Тілек тілей білейік!

Тілек тілей білейік!
Фото: vijesti.me

Мен кез келген мерекені атаусыз қалдырмаймын. Су жаңа мерекені де өзімнің көңіл-күйіме орайластырып, жақсылап атап өттім. Жаңа жейде кидім, тәтті тағамдар жедім. Сосын мерекелік дастархан үстінде айтатын тілек ойластырдым. Бір уақытта тойларда айтылып жүретін жаттанды тілек есіме түскенде кеңкілдеп күлмесім бар ма?Көптен бері күлгенім осы екен. Қызық ия, мынадай да тілек бар бізде. 

"Билл Гейтстің байлығын, Президенттің айлығын берсін" дейді. Жәрайды, Биллдің байлығы түсінікті, ал, президенттің айлығы деген не сөз. Айтсаң түсінбейді. Айналайындар-ау, президенттің айлығы айлық емес қой. Олар ваще айлық алмайды ғой. Олар ел үшін, халық үшін тегін жұмыс істейді емес пе? Мен президент айлық алады дегенді "ващщще" елестете алмаймын. Ал, айтайын, көріңдерші елестетіп. 

Елбасымыз отырса ия, қолына Нұр-Банктің карточкасын ұстап... "Бүгін қарашаның жиырма тоғызы болды, бүрсікүні айлық түсіп қалатын шығар" дееееп. Және "тұңғыш президент күніне премя бере ме екен-ей" деп ойлап қойса ия, арасында. Сосын бірі күні телахранителдерімен "Халық банктің" банкоматына барса ия. Карточкасын салып жіберіп 5865 деп пин-код теріп, "алуға болатын сома" дегенді басып қалса. Ол жерден бәленбай мың сегіз жүз елу теңге деп алуға болатын сомасы шықса. Сосын ол кісі қазірше деп 80 мың теңге алса. Макс құсап 10 мың теңгесін басқа қалтасына салып қойса... Сосын үйіне апарып "бұл айда түгенше түсіпті" деп апама берсе... Бірақ, ол ақшаны қайда жұмсайды? Квартплата төлемейді, қыстық киім алмайды.

Сондықтан президенттің айлығы деген тілек дұрыс емес екен. Сосын бала-шағама: 
"Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын, 
Төбемізде түзу ұшқан түтін болсын,
Қара басымызға ханға лайық күтім болсын, әмин" деп бата бердім. 

Ал, Абока: "Папа, президенттің заттарын бір сөзбен рәміздер деп айтуға болады екен" дейді.

Бейбіт Сарыбай

Г. Берік