Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Мінезіміз табиғатқа ұқсайды"

"Мінезіміз табиғатқа ұқсайды"

Талапбек Тынысбекұлы 1982 жылы 17 қазанда Алтайда туылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты.

Талапбек ақынның өлеңдері тұнып тұрған лирика. Өзгеше формада жазылатын, өзгеше екпінде оқылатын өлеңге алғаш көз салған адам жатырқауы мүмкін. Десек те, ақынның шығармашылығы да дәл осындай өзгеше. Мәселен, «Мінезіміз табиғатқа ұқсайды» деуінің өзі үлкен суреткерлік. Табиғаттың бір-біріне еш ұқсамайтын төрт мезгіліндей адам баласының түрлі мінезі бар ғой. Өлеңдерден өзіңізді тауып алыңыз...

Саған ғана айтылар шын сұлу жыр

Ұялаттың жаныма есіміңді,

Бірақ бәрін құрбышың кеш ұғынды.

Тоғжандары тұрақсыз амал қанша,

Абайында сенім жоқ осы күнгі.

Содан нәзік жүрегім шошынулы.

 

Арай нұрын сепкен ет ар жаныңа ,

Жігіттердің ұнадың қандайына...

Бірақ қорқам Естайы арманына,

Жетпесе де ән айтпас Қорланына.

Жан сезімі шынымен сорлады ма?.

 

Ұмыттың деп назданба неге мені,

Құзғын сезім қызылға кезенеді...

Қыз Жібегі қиырда қалса-дағы,

Іздеп табар жоқ оны Төлегені.

Адалдықтың мұқалған жебелері.

 

Жарға итеріп жақсыны жетегі ардың,

Сезім қуып сұлуым кете бардың...

Қозыларды жылатып Баян сұлу,

Құшағына тығылып Бекежанның,

Қытығынан Қодардың неше ояндың.

 

Саған ғана айтылар шын сұлу жыр ,

Келмей әттең қойғаны қисыны бір...

Сен жаныңа теліген тағы жігіт,

Жат құшақта қапыда тұншығып жүр.

Жылаудан да азапты күлкі құрғыр.

 

Өр сенімді баса алсын нағып мұнар,

Өлексе ойдан ойранды жалықтым әр...

Ақ отаудың астында тағып тұмар,

Алла жазса бір күні жолықтырар.

Сонда менің жырларым тамшы болып ,

Жанарыңнан төсіңе тамып тұрар!

Сен менің оқы жырымды 

Оңаша қалсаң бөлмеңде,

Альбомыңды ашып көргенде.

Өткен күн түссе есіңе,

Келмеске кеткен дей көрме.

Өрт сезім лаулап кеудеңде,

Сен менің оқы жырымды.

 

Құрбылар бірге жиналса,

Ұсыныс саған ұйғарса.

Ақтарып ашшы сырыңды,

Отырыс тарқап тынғанша,

Ұнатқаның шын болса,

Сен менің оқы жырымды.

 

Құшқанда жарың ұмсынып,

Қиғылық қылсаң қымсынып.

Серуенге барсаң бір шығып,

Бақтарда жатса гүл сынып,

Қалма әсте үнсіз тұншығып.

Сен менің оқы жырымды.

 

Жымыңдап жұлдыз жанғанда,

Сәулесін шашып бар маңға.

Айменен жаның сырласып,

Сағыныш айтып арманға,

Көзіңнен жасың тамғанда.

Сен менің оқы жырымды.

 

Ұмсынып дала ақ таңға,

Ғаламды жарық жапқанда.

Сызылып келіп күн сұлу,

Терезеңді қаққанда.

Ұйқыда қапы қап қалма.

Сен менің оқы жырымды.

 

Бақытым менің баянды,

Сенімен алғаш оянды.

Тойыма сені шақырам,

Тәнті қып мынау ғаламды,

Шаттыққа бөлеп санамды,

Сен менің оқы жырымды.

Әлі есімде

Әлі есімде қоштасқаным сенімен,

Өтсе де күн көз алдымнан кетпедің.

Ардағым деп арманыңды теліген,

Кешір құрбым, қадіріңе жетпедім.

 

Бұрын жат ең таныспаған менімен,

Өмір өзен бір тербеді толқында.

Адастың сен арманымның көгінен,

Үріккен аққу айдынына қонсын ба?.

 

Қол ұстасып бірге жүрген күндерде,

Қарайтұғын құрбыларым қызғана.

Ай сәулесі өпкен талай түндерде,

Құлайтын ең құшағыма ұрлана.

 

Бәрі-бәрі алдандырған құр елес,

Бүгін бізге өкініш у жұттырды.

Тарам-тарам тірлік жолы түгемес,

Жатқа теліп жан сезімін ұмыттырды.

 

Жұмбақ етпей ақ жаныңның бар сырын,

Жүрегіңнің дүрсілінен тыңдаттың.

Жанарыңа тұнған мөлдір тамшыны,

Үнсіз ғана ерініммен құрғаттым.

Қош бол енді...

Қош бол енді, мен сенен алыстадым,

Өмір атты төзе алған ағысқа кім?.

Елесімді есіңе аманаттап,

Бақытымды басқаға табыстадым.

 

Қатал тағдыр айырды аясын ба?

Алдан күліп шығасың қай асуда?.

Кеше екеуміз сырласқан ақ қайыңның,

Өбісіп тұр өзгелер саясында.

 

Қош бол енді, барасың жылап қалып,

Кете алмадым амал не жыраққа алып?.

Мәңгі менің өшпейсің жүрегімнен,

Кеудемде өскен бір шоқ гүл сияқтанып.

 

Сенің жаның пәк еді, сүйікті еді,

Қызғанам кетсе де елдің тиіп демі.

Арманың боп қалайын биіктегі,

Аяулым ұмыт мені, ұмыт мені.

Өкінбе 

Көріктім,

Кеш саған кезіктім.

Жетегіне еріп желіктің,

Жылата сені келіппін.


Ибалым,

Несіне қыр гүлін жинадың?.

Айтылмай арманға бірге әнім.

Өзгеге сыйладың.

 

Ақылдым,

Аңсаумен қанша таң атырдың?

Бақытын біле алмай басымның,

Басқаның уына батырдым.

 

Қылықтым,

Сыр тұнған жанарың сынық тым.

Өткенді келмейді ұмытқың,

Соныңа қызықтым.

 

Құрбышым,

Жүздессең қашанда мұңлысың.

Бұзбастан татулық үлгісін,

Жылдарым жылжысын.

 

Өкінбе,

Барлығы тағдырдан өкім де.

Бақытты жұмыр жер бетінде,

Жазбаған жұптасып жетуге.

Жыртылған хат 

Жетелеп қиял тамаша,

Қиырға тартып өр кеуде.

Ойыммен болып оңаша,

Отырған шақта бөлмемде.

 

Қағылды есік, сен кірдің,

Ақ жарқын жүзің сынық тым.

Мәнісін ойдың сездірдің,

Барлығын сонда біліппін.

 

Қызғанып жүрген өзгеден,

Естідің өсек мен жайлы.

Жақсыны жат қып көрмеген,

Жаныма менің сол қайғы.

 

Сан өлең арнап өзіңе,

Тапсырған едім тартынбай.

Әкелдің қайта өзіме,

Сөз қалды талай айтылмай.

 

Әкелдің қайта неге сен,

Парақтар үнсіз жыртылды.

Аққуға сені теңесем,

Көлінен бүгін үркінді.

 

Жаршысы жанның сыр тұнған,

Жыртылды өлең, жыртылды ән.

Қап-қара көзің мөлдіреп,

Мұңайып тұрдың сыртымнан.

 

Жатырқай қарап сұлу қыз,

Жек көріп шыға жөнелдің.

Жуыса алмай бүгін біз,

Бақыты болдық тек елдің.

 

Қарындас кетіп, қалды аға,

Баяғы үстел басында.

Дір етті жүрек сәл ғана,

Қиналды қимас асылға.

 

Сен сонда несін бөгелдің,

Бұйыртпас мені келер күн.

Нүктесін қойып үлгердік,

Қоштасу атты өлеңнің,

"Қош" деуге бірақ тіл келмей,

Жанарға жас боп бөгелдің.

Кетпе, жаным

Құлазыттың құрбыңның несін ойын?

Кетпе жаным қасымнан өтінейін.

Тағдырымды теліген арманым ең,

Тәңірімнен өзіңе не тілейін?.

 

Сұңғақ біткен сезімге, бай тұлғаңа,

Қарағанмен құныға қанша ұрлана.

Күлімдеген жүзіңнен сырғып түсіп,

Қадалады жанарым ай сырғаңа.

 

Қиялымды қытықтап қыпша белің,

Қолаң шашың құлпырған құтпа дедім.

Сеніміңнің тағылған аққуына,

Үмітімнің үкісін жықпа менің.

 

Тағдырыма мен сені ие көрдім,

Жарлығына көнбейді жүрек елдің.

Барлығын да басымда бар бақыттың,

Ән-жырыңа айналсын, күле бергін,

Сүйе бергім келеді, сүйіп өлгім.

Мінезіміз табиғатқа ұқсайды 

Мінезіміз табиғатқа ұқсайды,

Мұны өзіміз білмедік.

Қыс деміндей қыстықтырып құс қайғы,

Қонып ұшар күнделік.

 

Көңілденсек көктемдейміз, ал кейде

Селдетіп те аламыз.

Қаңбақ ғұмыр ұшар екен қай желге,

Қалтылдатты қара күз?

 

Жадырасақ жайдарымыз жаздайын,

Маздайын бір жетеді.

Тағдырымды табиғатпен жалғайын,

Мезгілдердің мекені.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Жеке мұрағат, wordpress.com

4384 13
Рейтинг: +8

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 10:32
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 10:04

Әдемі шығарады. "Бас" деген бе ед, бір толғау өлеңін тыңдағам өз аузынан! Кермет енді

+0
11 қаңтар 2013, 10:06

Сүйе тұрып ақындар қалайша тастап кете алады? :(

+0
11 қаңтар 2013, 10:55

ерінбей оқып шықтым, бұрында өз аузынан бір-екі өлеңін естігенім бар еді, кермет! Жалпы, Талапбек Тынысбек тек қана жақсы ақын емес, мықты ұстаз, бір сабағына қатысып көргенмін ;)

+0
11 қаңтар 2013, 11:28

Жақсы екен, әсерлі

+0
11 қаңтар 2013, 11:51

Группамда осындай үлкен ағаларым оқығаны қандай жақсы! Бірде емтихан парағына өлең жазған кезіміз де өтті-ау :)

+0
11 қаңтар 2013, 14:16

Сен менің жырымды оқы, өзімді таны...

+0
13 қаңтар 2013, 02:30

"Сонда менің жырларым тамшы болып, Жанарыңнан төсіңе тамып тұрар!" Бірінші өлең ерекше ұнады

+0
14 қаңтар 2013, 11:46

Шынында мінез табиғатқа ұқсайды....

+0
14 қаңтар 2013, 12:19

– (Қозыларды жылатып Баян сұлу,

Құшағына тығылып Бекежанның,)

Қытығынан Қодардың неше ояндың.

+0
15 қаңтар 2013, 15:11

Талапбек аға, өлеңдеріңіз керемет!

+0
17 қаңтар 2013, 12:32

расында Бас деген толғауы керемет ! ақын аға, тек алға !!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...