Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сатира / Абай музейіндегі комедия

Абай музейіндегі комедия

Абай музейіндегі комедия

Массагет ұжымы назарларыңызға жас сатирик Олжас Қасымның бір сатирасын ұсынып отыр. Күнделікті өмірде болатын сәттің қаншама күлкіге сеп болғанын әрі әжуа болып отырғанын бағамдай аласыз. Езуіңізге бір күлкінің оралары анық. 

Абай музейіндегі комедия

Неге екенін қайдам, бір шаруамен бір қалаға (қаланы айтпай-ақ қояйын, трайбализммен ауыратындар өкпелеп жүрер) барғанымыз еске түсіп отыр. Көптеген қолына қалам ұстаған жігіттер қонақүйге түстік. Үйге жайғасып, орнығып алған соң шаһардың көшесін аралауға шықтық. Әп бәлем, ең әуелі рухани орындарға барғанды жөн деп шештік. Санамызды «Ол орындарға қалай барамыз?» деген сауал жаулап алған. Сөйтіп көше бойлап келе жатып, қазақтың үлкен қариясын жолықтырдық. Ол жақын маңда Абай мұражайы бар деді.

Бәріміз жапа-тармағай мұражайды бетке алдық. Келдік. Ақ маңдайлы, ақ балтырлы, жемпірлі, әдемі емес әдеміше келген бұрымы қысқа бұрымды қыз «Қош келдіңіздер» деп ішке кіруімізді өтінді. Осылайша ішке беттедік. Мұражайдың жан-жағына көз тоқтатып жүрміз. Мен Семейдегі, Жидебайдағы Абай мұражайын көргендіктен бе онша таңырқап, таңдана қойған жоқпын. Әлгі бойжеткен бір жөткірініп алды да Абайдың тұтынған заттарын таныстыра бастады.

Әуелі төрдегі шапанды, тақияны, тонды нұсқап «Міне, бұл сырт киімдерді Абай бабамыз қатты тоңған кезде киген» - деп бір тоқтады да, оның арғы жағында тұрған кожаное куртканы көрсетіп «бұл куртканы бабамыз Әйгерімге барғанда киген екен» - деп таныстыруын ары қарай жалғастырды. Мен оның сөзіне сенбестігімді білдірем деп оқталып едім, жанымда тұрған досым тоқтатты. Бұрымды келесі бөлмеге өтіп Абайдың қалам ұстаған кезде отыратын үстелін қолымен нұсқап, «Бұл үстелде Дана Абай отырып, 45 қарасөз жазған» - деп бізге көзінің астымен бір қарап қойды. Жер үстелдің бір шетінде DVD тұр екен. Оны кімнің, қандай мақсатпен әкеп қойғанын білмедік. Сол кезде ішіміздегі қуақы тілді Бөкебай деген әріптесім «Ана DVD-ны да бабамыз қолданған ба?» деп сауалды төтесінен қойды. Қыз сәл абыржып, бөгелгендей болды да «Иә, Абай дана көңілі құлазып, бірауық шаршаңқырағанда осы құралды қосып, тыңдаған екен. Бүгінде бұл құрал кеңінен қолданылады»  - деді аспай-саспай. Бізде үн жоқ, көмекейге түйдектеліп ащы сөз келеді. Бірақ, айтуға болмайды. Айтсақ, ана бойжеткеннің абыройы айрандай төгілгелі тұр. Қойшы әйтеуір, таныстырушы қызымыз Абай тұтынбаған заттарды тұтынды деп, ол ұстамаған дүниелерді ұстады деп аңыздан ақиқат құрады. Ақыры біздің де мұражайдан тезірек сыртқа беттегіміз келді. Межелі сәттерден соң сыртқа шықтық.

Түйін: Сөйтсек, Мұражай қызметкері жұмыс бабымен бір жерге кетіп, оның орнына әлгі бойжеткен бір күнге келген екен. Ол біз секілді білгіш қонақтардың келгенін сезбесе керек. Ол оқиғаға да үш жылдың жүзі болыпты. Абай киген куртканы ұстап мен Абай тыңдаған DVD – ді тыңдағым келіп жүр.

Сурет: virtualrm.spb.ru

2198 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 маусым 2012, 20:15
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 21:19

оспанханды оқып отырсаң, өзі өмір сүрген қоғамды ғана айта салған. Бөтен ештеме жоқ. Сатриктерге де тақырыпты алыстан іздеудің қажеті шамалы. Айналаға бажайлай қарап ап, сүйкемей, сілтеу керек. Олжас, қалам ұшталсын!Қанат қатайсын.

+0
08 маусым 2012, 23:03

мықты...нағыз келеке...

+0
09 маусым 2012, 00:06

меніңше, сатира деуге келмейтін сияқты :roll: Олжеке ренжімесін )

+0
09 маусым 2012, 00:25

Осыны маған кім айтып еді десем, Олжас екен ғой. дивидиді шынымен мұндай деген адам бар дегенге сене алмай жүрмін, шынымды айтсам.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...