Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Кері бесті міндім аяғын мұздай тағалап"

"Кері бесті міндім аяғын мұздай тағалап"

Ахат Расулдың өлеңдеріне бей-жай қарап, өте алмайсыз. Жартасты жарып шыққан шынарды көріп пе едіңіз? Ол сан-санақсыз зәулім-зәулім қарағайлардай биік те емес, олардай болып бір-бірінен оза көкке ұмтылып, бой таластырмайды да. Бірақ, сонда да асқақ, дара! Ал оны айбынды етіп көрсететін құбылыс қара тасты қақ жарып шыққан тамырының қуаттылығында. Сол қасиетті тамыр - қазақы поэзия, қара өлең еді. Ахат Расулдың жыры маған бірден сол қайсар шынарды елестетті. Өзгелерден оқшау боп көрінгенімен шындап үңілсеңіз әр шумақ, әр тармағынан сол қасиетті қара тамырдың қуаты бұрқырап тұрады.

Отардағы сағыныш

Сен гүл қаладасың, мен құм даладамын,

Сыйлайды маған түн ғажап әнін.

Сен шетелде жүрсің, мен отарда жүрмін,

Сен көшеге барсаң, мен қырға барамын.

 

Шіркін отарды сен келіп көрсең,

Ақ бұрқақта бесік өңгеріп көрсең.

Түйелі көшті соза жетелеп,

Боранда адасып сенделіп көрсең.

 

Жаппаны тігіп жеткен бір жерге,

Қампитып қарынды етпен бірдемде.

Жабағы көрпені жамылып алып,

Ойды жіберсең өткен күндерге.

 

Құтылғың келіп дүрбелең күннен,

Есің бір шығып күл менен жүннен.

Бұйыға түсіп қойныма кірсең,

Үскіріктерден іргеден кірген.

Жоқ қарау

Жаратқан атым сары таң астырып,

Бетпаққа бет алып жортады осқырып.

Күңіренген иенде молаға қонып,

Қанжығамдағы малтаны ас қылып.

Сары далаға сіңіп барамын,

Ториды түздің қорқау қасқыры.

 

Ернімді аптап тілімдеп айғыз,

Қырқадан қарайды дірілдеп ай - қыз.

Қарақшы тігілген қай бір төбеден,

Сұңқылдап жатады іңірде байғыз.

 

Жаралы жаныма жалын бүркеніп,

Қапырық ойдан қаным бір кеуіп.

Сексеуіл басқан сетер құмдардың,

Адаса жүріп адырын кезіп.

Жоқ қарап кетіп барамын иенге,

Сұлбамды даланың сағымы созып.

Оянғым келмейді

Мендегі алып мұң,

Оянып түнде ылғый ұйқымда.

Алтайдың даласын арқалап,

Оранып ғажайып сыйқырға.

Алатау асырып жатады,

Қарамай сүрең мен қиқуға.

 

Бір тауда тыныстап,

Қалғандай боламын шалдығып.

Артыма қарайлай бермін,

Кеттімбе бір нәрсе қалдырып?

Түн-түпсіз үңгірдей тартады,

Арыдан бір дауыс жаңғырып.

Оырнымнан тұрамын

                                    алдымда

Қазақтың даласы - мәңгілік!!!

Арқамда Алтайым!

(Бұл рас дәл менің күшім бе, ей?!)

Бір қолда жүрегім,

Бір қолда бөркім бар,

Көңілім тап-таза жұлдыздың түсіндей.

О, Атамекенім!                                

Алтайды жеткізем!

Бір түйір топырақ түсірмей!

Еһ, шіркін!

Дәл сондай болсаң ғой!

Оянғым келмейді…

…Бұл менің түсім ғой...

* * *

Етегін жерге батырған ерен тауларды сағалап,

Кері бесті міндым аяғын мұздай тағалап.

Жолаушы кетіп барамын алыс,

Сары жұртқа қонып,

                         Тас молаларды паналап.

Шаңға жеткізбей шапқанда шалқөып шалқарым,

Жас емес көзден жалыны бөлек ағады от.

 

Молалар пана!

                      Содан арқама жал бітіп,

Таң күтіп тұрар құласам болды сам жұтып.

Елпілдеп кетсем, еңкілдеп кетсем егер мен,

Жылатар адам...

                          Жұбатар мола жан бітіп.

Балбалға қонған бозторғай ұшып басымнан,

Дейтіндней мені сәреден ғана ал күтіп.

 

Ұлиды бөрі іңірдің түртіп іргесін,

(Мықтылығы оның!

                       Демеймін жолды жүр кесіп).

 Бөрі жүрегім кете алса бұзып түрмесін,

Келер еді ғой ұлы –

                             ұлығандармен тілдесіп.

Ақымақпын ба?..

Топырақпын ба қайтарар жердің қарызын,

Айтады оған бөрі мен ажал бір кесім…

*  *  *

Сынық сүйем өмірде сылтып келем сан сынып,

Қыршынынан қиылды қырқаны аспай қанша үміт.

Сағым жұтып барамын салаң-салаң сұлбаммен,

Маңдайымнан тер шығып, балағымнан шаң шығып.

 

Арман титтей азығым, Темірқазық бағытым,

Шашылдым бұл ғаламға қабырғаларымды ағытып.

Безіп барам бет қойып жан баспаған жаққа бір,

Көрінеді көз алдым қырау - қырау шаңытып.

 

Ерте аттанып кетіппін, ерттеп мініп сағымға,

Тәңірдің тылсым күшімен түссіз нұрға малынғам.

Шалынбай көзге еш нәрсе, келгенім қайдан белгісіз,

Түсімде қарап отырмын аспанның арғы жағына.

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: жеке мұрағаттан

2388 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 26 наурыз 2013, 18:13
Пікірлер
+0
30 наурыз 2013, 12:10

тамаша ақ! сусыным қанды...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...