Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Проза / Қазақ прозасы мен мистика

Қазақ прозасы мен мистика

Қазақ прозасы мен мистика

Әлқисса! Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет жайлы сөз болғанда оны дәстүрлі, байырғы ерекшеліктері арқылы, қалыптасқан аспектілер талабында қарастыру аздық етеді. Жаңа заман қаламгерлерінің жаңашылдығы деген тіркесті пайдалану тек қана қателік емес, сонымен қатар, толыққанды зерттеу болмайтынын түсінгеніміз абзал. Шегі де, шеңбері де кеңи түскен қазақ поэзиясының жөні бір бөлек те, өзгеше бітім алған проза бір бөлек қарастырылса құба-құп.

Біз қарастырар қазақ әдебиетінің ауқымды бір бөлігі осы – проза болсын. Әңгіменің арысына бармай тұрып, әсілі қазақ прозасы мен мистика жайлы қалыптаспаған пікірлер мен тұжырымдар арқылы анықтап көрейік. «Мистика – санадан тыс ғажайып әлемнің болуына сену және сол әлеммен байланысқа түсу мүмкіндігі». Ендеше жазушылардың ізденістерін саралап, талдап көруге әбден болады. Әдебиет мистикасы – қандай да бір туындының ғажайып әлементтері мен қарапайым өмірден тылсым құбылыс алу үрдісі, саналы ой-үрдіске белгісіз, жат обьект және жат түсінік. Қазақ әдебиетінде мистицизм дәстүрі бар деп қана қойсақ ашық түрде кемсіту болар еді, сондықтан баршылық деуге батылымыз жеткілікті. Енді айта түсейік, Төлен Әбдіковтың «Оң қолы».

   ҚР Халық жазушысы Сафуан Шәймерденовтің «талантқа бас имеу – ақымақтардың ғана үлесі болмақ» дей келе, үлкен жазушының бас иген шығармасы осы – «Оң қол» болатын. Тақырыбының өзі оқырман ойын белгісіз бір үрейге аударады. Сюжет бойынша дертті қыз ұйықтап кетсе оң қолы тұншықтыра бастайды, дәргерлер де мұнда еш қауқар көрсете алмақ емес. Қияли аллегория бізге не айтқысы келгенін анықтап көрелік. 

Мұндай дерттің шын мәнінде өмірде бар екенін немесе ғылыми дәлелденгені жақсы мысал болып отырғаны белгілі. Ал жазушы ойында барлық қасірет те адамның өз құлқынынан, өз табиғатынан келетінін айту деп түсінсек болар. Адамның екіге бөлінуі, ойының екі жақты болуы, тіпті жарма бөлінгені негізгі идея. Кейіпкердің оң қолы сол көлеңкеде қалып қойған, жасырынып жатқан құлқыны болып отыр.

Тағы бір мистицизм дәстүрінде жазған, кейінде «заман тудырған қаламгер» атанып жүрген Тұрсынжан Шапай. Оның қайбір шығармасынан алсаңыз да адамның жеке, ішкі, рухани, интимді ойы, көзқарасы, пікірі жатады. Бүгінгі қоғамдағы жеке адамның ойы мен рухы көрініс алып, сол мәселе жан-жақты, әрқандай сюжетте әрқандай мотивтермен беріле өріледі. Мәселен «Айна сарай» әңгімесі. Мистикалық элементтерді меңгерген жазушы мұнда адамның аңсарын, қиял әлемін, тіпті көрінген елесін әсерлі етіп жеткізеді.   

Айна мифологемі экзистенциалдық әдебиеттің ажырамас бір бөлігі еді, бірақ мифологиялық элементтер: сюжеттер, образдар, көріністер – автордың дәстүрлі прозаның қайнарынан сусындағанын көрсете алған. Айна – адамның санасы мен өресі. Адамның психологиялық портреті ретінде шығармада айна алынған. «Өлі айна», «безбүйрек айна», «қара айналар» мен «аңғал айналар» сол кейіпкердің өз жадысы, өз сана сәті. Рухани әңгіме көкжиегі дәл осындай жолмен беріле білген проза қазақта саусақпен санарлық, сондықтан да мистик қаламгердің ізденістері постмодернизм қазанында қайнап жатыр деуге толықтай негіз бар. 

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: alashainasy.kz, astana-akshamy.kz

3644 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 17 маусым 2013, 13:20
Пікірлер
+0
17 маусым 2013, 21:32

0ң қол,керемет жазба!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...