Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сатира / Жатақхана немесе студенттік түрме

Жатақхана немесе студенттік түрме

Жатақхана немесе студенттік түрме

Жатақхана, әрине, студенттер үшін құтты мекен. Бірақ мұның да бір шикіліктері бар. Қазіргі таңда «жатақхана» ұғымы «түрме» ұғымының синониміне айналып бара жатқандай. Бір ерекшелігі, түнгі он бірге дейін емін-еркін жүресің, ал одан кейін... тағдырың тоғыз қабатты торуылдап жүрер надзирательдер мен аппақ қағаздың қолында. Түрмеде, бір жаманы, камерадан қашып шығуға талпыныс жасасаң, тағы бір-екі жыл қу тізеңді құшақтап, екі көзің төрт болып, төрт қабырғаға телміресің. Ал, бізде-е-е, бәрі мүлдем өзгеше, камераңнан шықсаң ақ қағазға не үшін шыққаныңды жазсаң болды, бөлмеге барып ұйықтайсың. Айтпақшы, абақтының өзіндік жеңілдіктері бар, үш рет камераңнан шығып тәртіпсіздік жасасаң, сөгіс жарияланып, "бостандыққа" жібереді.

Күнделікті құлақ естіп, көз үйренген  түрмені барлығымыз білеміз. Онда қырдан қашқан, ойдан қашқан қылмыскерлер тұтқындалып, еріксізден қамауға алынады. Студенттік абақтының милициялары болса қылмыскердің соңынан сабылып жүріп, сарғайып уақыт өткізбейді, біз өзіміз барамыз. Бізге студенттік абақтыға түсу өте қиын. Ол үшін тым тәртіпті, қой аузынан шөп, айдаһар аузынан от алмастың өзі болуымыз тиіс. Одан бөлек құжат жинап бір ай ақ тер, көк тер болып, зорға дегенде армандаған түрмеңе кеп қамаласың. Тәртіпке бас иген құл болмас, тәртіпті болсаң алты жыл абақтыда жатасың. Егер оған көнгің келмесе надзирательдің аққұба бетіне шапалағыңның дәмін татқызсаң болғаны, кете бер жөніңе...

Осы бір шығармамды жазып отырып ой түйдім. Түрменің де жақсысы бар екен-ау, тәйірі. Сол себепті қазіргі жастарға айтарым «түрмеге» түсіңдер, адам боласыңдар. 

Ерсін Оспанбек

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет:manshik.wordpress.com

11725 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 03 қаңтар 2013, 16:24
Пікірлер
+0
04 қаңтар 2013, 13:54

Жатақханада тұрып көрмедім, сондықтан бұл жайға бірдеме деу қиын. Бірақ қайсысына барсаңда кіргізбейтін

+0
04 қаңтар 2013, 22:10

Мынау КазГУдың 5-ші жатақханасы ғой!!! Талай ЖУРФАКтың қыздарын сындырып едік! Бірақ, Журфактың қыздары кілең подлеза болатын Шиза комендантқа! Шеттерінен тоқылдақтар болушы еді!!! Сосын жүргіш болатын!!! :P

+0
06 ақпан 2013, 15:19

Көпке топырақ шашудан аулақ болыңыз!!!

+0
08 қаңтар 2013, 13:23

Мара мырза ауыл әйелдерінің әңгімесі ғой мынауыңыз. Білдей бір қара шаңырақтың қыздарына осыншалық сөздерді телу жігіттігіңізге сын емес пе? "Қолы жетпеген мысыққа, еттің бәрі сасық" дегеннің кері,бір кездері журфагымның арулары жылатқан ау аямай :) Аяймын осындай қазақтың жігіттерінің қаңқу қатын өсек айтатындарын.

+0
06 ақпан 2013, 22:21

Бұл өтірік емес!!! Маған сол қыздардың ішінен дені сауын тауып берсеңдер мұрнымды кесіп берейін қыздар! Бұл ауылдың әңгімесі емес бұл шындық! Өтірік бетке күліп жүріп сондай тірліктер істеуден ұялмайсыңдар ма қайта!!!! КаГУда қыздардан кенде болған жоқпын ешқашан! Шизаның құлақтары шетінен!!!

+0
16 ақпан 2013, 15:53

мынау сатира тамаша шыккан екен!

+0
15 қазан 2013, 23:35

тюримшик әдемі жазыпсың!қамауда жатқаныңа біраз жыл болған-ау дейм...Қалдыбала деген капитанға суламай кіруді үйреніпсің, жарайсың

+0
16 желтоқсан 2013, 15:07

Сізді ол "түрмеге" күштеп әкелмейді ғой. Көнбесеңіз пәтер жалдап тұрыңыз. Кез келген жатақхананың өз тәртібі болуы шарт. Ал түрмемен салыстыру орынсыз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...