Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ана ұрлығы

Ана ұрлығы

Ол осылай ұрлық жасағалы көп болған. Адамдардың көзін ала бере, бес-оннан, кейде жүздеп тығып кетеді. Қорапқа тоғытып жатып:

«Атасына нәлет, қу дүние! Осылай тірнектеп жимасаң, тентіретіп жібереді. Менің Сымбатым кімнен кем? Айдосым ше?! Оларда ел қатарлы ас ішіп, киім киюге хақысы бар! Мектеп уақыты да таяп қалды. Олардың қалам-қағазын, киім-кешегін қай ақшама алып берем?! Осылай құмырсқаша жимасам...» дейді.

Иә, ол АНА еді. ОТАНАСЫ! Оның ұрлайтыны әрине АҚША болатын. Ақша ұрлағанда ол, - біреудің қалтасына қолын сумаңдатып немесе тастан ұрған тасбақадай алаяқтықпен ұрламайтын. Үйіне келген адал несібені, не өзі жұмыс істеп тапқан маңдай тер нәпақаны шетінен жырып алатын. Бар жазығы сол ғана болатын.

Отанасы! Ала жаздай бір тыным жоқ оған. Егістікке шығып, біреудің мақтасының шабығын шабады, біреудің қауын-қарбызын жинасады, тағысын тағылар. Қолына ақша түскен күні ерекше көңілді. Қолын қалтасына салып түсіп қалмасын деп сығымдап ұстап алады ақшаны. Сөйтіп ылғи өзімен-өзі сөйлесетін:

« Біздің ОТАҒАСЫ да қызық адам. Үй-жай, бала-шаға керек еместей.  Мен таңертең жұмысқа кеткенде  ұйықтап жатады. Сол ұйқысы түрік сериалындай кешке дейін жалғасады. Кешке тағы жалықпас тірлік: карта ойнау, сыра тарту. Маскүнем деуге аузым бармайды. Жаратқан өзі бір жағынан қысса, бір жағынан береді екен үйіп-төгіп. Тәубә-тәубә! Құлыншақтарым дін-аман, ауру-сырқаусыз өсіп келеді, тұлымдары желбіреп. Қызым – Сымбат 6 сыныпқа, ұлым – Айдос 2 сыныпқа барады. Сабақтары үздік. Айдосым:

«Апа-апа! Мен өскенде етікші боламын», -  дейді. Бала екеш бала да сезеді екен. Оның мәнісі мынау:

Қызым мектепке қысты күндері аяғына артық 3-4 шұлық киіп, менің етігімді киіп барады.

-   Апа, мен кимеймін аяғым ауырлап кетті, нәскилерді шешем, – деп мұрнын тартқылайды.

-   Ештеңе етпейді! Қайта аяғың тоңбайды қызым, – деп кигіздіріп жіберем. Кимегенде ше?! Жалаң аяқ бармайды ғой енді. Қатарластары мазақтайды екен мектепте. «Дәу етік киген қыз келді» - деп.  Қызым сан-рет жылап келді мектептен. Айдосым осы жайттарды көріп жүріп айтады ғой: «етікші болам» - деп. Тым болмаса әпкесіне етік тігіп беруді ойлайтын болар. Жас жүрегімен сезеді ғой, құлыным! Биылғы қыс олай болмайды балапандарым! Биылғы қыс көмір де, етік те, киім де аламыз. Қорапта жиған-терген 45 мың тұрғанда, биыл қызым мектепке ең әдемі, ең көрікті етік киіп барады, ал, ұлым қатарластарындай костюм-шалбар киіп барады. Мектепте костюм-шалбар киіп алған сыныптастары: «біз депутатттармыз» -  деп, -  сенің киімің жаман!» -  деп ойынға қоспайды екен. Киімде тұрған не бар екен әдірем қалғыр! Осыдан қара да тұр, ең қымбатын, ең әдемісін әпермесем бе ұлыма! Менің ұлымда сосын депутат болады. Несі бар?! Болса болсын, тым болмаса, ұйқысы қанып жүреді ғой!»

Қолы ыстыққа күйіп, бір қабат терісі түсіп, жарылып–жарылып кеткен ана үйіне осындай ойлармен жақындап қалған-ды. Егістіктен жаяулатып тартып келе жатқан беті еді.

***

ОТАҒАСЫ! Әдеттегідей кеш тұрды. Бұл әдеттің қашан қанына сінгені  есінде жоқ. Түнімен сілтейді, күнімен тұяқ серіппей ұйықтайды. Бұл да алғашқы жылдары өмір қамытын мойнына киіп, өз арбасын өзі сүйреуге кіріскен.  Сүйреді де! Бірақ көп емес. Арбасы батпаққа батып қайта-қайта тоқтай бергесін, жолы болмағасын, олай тартса арба сынар, былай тартса өгіз өлердің керін келтіріп: «арба сынса отын болар, өгіз өлсе  ет болар» -  деп қолын бір-ақ сілтеді де ахаң, сәкеңдерді серік етті. Айтпақшы «тәкеңде» қалтасынан түспейді. Байғұс әйелі... Жұбайының жаны сірі екен. Талғажау болар тамақ тауып шиіттей бала-шағасымен мұны қосып балаларын асырап, мұны бағып келуде. Жұбайы алғашында аузынан әдемі иістер шығып, тепе-теңдігін жоғалтқан жылдары -  қорқытты, үркітті, кетемін деді, өлемін деді, жылады, жалынды – бәрібір бұл бас бермес асаудай алған бетінен қайтпады.

Отағасы бүгін: «түзелемін, өмірді қайта бастаймын» -  деп өзіне серт берді. Әйелін, балаларын қуантайын деп, кешкі асты жайраң қағып отырып ішпекші болып, үйді жинады, терезелерге тор құрған өрмекшілерді тазалады, үйді желдетті, сыпырды, мейлі ол еркек істер іс болмаса да, арланбады. Жұбайыма көрсеткен қорлығымның өтеуі болсын деп ойлады. Жинап, сыпырып-сыдырып: «барлық қайғы-қасірет осы күл-қоқыспен кетсін», -  деп пешке салып, ішінде жиналған қоқыстармен қосып от қойды. Қызыл жалындаған от пеш ішін әп-сәтте алып кетті. Ал пеш ішінде қоқыстар арасында, қорапта отананың қанша күн тірнектеп жиған ақшасы бар-тұғын. Жүк арасынан, не басқа жерден күйеуім тауып алар деп сақтанып, әдейі пешке отананың өзі жасырған-ды. Ал бұл пешті күздің орталарына таман тек өзінің жағатынына сенімді еді.

Қораптағы ананың үмітін жалаңдаған жалмауыз жалын әп-сәтте орап алған-ды. Ақшаның шеттерінен қызыл-жасыл жалын атып, қиыршықталып жануда. Ананың үміті жануда. Біраздан соң жел жұлмалаған жалаудай жалп-жалп етіп өшіп қалмақшы. Ананың үміті сөніп қалмақ.

Бұл кезде үйіне жақындап қалған ана мұржадан ирелеңдеп шыққан түтінді көріп, көзі қарауытып, жүрелеп отыра кетті...

***

Аулақта балалардың асыр салып ойнаған даусы, сықылықтаған күлкісі естіледі. Бұл балаға тән балауса, риясыз, бейғам күлкі. Көп өтпей күңіреніп күз келмек, содан соң бір қадам жерде кәріне мініп қаһарлы қыс тұр.      

Авторы: Тұрсынбек Башар

сурет: nastusia.net 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

4674 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 27 мамыр 2013, 08:38
Пікірлер
+0
27 мамыр 2013, 12:11

Есіл кеткен Ер-Ананың еңбегі-ай(((

+0
27 мамыр 2013, 20:40

:( :cry:

+0
28 мамыр 2013, 11:48

:( :( :( "мен қызға барған күні ай жарық" дегендей,күйеуі де сол күні от жаға қалыпты...

+0
01 шілде 2013, 10:46

:( Ана катты киналды ау..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...