, «ескі бише, бос мақалдамады». Қазақтың әлеуметтік портретін көкірегі қарс айырылып, қағазға төкті. Үлкен сілкініс инерциясы дедектетіп, жеткен жерімізден, келесі сапардың күртікке із тастар ұлы жорығы басталған. 

«...Бұрынғы жарапазан айтатын Төлепберген өліп, Октябрь төңкерісінен кейінгі жарапазан айтатындар:

Қызыл туын сырлатқан,

«Интернационал» жырлатқан,

Ресейге нық орнатқан

Қай кедейдің туы екен?

Ей, жарлы-ау! Ей, жарлы-ау!

…………………………………
Қоғамдас, жалаңаяқ жарлы жазған,

Жасасын жаңа талап, жаңа заман!, – 

деп зулататын болды жаңа заманның жарапазаншылары». Шағын сюжетке құрылған Ілияс Жансүгіровтің бірер беттік «Жарапазанындағы» әлеуметтік ахуал қай дәуірде тұрып парақтасаң да, айқын сурет. Жеті түнде өлген торысының құлағының түбінен кісінеп, есі қалмаған Үкібайдың (Асқар Сүлейменовтың «Қара шалындағы» кейіпкер) «өзіне өріс, қабылан торысына әрі бесік, әрі қабыр болған Қанжуғанды көре алмай», сақалын тарам-тарам жас шайып күрсінгені – Абай, Ілиястардан кейінгі қазақтың халі, шырқырап, үзілерге жеткен жаны. Қо­быздай күңіреніп, жылқыдай жылаған жазмыштың іңірге басын сүйеп, зікір айтқаны бір «Қара шал» емес-тұғын. «Кенезесі кепсе, шөлін басқан қалам­герлері бар еді» дейтінің сол. 

Қауымдық құрылымның жүз жылда жаңалаған қазанына қара шыбындай қаумалаған бүгінгі тіршілігін, күрделі психологиялық көрінісін мейлінше сәтті сомдаған туындылар тым аз. Керісінше, кешегі қоғамдық мінезге оралып соға береміз. Биылға оқыған тәуір шығар­мамыздың бірі Дидахмет Әшімханұлы­ның «Құдайсыздарынан» да осы тенденция байқалады. Қайтыс болған әкесін қып-қызыл партбилетпен «арулаған» ұл үкімі – трагедия. «Ұядан не көрсе, соны алатын» ұрпақ мәселесі. Бұл дүбәра кезеңді Оралханнан бастап, біраз қа­лам­гер көтерді. «Құдайсыздардағы» атасына жасалған «ізет, құрметті» ту сыртынан тамашалаған немеренің (сал­дардың) қандай шешім қабылдайтыны – бүгінгі өмір. Бұрын Құдайға, кейін партияға, енді «сүйенері кім, таңдауы қалай боларын» қалтарысында қалдырған әңгіме біткен тұста өкінішіміз оянды. Сірә, біз кімбіз? Не істеп жүрміз? Қайда барамыз?..

Ырысбек Дәбей

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: proza.ru

1100 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 19 қазан 2012, 15:30
Пікірлер
+0
19 қазан 2012, 15:08

өте әдемі мақала бұл.

+0
09 қаңтар 2013, 18:53

Сыныңыз сын ақ екен. Бірақ, бүгінге көңілі толмау қай бір заманда да болатын қалыпты құбылыс сияқты.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...