Ешқашан берілмеуді үйрететін 9 кітап

Ешқашан берілмеуді үйрететін 9 кітап
Фото: www.ehowenespanol.com

Дөңгеленген дүние болғаннан соң сол дүниенің бір қалыпта тұрмайтыны белгілі. Кейде бүкіл әлемнің бар ауыр жүгі сіздің иығыңызда тұрғандай өзіңізді ауыр сезініп, бәріне қолыңызды бір сілтеп, күресуді доғарғыңыз келеді. Мұндай сәтте ең бастысы - сынып кетпеу. Құласаңыз да қайтадан тұрып, ары қарай қадам басу қажет.

Біз сіздерге осындай сәттерде жігерлендіретін бірнеше шығармаларды жинастырдық. Олар сізге үміт сыйлап, ешқашан оңай беріле салуға болмайтынын есіңізге салады. Өйткені, қараңғы түннен соң жарық таңның ататынын ұмытпағанымыз жөн.

Джоди Пиколт – «Әпкесі үшін туған періште»
Аннаның бар болғаны 13 жаста болғанына қарамастан өзіне есепсіз көп ота жасатты. Оның дені сап-сау, алайда әпкесі лейкемия деген ауыр дертке шалдыққан және ата-анасы оны құтқару үшін бәріне дайын. Шындығында Анна өмірге әпкесін ажалдан арашалауға келгендей. Аннаның өмірі күрделенген сайын оның Кейтпен байланысы ашыла түседі. Анна бәріміз үшін күрделі боп көрінген үлкен қадамға баруға шешім қабылдайды.

Эрих Мария Ремарк – «Өмір ұшқыны»
Германия. Сұм соғыстың аяқталған шағы. Жабық режимдегі лагерь. Бостандығынан, махаббатынан айырылған, үмітін үзген адамдар. Бірақ оларды бір-бірінің жанында ешкім сындыра алмақ емес. Ештеңесі қалмаса да, бұл – өмірдің жай ғана кішкене бір ұшқыны екенін түйсінген жандарды ешкім өшіре алмайды. Қара түнекте ғұмыр кешіп, тіпті өлім аузында жатса да олар бір-біріне күлкі сыйлай алатын, күш-жігер беретін мықты адамдар.

Айн Рэнд – «Қайнар»
Бұл кітап соңғы онжылдықта әлемдік бестселлерлер тізімінде алдыңғы орында. Романның басты қаһарманы – Говард Рок өзінің шығармашылығы үшін қоғаммен күрес жүргізеді. Айналасындағы артта қалған қауым оны қарапайым әрекетке баруға мәжбүрлейді. Ол жалғыз адам әлемді өзгерте алатынын дәлелдеп шығады.

Кадзуо Игисуро – «Босатпа мені»
Шығарманың заманауи тұспалы, фантастикалық тарихы, реалистік желісі, автор ойы, бәрі-бәрі сізді бірден өзіне баурап алады. Адамдар кімнің болсын өздеріне белгілі қайғылы тағдырын алдын ала болжап отырады. Олар не үшін өмір сүріп, не үшін өлетітін біледі. Бұл – қайырымдылық пен рақымсыздықтың, қаталдықтың өткір тарихын баян етеді.

Джек Лондон – «Мартин Иден»
«Мартин Иден» – Джек Лондонның автобиографиялық романы. Шығармадағы бас кейіпкердің ұраны – «мықтылар аман қалады». Дөрекі, добал, бірақ сондай күшті, мақсатына ұмтылған жас жігіт әйелге деген махаббаты үшін биікке ұмсынып, оқымаған қарапайым теңізші болып жүріп, жазушы боп шығады. Бірақ ол баянсыз табысқа жасырылған нәрсеге дайын ба, жоқ па, оны шығарманы оқып біліп аласыз.

Джоджо Мойес «1+1»
Бұл жан дүниеңізге ерекше әсер сыйлайтын шағын ғана шығармада ешқандай құбыжықтар, ғаламдық мәселелер, насихат, пафосқа толы дүниелер атымен жоқ. Тек қана күнделікті қарапайым, қызықты, күрделі, бір сөзбен айтқанда қалай бар – солай жалғасып жатқан тіршілік суреттеледі. Кішкене жайсыздыққа тап болсақ та, бәрімізге күресуге тура келеді. Джоджо Мойес үлкен дүниелер кішкентай нәрседен басталатынын үйретеді.

Джон Грин – «Кінәлі – жұлдыздар»
Ауыр науқастан жапа шеккен жасөспірімдер берілуге болмайтынын іштей ұғады. Бұл екеуі әуел бастан – тынымсыз, бүлікшіл, махаббат пен жек көрушілікке бірдей дайын жасөспірімдер. Хейзел мен Огастус тағдырмен бетпе-бет қалады. Оларды кәдімгі қызғаныш, кек пен түсініспеушілік секілді өлім де қорқыта алмайды. Олар – қазір бірге. Екеуін алда не күтуі мүмкін?

Ирвинг Стоун – «Өмірді аңсау»
Ирвинг Стоун жазған бұл туынды әйгілі суретші Винсент Ван Гогтың тірі һәм ашық өмірі жайлы. Дарын – бұл құдайдан берілген сый ғана емес, қорқынышты қарғыс. Талантты адам енжар әлемде кездесетін түрлі қиындықтарға қарамай, өзінің ұлы ойларын жүзеге асыру үшін тек өз соқпағын іздеп қана қоймай, кереметтілік пен қажырлық көрсету, батылдық танытуы қажет. 

Василий Гроссман – «Өмір және тағдыр» 
Бұл – бірінші бетінен соңғы бетіне дейін ХХ ғасырдағы соғыс және әлем туралы шебер жазылған шығарма. Соғыстың небір жан түршігерлік оқиғалары сізді бір секунд назарынан тыс қалдырмайды. Сонсоң ол сізге өзіңіз секілді жандардың қаншалықты нағыз мықты адам екенін көрсетеді. Мұндай ұрыс кезінде адамдар бір-біріне жәрдем береді, бірін-бірі жақсы көреді, армандайды, үміт етеді және ең ақыр аяғы болашақ үшін күреседі.

Ж. Жұмағұлов