Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Арман Әлменбет (әңгіме)

Арман Әлменбет (әңгіме)

   Арман Әлменбет (әңгіме)

Аңшы

(әңгіме)

Әбдірәш сиырын таудың шетіндегі шыңнан әрі айдап тастап, үйіне қайтып келе жатқан. Күн ұясынан әлі көтеріле қоймаған. Күншығыс бет өртте қалғандай алқызыл тартып тұр. Алыстан байқалмап еді, жақындағанда көрді: Әбдірәштің қорасының артында тұратын көршісі Сәрсенғалидің үйінің алдына бес-алты адам жүр. Шешелеріне көмектесіп, бұзау тартуға шыққан балалардың да біразы жиналып қапты. У-шу.

Сөйтсе ауылға түлкі кіріп кеткен екен! Сәрсенғалидың әйелі сиыр саууға шықса алдынан зу ете қапты. Екі үйдің қораларының арасы жақын еді. Арасындағы қуыстың екі жағы да ағаш қоршаумен жабылған. Жаздың күні қой қамайтын орын. Қой шартақ деп атайды. Қазір қой жайылып кеткен. Түлкі сол бос шартаққа кіріп кетіпті. Бір қызығы қаптаған иттің шәуілдегені болмаса, тап бергені болмаған. Қасқыр түгілі түлкіге шабатын ит жоқ боп шықты ауылда.

Әбдірәш үйіне қарай тұра жүгірді. Осы жерде айта кету керек, Әбдірәш – төңірекке танымал аңшы еді. Әрі мерген. Бір кездері Арқада киік өріп жүрген кезде қысы-жазы дәурен сүргендердің бірі. Аңды азық үшін емес, әуес үшін атар еді. Мергендігі де сол кезде танылған-тұғын. Ал қазір… Қазір киік жоқ. Бейшара жануарлар осыдан он бес жыл бұрын сыбағаларына айналған ажалдан құтылу үшін  аңшысы көп Арқадан адамы да, аңшысы да аз Маңғыстау үстіртіне қарай үдере көшіп кеткен. Бірі де қалмай. Содан бері Әбдірәш қыстың күндері, сонарларда болмаса аңға шыға қоймайтын болған. Жазда аң ауылдан алыстап кетеді. Кездестіру қиын.

Ал бүгін сол іздегенде таптырмайтын аң Әбдірәштің қорасына өзі кеп кіріп отырған жоқ па? Аңсырап жүрген аңшыға бұдан артық не керек? Мылтығын оқтап алып, қораны айнала жүгіре жөнелді. Табанына  киіз байлап алғандай. Тырсылы естілмейді. «Қап, әлгі шулап жүргендерді қуып жібермеген екем. Әйтеуір ешқайсысы көрген жоқ. Әйтпесе улап-шулап артымнан келер ма еді,» – деп ойлап қояды. Жарайды, көзіне бір көрінсе болды, жалпасына түсіреді ғой.

Әбдірәш ашық тұрған шартақтың есігінен кірді де, қаланып жиналған қидың тасасына тығылды. Қи арасынан сығалап қарап еді, сап-сары таудың түлкісі дымын білдірмей адамдардың дыбысы шыққан жаққа, яғни Әбдірәш тығылған қи жаққа қарап тұр екен. Былтыр туған күшік болуы керек. Балалықпен келген шығар.

Мылтығын ақырын қидың шетінен шығарды да, түлкіге кезей… Кезене берді де айқай сап атып шықты:

- Әй, сорлы! Өй, адам өлтіре алмай жүрсің бе?

Жаңа Әбекең қосауызымен бер жақтан шыққанда қораның арғы шетінде мылтығын кезеніп тағы бір аңшы келген. Ол – Әбдірәштің көршісі Сәрсенғали еді. Әбдірәш оны мылтықтың ұңғысын аңға қарата бергенде бір-ақ көрді.  Атайын деп, атса түлкінің, одан беріде өзі тығылып отырған қидың да күл-паршасын шығарғалы тұр екен. Әйтеуір үлгерді.

Түлкі де үлгерді. Бағанадан бері қашарға саңылау таба алмай жүрген тағы тура Сәрсенғалиға қарай тұра жүгірген. Егер Сәрсенғали айқайлағанда Әбдірәшқа қарай жүгірер еді. Онда Әбекең ұрып-ақ алар еді. Сәрсенғали қарады да тұрды. Енді қайтсін. Тура, атайын деп тұрғанда алдынан адам атып шықса. Оның үстіне басқа емес – ауылға шатақ мінезімен аты шыққан Әбдірәш.

Түлкі жанын сала жүгіріп келді де қоршаудың болмашы тесігінен, ағашын тарс еткізіп сындырып өтіп кетті. Ізінше биіктігі кісі бойынан сәл төмен болатын ағаш қоршаудан Әбдірәш та секірген. Сәрсенғали сол жерде қалды.

Әбдірәш түлкіні тұра қуды. Үйлердің арасына қарай қашса жібермеспін деп ойлап еді. Бірақ түлкі қораны айналды да келген жағымен, төтеге сап, ауыл шетіне, адамдар жиналып тұрған жаққа қарай қашты. Өмірінде аң көрмеген жұрт қашып келе жатқан аңнан қашсын. Әбдірәш ауылдың шетіне ілінгенше қарасын үзіп кетті. Оғы жетпесін білсе де ызаланып, екі оғын да түлкіге кезеніп тұрып атып жіберді.

- «Үй, атаңа…». Жылап жіберуге шақ тұр. Кенет есіне Сәрсенғали түсті. Оқыс бұрылды да аңшыға тән ықшамдықпен тұра жүгірді. Қазір барады да ауылда аңшының кім, қолынан түк кемейтін жаманның кім екенін көрсетеді.

Келсе қорасының жанына жиналған ауыл адамдарының қарасы едәуір көбейіп қапты. Ешқайсына қараған жоқ. Арасынан Сәрсенғалиді тауып алды да: «Әй, сорлы! Өле алмай жүрсің бе, өлтіре алмай жүрсің бе? Тұқымыңда аңшы жоқ, қайдан шықтың…» – деп жағасына жармаса кетті. Жастары арашалап, үлкендері екеуіне де ұрысқан болып, жұрт абыр-сабыр болды. Сәрсенғали ұялғанынан алтын тістерін көрсетіп жымия береді:

- Кешіріңіз, Әбеке. Білмей қалдым, білмей қалдым.

Ұялатын реті бар. Әбдірәшті атып тастай жаздағанын былай қойғанда, жанынан өте шыққан түлкіні жіберіп қойды. Тіпті, ұстауға ұмтылған да жоқ. Тұқымында аңшы жоқ екені тағы рас. Оның үстіне Әбдірәштің жасы үлкен.

- Өй соқыр…

- Көрмей қалдым, көрмей қалдым.

Араша сүт пісірім уақытқа созылып, ақыры әлдекім ебін тауып, Әбдірәшті үйіне алып кетті.  Өз үйінде қалса көршісімен тағы төбелесіп жүрер деген.

Ол жақтан үйіне түсте бір-ақ қайтты. Әдейі Сәрсенғали жұмысқа кеткен соң келген. Таңертең бәйбішесіне ұстатып жіберген мылтығын алып сүрте бастады. Талай аң осы мылтықтың ұшына өздері кеп ілініп еді. Бүгін де сөйтті ғой. Көрмейсің бе, не болғанын.

Сәрсенғалиға деген ашуы басылған сияқты. Бірақ аңшыға тән асау көңіл тыныш табар түрі жоқ. Таңертең түлкіні көрген бетте көз алдына қалай тыраң еткізетіні елестеп кеткен. Қарашы, әлгі неменің не істегенін. Ендігісі терісін сыпырып отырар еді.

«Болмайды» – деп ойлады Әбдірәш – «Таяу күндері тау кезіп қайту керек. Бірдеңе ілінер. Шіркін, көлік тауып, Ұлытаудың батыс жағынан кеп кірсе. Ол жақта он бес шақырымдай жерде Сарлық ауылы бар демесең – ел жоқ. Иен. Аң біткеннің ойнағы. Бірақ әзір шығуға болмайды. Бүгінгідей сәтсіздіктен кейін біразға дейін жол бола қоймас».

Осындай ойлармен бесінге дейін жүрді. Тыстағы күнделікті шаруалар жайына қалған. Ұйықтай қояйын деп еді – болмады. Бойын қайтадан ыза кернеді. «Өмірінде мылтық ұстап көрмеген жаман. Несіне жетісіп…» – деп күбірлеп жүріп сыртқа шықты. Сәрсенғалидің үй жағына көз тігіп еді -  тыныш екен. Жұмысынан әлі келмеген болуы керек. Есігінің алдында тілі салақтап тайыншадай алабайы жатыр. Сәрсенғали күшік кезінде сатып әкелген. Ол кезде ауылдағы жалғыз алабай еді. Қазір көбейді ғой. Күндіз байлаулы тұрады. Түнде қораға қамалады. Неге қамайсың деп сұрағандарға Сәрсенғали: «Ұрлап кетсе қайтем. Жыл сайын алабай сатып ала беретін ақшам жоқ» - деуші еді. «Таңертең өзі шыққанша алабайын жіберетін адам ғой»-деді ызалана, – «Әлде балаларды қауып алар деді ма екен? ...Өй, бүйткен алабайыңды сенің…»-деді сосын,-«Сендей иеге сырттан бітпес». Ілбіп басып үйіне кіріп кетті. Сәлден соң қайтадан көрінді. Ширығып алыпты. Қолында мылтық. «Әуселеңді көріп алармын,»-деді де қорасының төбесіне шықты. Алдында тағы бір қора. Сәрсенғалидікі. Таңертең түлкі қашқан жер осы екі қораның ортасы. Ол қораның аржағында әудем жерде, сәл солға қарай Сәрсенғалидің үйі. Қораның шетіне қарай жақындады. Әбдірәшті көрген алабай, күнде көріп жүрген көршісі болса да барылдап үре бастады. Мылтығын тура алабайға кезеді. Қашықтық тым алыс. Бірақ оқ жетеді. Шынжырын үзіп жіберердей боп ұмтылып үріп тұрған итті гүрс еткізді. Дыбыс беруге шамасын келтірген жоқ. Осы кезде маңдайынан тер бұрқ етті. Таңертеңнен бері, тіпті оның алдын-дағы аңға шықпаған қанша уақыттан бері әбден аңсырап жүр еді. Рахат тапқандай болды. Әндетіп үйіне беттеді. Сәрсенғалиға деген өкпесі де тарқаған. «Өзім басқа алабай сатып әперем,» – деді іштей – «Бұнысы бәрібір қабаған боп кетіп еді. Біреуді қауып алмай тұрғанда, қайта дұрыс болды».

Бұдан әрі не боғаны бізге белгісіз. Әйтеуір, Сәрсенғали алабай емес, бір жерден құмай тазы алдырыпты деп естідік. Әбдірәш көршісі екеуі келер жылғы қансонарға баптап жүр деген. Бірақ ауылға аң кіретін болса Сәрсенғали жағаласпайды екен, Әбдірәш жалғыз өзі аулайтын көрінеді.

Сурет: inet-knigi.org

4441 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 маусым 2012, 20:39
Пікірлер
+0
27 маусым 2012, 15:42

Осы "Қазақ әдебиетіне" жарияланған жоқ па? :roll: Біртүрлі таныс...

+0
27 маусым 2012, 18:18

әңгімесінің өз алдына ерекшеліктері бар

+0
15 қыркүйек 2012, 01:09

Әңгіме өте қиын жанр. Бірақ сонда да оқырманға әңгіменің сюжеттілігі басым болғаны қиын! Дей тұра,мықты жазасын!!!!!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...