Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Бақыт іздеген әйел

Бақыт іздеген әйел

Бақыт іздеген әйел

Массагеттіктер, бүгін сіздерге жас жазушы Жансая Есмағанбетованың бір әңгімесін ұсынып отырмыз. Әңгімеде тағдырдың талайына ұшырап, бақыт жолында бәрін тәрк етуге барған жас ғұмырдың ащы да қайғылы өмірі сөз етіледі. 

Бақыт іздеген әйел

(әңгіме)

Тағдыр тым қатал-ақ. Бірде бауырына басып еркелетсе, бірде өгей баладай өзектен тебеді. Кей сәтте жүрегіңді тілгілеген ащы өксікке қарамастан жарға жығады. Бірақ бұдан шығар жол бар. Егер ... екі иығыңнан қанды шеңгелін сығымдап, тұқырта салған тағдыр тезінен құтылар күш тапсаң, әрине .....

Көше бойлап ілбіп келеді. Құр сүлдері ғана қалған. Суалған жақ, ажары кеткен әрсіз жүз, үстінде көптен бері су көрмеген ескі кірлі көйлек. Кенет күтпеген жерден мұны көре сала кішкене балалар тас атып, мазақ қыла бастады. Бірак қорғансыз әйел селт етпеді. Өйткені жүзінде өкініш, өзегінде мұң ұялаған ол үшін ендігі өмірдің мәні де жоқ еді.....

Бәрі жақсы болатын. Алаңсыз жастық. Мөлдір махаббат. Алыс арманға қол созған сұлу бойжеткен. Бірақ бір сәтте бақытты ғұмыры бұлдыр елеске айналғандай. Көз ұшынан сағымдай қол бұлғап алыстай берді, алыстай берді...

Ол Саматпен бақытты болатын. Қарапайым ғана қараторы жігіттің мұның жүрегін қалай баурағаны белгісіз. Мүмкін, мұның ерке қылығына әркез кешіріммен қарайтын кең пейіл мінезі болар. Әлде ақкөңілділігі ме?!!! Әйтеуір ол дегенде жүрегі елжіреп сала беретін. Бірақ сезімі әлсіздік танытты. Осалдық танытпаған шығар-ау. Жалғызбасты жетім жігітті... менсінбеген өрекпе, бастық әкесінің дегенінен әрі аттап баса алмады. Жылады, сұм тағдырға лағынет те айтты. Бірақ уақыт емші екен, көндікті. Кейін сөзі сұлу, тілі майда Еріктің қолынан ұстады. Ал Самат .... Самат .... бір жылдан соң жол апатынан құрбан болды. Ақыры мұның шын көңілін білместен-ақ кетті. Күнде есігін тоздырып, сезімін білдіруден жалықпайтын жігітті „Сүйгенім сен емес!!!„ - деп шығарып салатын.

Уақыт өте берді... Екі баланың анасы атанды. Енді алаңсыз, шаңырағынан сәби күлкісі үзілмейтін бақытты отбасы болармын деп ойлаған. Бірақ тағдырдан алар „сыйы„ жалғыз ол емес екен. Күндіз-түні жұмысының көптігін айтып сылтауратататын күйеуін көңілдесімен ұстап алды. Ажырасты...........

Жан бағып, екі баласын асыраймын деген оймен түрік фирмасына жұмысқа орналасты. Өзге орта, өткенін ұмыттыратын алыс жер... Бірақ бұлай болмай шықты. „Қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырады екен.....„Бірақ .......бұл сөз орынсыз да болар... Шайтанның азғыруына еріп, өз қолымен от көсеген өзі ғой, өзі.... Әйел өзінен - өзі өксіп жылап жібергенін де сезбей қалды. Жырым -жырым болып тілімденген білегімен көзін сүрте салып, тағы да ой тереңіне сүңгіді.....

Тағдырдың мазағынан адамның озбырлығы жаман екен. Түбі бір-түріктердің арсыз нәпсісінің, бір сәттік арзанқол құмарлығының жемтігі болған ол былыққа белшесінен батты. Кейін көкірегін жегідей жеген ой оны айықпас дертке шалдықтырды.

Ілбіп жүре берді.... Бірақ аяғы құрғыр икемге көнбей сүрініп кетті... Ол орнынан тұрғысы келмеді.... Сол күйі....

 -Апай мен қорқамын

- Түрі қандай қорқынышты еді.....

- Қозғалады, тірі сияқты...

- Байғұс, бүрісіп жатыр. Тоңған шығар... Құдайдың қаҺарына ұшыраған әйел ғо..................

Қайтсін енді....балалар үйіне ұлдарын көруге келген ғой,,, Ананың аты -ана ғой , не дегенмен.....

Ол жан -жағында дабырлап, азан-қазан болған бір топ адамның шуылынан оянып кетті. Ісіп, әлсіз сығырайып, домбыққан көзін ашуға тырысты. Ұмтылып орнынан тұрмақ болған. Бірақ ол әрекетінен түк шықпады. Қолын қасына келген ұзын бойлы жасөспірімге созған күйі талықсып кетті. Бұл оның үлкен ұлы Самат болатын........ Ол бақытсыз, баянсыз махаббаттың жанды естелігі болатын......

Сурет: nipic.com

5029 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 15 маусым 2012, 12:37
Пікірлер
+0
15 маусым 2012, 14:38

өте қайғылы екен....тіліндегі көркемдікті айта алмаймын, бірақ, автордың ойы жақсы...

+0
18 маусым 2012, 22:38

Сезім болмаған соң, қиын ғой...

+0
20 маусым 2012, 11:23

қиын ғоооооо!

+0
14 қаңтар 2013, 20:06

Әдемі ақ жазылған. Тек оқиғасы " бональный" емес... шиеленісуі де тым үзік-үзік, жалқаудың айтып отырған әңгімесіндей...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...