Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Кім төлейді?

Кім төлейді?

Қоғамның қазіргі бетпердесін айпарадай ашып салған бұл әңгімені бір қытай сайытынан кездестірдім. Оқырманға түсінікті болу үшін адам аттары мен кейбір орындарға аздап өзгеріс енгіздім. Дегенмен, мазмұны өзгере қойған жоқ деп ойлаймын.  Бұған бола өзім білмейтін автор өкпелей қоймас.

Кластастар басқосуы деп әлдекім телефон шалып шақыра қалды. Оларды көрмегелі де оншақты жыл өтіпті-ау. Оқу бітірген соң көп санды кластастарымның тасы өрге домалай бастады. Ешбір таныс-тамырым болмағасын мен бір зауытта жұмыс жасап жүрдім. Әйелім мектепте мардымсыз жалақымен сабақ береді. Екеуміз әр айда тапқан аз ғана ақшамен отбасымызды асырап келеміз. Бас қосуға бару ойымда жоқ еді. Бірақ, бала күнгі достардың көңілін қимадым.

Әйелім ұлымның сабақтарына қолғабыс етіп жүр. Бұл қаладағы деңгейі жоғары орта мектепте ақша төлеп оқытуға жағдаймыз белгілі. Алайда бастауышты жақсы нәтижемен аяқтаса, үкімет қаржысымен жақсы мектепте оқуға орай бар еді.

Бас алмай сабақ қарап отырған балама мейірлене қарап қойып, үйден шықтым. Бас қосу осындағы ең ірі «Салтанат» қонақсарайының оңаша бөлмесінде өтеді екен. Мен кірген кезде кластастарым жиналып қалыпты. Дастарқан қыза бастады. Көбі бастық болып алған. Тіпті класта ең нашар оқитын Балтабек те білдей бір соттың бастығы. Бір-бірінің мақтауын асырып, шалқып отырды. Үстелдегі тағамдарға қарап, өз тұрмысымды ойладым. Мына аста-төк дастарқан әйелім екеуміздің үш айлық еңбекақымызбен бірдей. Балтабек мына дастарқанды өзі жайып отырғандай жік-жапар болып, қонақтарға шарап құйып жүр. «Дастарқанды өзім жайып отырмын. Бүгін мен қонақ етейін. Ақшасын өзім төлеймін» дейді кеудесін қағып. Бастық болған қандай жақсы. Қыран-топан дарақы күлкі, сыңғырлап, босап жатқан қымбат бағалы арақ бөтелкелері...

Қонақтар араққа да, тамаққа да әбден тойындық. Уақыт та біразға барды. Қонақасы да аяқталды. Бірақ ақшасын шынымен де кім төлейді?

Сол сәтте Балтабек телефонын алып, әлдекімге қоңырау шалып жатты «Ало, бүгін жезөкшелік орындарда суық жүріспен ұсталғандар болды ма? Жарайды! Жарайды! Біреуін «Салтанатқа» жібер! Мұнда келіп қонақасының ақшасын төлеп кетсін!» деді де жаба салды. Отырғандар дүрліге күлдік. Аздан соң орта жастардағы бір жігіт келді. Дастарқанның есеп шығынын көріп, өңі бозарып кетті. Ол да телефонын алып әлдекімге қоңырау шалып:«Мен мектеп директорымын. Балаңды жоғары орта мектепке ауыстырамын десең, дереу ақша тауып келіп, менің дастарқан жайған есебімді жауып кет!» деді...

Жарты сағат өтер-өтпестен біз отырған бөлменің есігі қағылды. Есік алдынан арық, биік бойлы, көзілдірік киген әйелімді көріп, талып қала жаздадым...

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

821 0
Рейтинг: +12

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 12 ақпан 2013, 19:33
Пікірлер
+0
12 ақпан 2013, 19:19

сұмдық екен. шынымен де, кім төлейді?

+0
12 ақпан 2013, 19:31

о тоба!

+0
12 ақпан 2013, 19:36

масқара екен :shock:

+0
12 ақпан 2013, 20:48

Bazar zhok !!!!!!!!

+0
12 ақпан 2013, 20:48

.........

+0
12 ақпан 2013, 20:49

кім төлейді?
байдың малын ақыры құл төлейді..

+0
12 ақпан 2013, 21:39

масқара ғой

+0
13 ақпан 2013, 00:32

өте шеберлікпен қиюластырылған сюжет.

+0
13 ақпан 2013, 00:33

tamasha shygarma

+0
13 ақпан 2013, 00:57

айран ішкен құтылады түбін жалаған тұтылады дегендей болды ғо

+0
13 ақпан 2013, 09:59

ащы екен..

+0
06 наурыз 2013, 15:23

ендй сонмен ким? тойлейдй :lol: :lol: :lol:

+0
23 сәуір 2013, 14:24

Біз төлейді екенбіз ғой. Қара халық.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...