Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Сағым боп кетесің сен кейде

Сағым боп кетесің сен кейде

Сағым боп кетесің сен кейде

Құндыз Жұбаева 1992 жылдың 29 желтоқсанында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылында дүниеге келген. Жас ақын қыз бүгінде Абай атындағы Қазақ Ұлтық Педагогикалық Университетінің филология факультетінің 3 курсында журналистика мамандығы бойынша білім алуда. Әдемі жыр шумақтарын дүниеге әкеліп жүрген жас ақынның мөлдір өлеңдерін бұрын да жариялаған болатынбыз. Ал бүгін сіз бен біз Құндыздың сиясы әлі кеуіп үлгермеген туындыларымен таныспақпыз.
 


****

Белгісіз: келе ме, келмей ме?

Белгісіз: көре ме, көрмей ме?

Үзілген жолдардан жолығып,

Жатырқап жүресің сен кейде,

Жабырқап қаламын мен кейде

Сынық жүз сырымды білгей де!

Білгенің - дертімді емдей ме?!

Самарқау көшеден жолығып,

Сағым боп кетесің сен кейде

Сағынып қаламын мен кейде...

 

Кім білген, сыр аңдып бізден бір

Сезбейді мұң жұтып, күзбен күл,

Білмейсің сені кім сағынды,

Білмеймін мені кім іздеп жүр?!

Көп күттім... үмітім бар мұнда,

Көп күттім... көшелер қалғуда,

Жабықсам, келеді кеткім де

Сағынсам, келеді қалғым да...

 

Сабырға шақырып төзімді

Көп күттім, көшелер көз ілді.

Жатырқап жүретін жолдарда

Жоғалтып алдың ба өзіңді?..

Белгісіз: келе ме, келмей ме?!

Белгісіз: көре ме, көрмей ме?!

Самарқау тартатын көшемен,

Жабырқап қайтамын мен кейде..

***

Басымдағы бақ едің, базар едің,

Алыс жүрсің жүдеулі азар өңім.

Өкпеге де қимадың, ғашық деген-

Өкініп кеп, өкпеңді жазар еді.

 

Бұламадым жанарды ағыл-тегіл,

Тек жүрегім егілді егілсе бір.

Жұбатар ең, жылатса ерке-назым

Саусағыңның ұшында қалушы еді.

 

Суық сезім сыртымнан салғанда өңін,

Сені... сосын сүюді жалған дедім

Өкпеге де, жылауға бастамады

Өзіңнен де, өзімнен қалған көңіл...

 ***

Кім депті түбі тұрақты?!

Май шамдай кінәмшіл ғой Бақ

Маздатса кеше шырақты

Мейірімге бөлеп тұрмайды-ақ.

 

Үмітім шағылған жолда,

Тәкаппар құлады басым.

Тәуекел байлаған сорға

Бір досым жұлады шашын.

 

Күндейміз... Сүймейді, НЕГЕ?!

Сол жанға сүйкімсіз болдық.

Қыз жолы жіңішке дей ме?!

Бүйтеміз, сүйтеміз... Қулық!

 

Көргісі келмеген Оны,

Кінәлап жылайды құрбым.

Мұңымды емдемеп едім

Еңіреп... Жұбатып тұрмын.

 

Сүйілмей қалайық... Мейлі,

Махаббат - күресі көптің.

«Балгерге барайық », - дейді

Құрбыма ілесіп кеттім...

 

***

Көзімнен көрген бе кем қайғы,

Көшіріп қойғаны-ай кінәні.

Деген ем толғанар мен жайлы

Сеземін ойламай жүр әлі.

 

Алдайды ол мені де, сені де, Ой,

Еркі жоқ не керек бойда ашу.

Сағынса келетін еді ғой,

Белгілі сағына қоймасы.

 

Құрбы ғып алдым ба өртенген,

Күдікті... Құрсауы кенде ойды,

Білемін... бүгін де... ертең де

Келеді... Әрине, келмейді.

 

Күлтесі үзілген гүл еді,

Тым сырлы санамның жеңісі.

Қателік... Ол мүмкін, сүйеді

Ол мені сүймейді неге осы?!

 

Биіктігім... 

Түндердің сүйем, мұңлықтан қалған мұрасын,

Тірлікті сүйем, жүзіне қайралдым, расы.

Махаббат ажал секілді... Мезгіл күтпейді

«Шараптан емес... Шаттықтан айналды басым»

 

Жанарға жиып алдым да сағымның бәрін

Тағы да тағы еріксіз сағындым, жаным.

Сезімнің өрлеп дәл мендей биіктігіне

Дәл мендей тыңдап жүрмісің Табылдың әнін.

 

Айды да өбіп, Күнді де, арманды сүйе,

Жүрмісің, құрбым, сезімге талғамдар ие.

Кей кезде мендей қамығып қоштасуларда

Әлекке салып жүр ме еді « Жалған-дүние».

 

Жасудан, жаннан, тосыннан қайғырып көңіл,

Жатса да жарар тосатын сай болып тұғыр.

Жаныңнан қалмай жүрейін, жарығым, бір сәт

Жазса егер бірге жүйткуді «Сәйгүлік-ғұмыр».

***

Кінәм ғой, бейнеңді құмар

Асқақ қып шығарған өрден,

Жасымды көрмедің содан

Құрбыма жылап алғанмен.

 

Жылаймын... Неге, жат үнсіз?

Сүйе алған болса пенде бар.

Ғашықтың бәрі ақылсыз

Ақымағы тек мен ғана.

 

Қайрансыз алақанымды,

Кешікпей жылытар біреу.

Өзіңді... нала атаулыны

Бекер ғой "ұмытамын" деу...

 

Қиғанмен айыпқа қанша,

О, қалай жазықты етейін?!

Қоштасып қамықтырғанша

Көзіңнен безіп кетейін.

 

Онсыз да от тастап өттің,

Кеудеме үйме құсалық

Ал біздер қоштастық екен

Бұ дүние күйремесі анық.

 

Сағыныш көзімде тұнсын,

Сынбайды күздің де сағы

Мен кеткен сезінбей жүрсің

Қарғарсың іздерді де әлі.

 

Қоштасу - заңдылық, расы,

Біз ойлағаннан қатал шын.

Сен бірақ, көп шайлықпашы,

Өкінсең көре жатарсың...

***

Ұзап кеттім сенен де, қаладан да

Ұмытуға ұмсынып бар амалға

Көзден кетсе, көңілден өшер дейтін

Сенесің бе, сен, сондай жорамалға?!

 

 Қашықтадым... Сенен де, қаладан да,

Көңілімді жығам ба қалағанға.

Алауына өртейтін ғашықтықтан

Алыстағаннан өзге шара бар ма?

 

Сен мәз едің күлкімді тонағанға,

Тәлейіме шаттығың қона алар ма.

Шалғай жүрсең... Шырайың шығар естен

Сенесің бе, сен, сондай жорамалға?!

 

Уақыт керек... Айтар ел талай ақыл,

Ақылыңды езгенмен араға  құр.

Ұзап кеткен жолымен бір Сағыныш

Сағынышын сағынып бара жатыр...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер portraitof.ru және facebook.com сайтынан және автордың жеке мұрағатынан алынды

4330 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 29 қаңтар 2013, 12:00
Пікірлер
+0
29 қаңтар 2013, 12:57

Шынайылық бар... Әдемі жыр шумақтары...

+0
29 қаңтар 2013, 13:56

Сүйілмей қалайық... Мейлі,

Махаббат - күресі көптің.

«Балгерге барайық », - дейді

Құрбыма ілесіп кеттім...

+0
29 қаңтар 2013, 13:58

Сағыныш

Сағынышын сағынып бара жатыр...!!!!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...