Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Менің Түнім жоқ енді, ұрлап кеткен…"

"Менің Түнім жоқ енді, ұрлап кеткен…"

Ләззат Мақаш - 1995 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда аудандағы жалпы білім беретін Тайыр Жароков атындағы орта мектепте білім алуда. Назарларыңызға әдебиет әлеміне аяқ басқан жас жеткіншектің жүрек жарды жырларын ұсынамыз.

Сізді, Күзді аңсау…

Жарақатын жүректің кім емдеуде?
Жанымды бір жылатпай қоймайтын күз.
Сіз екеуміз әу бастан рөлдерде,
Өзгелерге сыңар боп ойнайтынбыз.
Шыдағанмен сезімнің бар қысына,
Болушы едім бақытты жарты күндей.
Содан кейін күнімнің жартысына,
Жүретінсіз тәтті мұң тартып ылғи.
Қоңыр күз жоқ боп жатқан бізге алаң,
Біз жайында ойлауды қойғаны шын.
Амалсыздан сіз жаққа күнде барам,
Сол сүйкімсіз рөлді ойнау үшін.
Жара сыздап жылайды бүгін кеудем,
Қашан мені қарсы алар күлімдеп күз.
Әртістердің сапына ілінгенмен,
Сүйген жандар сапына ілінбеппіз…

Түн ұрланған Түн…

Менің Түнім… өзгеше сыр ұқтырып,
Жібергендей қайғымды ұмыттырып,.
Жылап тұрып үйренгем жыламауды,
Күлмеуді де үйренгем күліп тұрып.
Жүрекке мың орам мұң бүктеулі ме?
Арқама сан қасірет жүктеулі ме?
Сағынбауды үйренгем «сағындым» деп,
Күтіп жүріп үйренгем күтпеуді де.
Арбасында сезімнің сүйреулі ме?
Мендік қайғы, мендік бақ күйреулі де.
Күйе тұрып үйренгем қызғанбауды,
Сүйе тұрып үйренгем сүймеуді де.
Құдайым-ау, айтамын Түнге немді?
Үйренгенмін өзгені күндемеуді.
Өз мұңымды өзім-ақ тұншықтырып,
Үйреніп те алғанмын үндемеуді.
Жұлдыз қимай ағады зырлап көктен,
Мен бәрін де жоғалттым… жұмбақ неткен!
Тыңдамады тағы да Түнім мені,
Менің Түнім жоқ енді, ұрлап кеткен…

Күндегі Күй…

Қайғы арылтпай отырам өз басымнан,
Кеште жанған қаланың отын ұрлап.
Өшімді алам түн болса көз жасымнан,
Бәз – баяғы қалпымда отырып ап.
Белгілі ғой, бұған да шыдайтыным,
Көрсетпей жүр, қайтейін, бақыт үлгі.
Сенесің бе, бұл күні жылайтұғын,
Анықтап та қойғанмын уақытымды.
Сенің тұнық көзіңді тұнжыратқан,
Мен едім ғой, бар кінә өзімде еді.
Өз қолыммен ақырын түн жылатқан,
Мөлдір жасты сүртемін көзімдегі.
Тым кешірек өзіңе жолықтым мен,
Білмеймін де, кімге айып тағарымды.
Өзімді емес, аяйтын болыппын мен,
Жас таматын қит етсе жанарымды.
Керексінбей ұсынған көмегімді,
Түскендей ме жүрекке Айдан құрық.
Құрғамас көз жасыма өлеңімді,
Жібермесем болғаны айналдырып.
Шарасыздық шыдамды жеңді мүлде,
Мен олардың барлығын кеше білгем.
Оянам да ұйқымнан «енді түнде,
Жыламаймын!» деп тұрам төсегімнен…

Сіз…

Шығара да алмаймын бүгін өлең,
Қарғыс айттым «сіз кеткен» күніме мен.
Кетесіз-ау, білмей-ақ өзіңізді,
Қимай жылағанымды түніменен.
Ғашық едім, жанымды өпкен күзге,
Қазір суық…болғанмен көктем бізде.
«Сіз шығар» деп үмітпен қарап тұрам,
Үйіңіздің жанынан өткен кезде.
Шаттығымды бұл жұрттың алды өсегі,
Маңдайымда сорым да бар бес елі.
Сіз жүресіз мекендеп нән қаланы,
Мен жүремін мекендеп тар көшені.
Жанарымда, тек мұңға жүз де толы,
Мына әлем…бәрі де бізге долы.
Сіз жыларсыз, мен бірақ көрмеймін ғой,
Мен жылармын, көрмейсіз сіз де оны.
Қос бақыттың шыңына жетерміз де,
Жаныңыздан жымиып өтем күзде.
Тағдыр дұрыс жасаған «аз болар»деп,
Бір бақытты бұйыртпай екеумізге…

Сіз екеуміз...

Бірімізге жат болып барамыз ба,
Сізді бүгін Ай және Түн ұлықтар.
Махаббат жоқ біздердің арамызда,
Бірақ ешкім жылынбас Жылылық бар.
Мен жыладым... мұң тастап санаңызға,
Шырқын бұзып жібердім, сірә, кештің,
Болмаса да ғашықтық арамызда,
Бір Сезім бар сезінбес бірақ ешкім.
Не күтеді осы жұрт босқа бізден?
Жалған шыда, шынайы сыйластық, қал...
Жүрсек-тағы басқа ұл, басқа қызбен,
Арамызда жан ұқпас Қимастық бар.
Жауапсыздық жүрекке гүл еккен бе?
Сіз жайлы жыр жазуға тағы құштар.
Мына біздің жаралы жүректерде,
Екеумізге тән ғана Сағыныш бар...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Жеке мұрағат

1705 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 00:59
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 10:24

:!: :!:

+0
14 қаңтар 2013, 10:37

Ақымақ жүрек сізді менен артық сүйеді. Бұл қызды қатты ұнатам өлеңдерін, керемет.

+0
14 қаңтар 2013, 10:41

Жас ақынның қаламы ұштала берсін))

+0
14 қаңтар 2013, 10:51

Құдайым-ау, мұндай жаста нендей мұң, нендей қайғы? :?

+0
14 қаңтар 2013, 10:57

"Әртістердің сапына ілінгенмен,
Сүйген жандар сапына ілінбеппіз…" . Жас деуің орынды, әрине, Анар. Бірақ дәл осы кезде емес пе алғашқы махаббаттың шиыршық атып, шеменге де бататыны, қуанышқа да толатыны... Дәл сол жастағыдай қазір сезіне алсақ ше біз... Мына есейген болып жүрген бізде мұндай сезім, мұндай алау жоқ. Жас ақынның сөздерін тұжырым деп қабылдамағайсыздар, ол оның ізденісі, талабы. Көркемдігін арттырып тұрған дарыны. Шығармашылық шабыт тілеймін!

+0
14 қаңтар 2013, 11:41

Күшті екен. Расында жап-жас қыздан мұндай мұң күтпейсің ғой...

+0
14 қаңтар 2013, 11:44

Қарындастың тым қатты қайғыға берілмеуін өтінгім келеді. Таланты мен тау жығар қабілетін арқасында бқл қыздың әлі талай асуды алар анық. Аман болсын! Өлеңмен өмірді өрнектеу керек, улауға болмайды...

+0
14 қаңтар 2013, 11:57

керемет! Жарайсың!!!!! Қаламың ұштала берсін. :)

+0
14 қаңтар 2013, 12:14

О,менiн устазым да массагетке келiп калыпты гой,естi олендерiнмен куанта бер!

+0
14 қаңтар 2013, 12:58

Ардақ, мәселеңді тапсыр. Мұндай өлең жазатын, мұндай жастағы бойжеткенді қайдан таптың? А? ))) Тамаша өлеңдер екен. Негізі, әр жастың өзіне лайықты қызығы мен думаны, қайғысы-қуанышы болады. Соны түсінген де абзал.

+0
14 қаңтар 2013, 13:00

көрегенділік деп қояйыншы :D

+0
14 қаңтар 2013, 18:14

керемет олендер екен жаарйсын...шыныменде жас кыздын журегинде бир мун бар ау дим :?: :?:

+0
14 қаңтар 2013, 18:17

Өзімді емес, аяйтын болыппын мен,
Жас таматын қит етсе жанарымды.

+0
14 қаңтар 2013, 19:42

"Ғашықтықпен өткен күннің бәрі аңыз, ал, қалғаны жәй күндер!". Мұңға оранған жүрегіңізде мәңгілік махаббат пен мейірім өмір кешсін!

+0
14 қаңтар 2013, 23:51

Пах ширкин не дид Ардак Култай мундай сезим, мундай алау жок дейме? кайда кеткен? :) Ләззатқа тек саттилик тилеймин.

+0
15 қаңтар 2013, 12:12

керемет!

+0
23 қаңтар 2013, 18:13

Алғаш құлтөбе сайтынан оқығанымда оның жасыңа мән бермеппін, өлеңдерін қайта-қайта оқып отырып өзі туралы мәліметке қарап қалғанымда таң қалдым. Өлеңдері өте ұнайды. Жарайсың, Ләззат!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...