Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Алғашқы қар

Алғашқы қар

Оқырман назарына Арман Әлменбеттің "Алғашқы қар" атты шығармасын ұсынып отырмыз. Проза "шегініп" барады дейтіндердің көңіліне өзгеге ұқсамай, өз қолтаңбасын қалдырып жүрген жас жазушының туындылары медеу болары ақиқат. Бұл пікірге саналы жазармандар ренжи қоймас. Қайта күннен-күнге ішкі қуаты толысып келе жатқан жас жазушының әңгімелерін іздей жүріп оқыңыз!..

I

Біздің ауылда алғашқы қар қашанда тосыннан жауады. 8 сыныпта оқып жүрген кезім. Отын әкеле жатқанбыз. Айнала аппақ болды да кетті. Газ-53дің рөлінде отырған 81-дегі Әлихан: "А-а-ал, қыс келді" деген маған жымия қарап. Менде жымиятын шама жоқ. Қазір мына ағаштың бәрін қалай түсіреміз деп ойлап отырмын. Өйткені саларда Әлихан жалғыз өзі салды деуге болады. Менің ілмиген арық кезім, бөренелердің астында қалып қоя жаздап, аяққа оратылып жүргем де қойғам. Сол кезде достарым, әкем қайда жүр екен? Есімде жоқ. Есімде қалғаны, келе жатқанда айналаны аппақ қылып алғашқы қар жауып кеткені ғана...

II

Былтыр алғашқы қар жауғанда ауылда болған жоқпын. Қар қалыңдап, қыс әбден орныққан кезде бардым. Ел соғымдарын сойған, бірін-бірі шекеге шақырысып жатқан шақ екен. Көрші-көлемнің барлығы дерлік бұл салтты атқарып тастапты. Тек бір үй ғана... Түменбектің үйі. Жылда солай. Ол үй шақырады деп ешкім күтпейді де. Өйткені Түменбектің өзі кемтар адам. Көзі көрмейді, жасы біразға келіп қалған. Аздап арақ ішетіні бар... Әйелі ешкіммен араласпайтын, томаға-тұйық адам. Тек үйінің жанынан өтіп бара жатқанда ғана балаларына ұрысып жатқан ащы айқайын еститін едік. Ал балалары... Үлкен қызы күйеуге шыққан деседі. Ақылы кемдеу болатын. Одан кейінгі ұлы – Дидар. 7 сыныптан кейін оқудан шығып кеткен. Үйінің шаруасын істеп, өзінен әлдеқайда кіші балалармен ойнап жүреді. Одан кейінгі баласының атын білмеймін. Жасын да шамаламаппын. Әйтеуір, жаздың күндері күннің көзіне шығарып қойғанда ғана көретінбіз. Мүгедектерге арналған арбада отырады. Енді ойлап отырсам, сол бала ұл ма еді, қыз ба еді, мен оны да білмейді екенмін...

Ауылға барғандағы әдетім бойынша түс әлетінде оянып, сүйретіліп далаға шыққам. Аппақ қар көзді қарықтырып, аштырар емес. Көрші үйдің қорасының артынан біреу атпен шыға келе жатты.

-          Қалайсың, Арман?

«Бұл кім», – деп ойладым тани алмай, – «Осыларды келген сайын танымай қаламын». 3-4 айдың ішінде осыншама өсіп кеткен қайсы екен...

-          Ә-ә, Дидар, жағдай қалай?

Мен бұл сөзді айтқанша, Дидар тізгінін тартпастан жанымнан өте шыққан. Шанаға арқан жалғап, санына орай, тақымына басып алыпты. Шанада «престелген» шөп. «Е-е-е, қыс басталмай жатып, шөптері біткен екен ғой» деп ойлап едім ішімнен.

III

Алматының күзі биыл созылып кетті. Күз болғанда, жауын-шашынсыз, қоңыр күз. Жапырақтар судырап жерде әлі жатыр, құп-құрғақ болып. Күн барған сайын суытып келеді. Таудың басындағы ақ та бірте-бірте көлем алып келе жатқандай.

Біздің үй көмір-ағашты әлі түсірмеп еді. Енді ертерек қамданса екен... Менен келер пайда жоқ, мына жақта қалалық жылу жүйесінің қосылуын күтіп, өз бетіммен жатқан адаммын. «Әкей бар ғой, реттейді ғой» деп өзімді жұбатып қоямын.

Көршілердің бәрі де қысқа дайын шығар. Олар ондайға ерте қамданушы еді ғой. Тек бір үй... Түменбектің үйі. Бірақ ол үйде биыл от жағылмауы да мүмкін. Өйткені былтыр көктемде Түменбек мас болып отырып от жаққан екен, түнде түтін ішке соғып, иіс тиіп қалыпты. Әйелі қаладағы қызына кеткен екен. Екі күннен кейін келсе, күйеуі мен екі баласы түнгі ұйқыға бас қойған күйлерінде жатқан көрінеді. О дүниеге қалай аттанғандарын да білмей қалған.

IV

Әкем хабарласты. Ауылда алғашқы қар жауыпты. Ылғи осылай күтпеген уақытта жауады...

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: жеке мұрағаттан

6021 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 19 қазан 2012, 16:43
Пікірлер
+0
19 қазан 2012, 16:19

Алғашқы қар дегенде стереотип қой, аппақ әлем елестеуші еді... Аппақ әлемнің қара жолағы... Әңгіме ұнады.

+0
19 қазан 2012, 16:54

уақытан ұттың ,Ареке, жақсы шығарма. ұнады. жаза түс!

+0
19 қазан 2012, 16:55

Маған да ұнады. Сезіп едім соңында аянышты болып бітерін... Алғашқы қар - барлық үйге тек қуаныш сыйласа екен!

+0
19 қазан 2012, 17:29

Әсерлі әңгіме екен...

+0
19 қазан 2012, 17:49

Қолына қалам ұстап, бүгінде әдебиеттің табалдырығын аттауға оқталып, есігінен ұяла сығалап жүрген жастадың ішінде дарындысы бар, талаптысы бар, талғам талабы жоғарысы мен талғамсызы бар. Менің түсінгенім кім қанша жазса да жаны таза емес, әрине жанына үңіліп көрген адамымыз жоқ,күнделікті тіршілігінде де ардан аттап кететін адам қаламгер бола алмайды екен. ол жазады, жазғны да сондай таза емесболады. Арман досыма, өміріне де, қаламына да тазалық тілеймін!

+0
19 қазан 2012, 18:13

бала күннің ең әдемі естеліктері еске түсе кеткені...Қағазыңыз жұқармасын, қаламыңыз мұқалмасын!

+0
19 қазан 2012, 21:07

Көңілге қонды!

+0
22 қазан 2012, 17:28

керемет, тын дүние

+0
22 қазан 2012, 17:55

Қасырет екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...