Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Орақ айдай азуын түнге сұғып

Орақ айдай азуын түнге сұғып

Орақ айдай азуын түнге сұғып

Арман Шеризат 1992 жылы 4 наурызда Шыңғыстау бауырында дүниеге келген. Қарауыл гимназиясы «Ақсұңқар» ақындар сыныбының түлегі. Қалалық, облыстық, республикалық айтыстар мен жыр мүшәйраларының жеңімпазы, өнер фестивальдарының лауреаты.

Бүгінде Семей мемлекеттік педагогикалық институты, филология факультетінің 3 курс студенті.

                    Жалғыз

Мыңғырады мал үні қай қыраттан?!

Аңсақ құрған арланға қайғы – қақпан.

Орақ айдай азуын түнге сұғып,

Омыраулап бір кезде тай құлатқан.

 

Қойшылардың аузында аты – жұмбақ.

Олжа иісін сезеді алты қырда-ақ.

Апанында аңсайды бөрі күнін

Ай астында жортатын шақырымдап.

 

Үдірейген төбедей көк жал сұсы.

Емен құлап езгендей ел қарғысы...

Алты тұтам аяғы жер тырмалап,

Ақ жаңбырдай жатыр-ау боздап іші.

 

Әл тайғанда жалғыздық жаяды мән...

Ғайып болған әуек те маңайынан.

Біз тұмсығын дал қылып, алып шыққан

Көмейкөзді ажалдың талайынан.

 

Барлығы да екен ғой қуатында?!

Сол абадан жан қиды бір ашуға.

Тісін қайрап, тістеніп өліп кетті,

Бата алмады қара жер жұбатуға...

 

Р.S:

Жауыздықпен жалмайтын жалғыздарын

Тіршіліктің түйіні – міне осында...

                      Боздақ

Күмбірлеші...

Күмбірле Күй-құдайым!

Шанағыңнан төгілген мұңды ұғайын.

Бозінгендей боздатшы қос ішегіңді,

Сеніменен қосылып бір жылайын.

 

Әуеніңе тербелсін кеуде-бесік,

Қалғанынша қара тән жерге кетіп.

Байлап берсем қайтеді өзегіңе

Жүрегімді оныншы пернең етіп?!

 

Өн-бойыңа даланың үні тұнған.

Тарихымды сен айттың ұмытылған.

Қолыма алып, бір иіскеп қалайыншы

Шығып кетпей тұрғанда уысымнан.

 

Ойып алған орманның түп жағынан

Кісінескен домбырам – бір қазынам.

Құдірет-ай тілсізге тіл бітіріп,

Сыйладың Күй, сан ғасыр сыйладың Ән.

 

Қасиетіңді мен түгіл халық білген.

Аңыз болып жеттің бе алыс күннен?!

Жаратқаннан қазақты жарылқауға

Түскендейсің үзіліп жарық Күннен...

                   Аңсар

Қара түннің қабырғасын Таң сөккен,

Тірлік демі аңқып ұрар әр шөптен...

Өркеш бұлтты арқасына қондырып,

Төскейіме тау шөккен.

 

Көкжиекте қызыл арай – бір әлем,

Кеңістіктің үнсіздігі – Ұлы әуен...

Табиғат боп жүрек сөйлеп кеткенде

Қалай ғана шыдар ең?!

 

Тілмен айтып жеткізе алман бояуын,

Түйсігімнің сезем іштей ояуын.

Саумал-самал сапырып-ақ жатқандай

Санамдағы ой-ағын.

 

..Таң шапағын құшақ жая қарсы алып,

Күллі ғалам қоя берді ән салып.

Қиялыммен қала бердім оңаша

Қара өлеңге дем салып...

                     Шер

Ақын Бауыржан Игілікке..

Құндылығым жатыр бүгін тонауда

Адамдықтан қалып барам...

Содан ба?!

Миларында ақша ұлыған пенделер

Аш қасқырдай анталап жүр қоғамда.

Жүр, кетейік одан да!

 

Қасиеттен, қара өлеңнен құн кетіп,

Қара жердің бәрін болды түрме етіп!

Аспан жаққа аттанайық кешегі

Көшпендінің рухымен тілдесіп!

 

Біз кетейік, осы шығар дұрысы...

Жердің мынау – жерлік заңы құрысын!

Дүниені төңкерсін кіл тобырлар

Жоқ оларда жұмысым!

 

Біз іздеген көкте әділет бар шығар?!

Қатарымда жан қалмады хал сұрар...

Кім біледі әруақтардың көз жасы –

Түйсігімді ұрып жатқан тамшылар?!

 

Кешірмейді-ау шыныменен бізді олар...

Кір қоғамнан арылайық жүр, доғар!

Уыз-нұрын «құдайсыздар» таптап жүр

Аспандағы күнге обал...

 

Түсіне алмай жүрген жандар өз ішін

Табиғаттың нұрын қалай сезінсін?!

Ақындардың жырын қалай сезінсін?!

Онда менің армандарым көз ілсін

Сен мен үшін – төзімсің...

Өзімсің...         

Солай досым...

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: mail.ru 

615 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 05 сәуір 2013, 18:52
Пікірлер
+0
05 сәуір 2013, 18:48

Бәрекелді!

+0
05 сәуір 2013, 20:17

Арман Шеризат пен Бауыржан Игілік екеуі де қазақы қара өлеңге келгенде өте талантты жігіттер. Өлеңдерінен жусанның иісі аңқып тұрады. ақын інілеріме сәт-сапар болғай.

+0
05 сәуір 2013, 23:23

Шердің авторы осы кісі ма еді? ;)

+0
19 сәуір 2013, 01:27

шынымен қаймана қазақтың қазақы қоңыр исі ғой бұл...жақсы екен! шашасына шаң жұқпағай!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Том Сойермен балалық шаққа..."

Марк Твеннің таңдаулы туындылары

Автор: Nazym Samet
Жетінші аптаның үздік блогы
Жетінші аптаның үздік блогы

Демалыс кезінде блог жазуға да уақыт тапқан оқырмандарымызға алғыс айтамыз

"Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем!.."

. Әлемде миллиондаған аналар бар. Олардың әрқайсысы ерекше, әрі қайталанбайтын...

Мен мақтан тұтамын!
Мен мақтан тұтамын!

“Дарын – армандардың орындалатын құт мекені” деймін.

Егер мен жазушы болсам...
Егер мен жазушы болсам...

Егер мен жазушы болсам, "Махаббат, қызық мол жылдар" романының шешімі қандай...

Төрт алынған екі
Төрт алынған екі

Төрт алынған екі деген есепке төрт деп жазғаным себепті, мұғалімнен екі күн сын...

Автор: Естен Ербол

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...