Әлемдегі ең үздік кітап

Әлемдегі ең үздік кітап
Фото: www.huffingtonpost.com

Әлемдегі ең үздік романдардың көшін бастап тұрған «Дон Кихот» туындысы жөнінде қызықты фактілер көп. Ал авторы Мигель Сервантес жөнінде көп ақпарат сақталмаған. Шамамен 1547 жылы 9 қазанда дүниеге келген. Туған күніне орай испан жазушысының атағы жер жарған туындысы жөнінде ең қызықты деректермен таныс етейік.

Сервантестің «Дон Кихот» романы Мадридте 1605 жылы сатылымға түсті. Жұрт оны жаппай сатып алып, роман бірден танымалдыққа ие болды.

Жиырмасыншы жылдардың ортасында ағылшынның беделді басылымы «Бүгінгі Ұлыбритания» сол замандағы 40 үздік шығарманы анықтау мақсатында халық арасында анкета жүргізеді. Рейтингте бірінші орында «Дон Кихот» тұрады, Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы одан кейінгі орынды иеленеді.

Роман негізінен рыцарлық романтиканы дәріптейтін шығармаға пародия ретінде жазылған. Ал Дон Кихот кейпі келемеждеу үшін туған. Бірақ, Ницшенің пікірінше, бұл туынды бүкіл адамзат тарихындағы ең ащы шығарма.

Испан батырлары Дон Кихот пен Санчоның құрметіне ескерткіш те қойылған.

Бірде Испания королі Филипп III балконда демалып тұрғанда есік алдында қолында кітабы бар, ішек сілесі қата күліп отырған студент жігітті көреді. Оған қарап бірден жігіттің психикасы дұрыс емес не Мигель Сервантес романын оқып отыр деп ойлайды. Артынша жас жігіттің «Дон Кихот» романын оқып отырғанын анықтайды. 

Бұл өлмес туынды таралымы жөнінен әлемдік масштабта Библиядан кейінгі екінші орынды алады. Еуропа тілдерінің барлығына дерлік аударылған.

@. @assel_assanova