Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Сыйлыхан Жұмасалық: "Қазақ өткен ғасырда..."

Сыйлыхан Жұмасалық: "Қазақ өткен ғасырда..."

Сыйлыхан Жұмасалық:

Сыйлыханның өлеңдерін оқып көріп пе едіңіз?! ...Онда бүгін жүрегі түкті болып туған, көңілі күпті болып жүрген ақынның шығармашылығымен танысуыңызға мүмкіндік тумақ. Кез келген өлеңінің астарында ой жататын, салмағы бар туындылар сізге де ой салар!

Сыйлыхан Жұмасалық Талапұлы 1988 жылы БҚО, Жаңақала ауданы, кіші Айдархан ауылында дүниеге келген. 2006-2011 жылдары М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің мадениет және өнер институтының «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығында оқыған. Қазір БҚО, Зеленов ауданында мамандығы бойынша қызмет етеді. 2012 жылы Республикалық Мұқағалиға арналған ақындар байқауында З-орын иеленген. Облыстық мүшәйралардың жеңімпазы.

Қазақ өткен ғасырда...

Жей беріп іштен мұң,

Запыран ішкенмін.

Уымен шайтанның,

Қалайша түстендім?!

Домбырам қан болып,

Қобызым шаң болып,

Шошынып түс көрдім.

Содан соң тістендім.

 

Көзімде мұңым бар.

Қызғалдақ  ғұмырлар –

Сүйрелген бұрымдар...

Түйрелген ұлым бар.

Тағдырым ащы тұз,

Жүрегім қатты мұз,

Ашылмас сырым бар.

Ғасырлас жырым бар.

 

Жүрегі – арыстан,

Азаппен алысқан,

Рухы өр қазақпын,

Жаралған намыстан.

Тағдырым – тәтті мұң,

Қол бұлғап шаттығым,

Күтеді алыстан,

Күтеді ғарыштан.

 

Балықтай шіріген,

Бірлігі іріген.

Жетпіс жыл мұңымен,

«Құдайсыз»  жүріп ең.

Сол кезде арманын,

Пида еткен жандарын.

Өлілер бағалы тіріден.

 

Тышқандай кемірген,

Көршімнен жерінгем.

Қанымның құнын бер?

Жазықсыз төгілген.

Сындырмай сағымды,

Кірлетпей арымды,

Ертеңге қарадым,

Сеніммен!

Мұң шарасыз, ой түбінде кірлейді,

Күн бағасыз, кешегідей күлмейді.

Тыныштығын сүрап жердің бетінде,

Тым мазасыз Бақыт кезіп жүр дейді.

 

Тым мазасыз бақытынан талайдың,

Болашаққа жаутаң көзбен қараймын.

Өз-өзіме сағыныштан қартайған,

Ойларымды аяймын.

 

Жанарымда ақырғы үміт сөнерде,

Жан дауысым естіледі өлеңде.

Өлімші өлең өксіп-өксіп алса да,

Жауа алмаған бұлт тұрады төбемде.

 

Басыңызға бермесінші бұл күйді,

Қатын - өмір заманымды күндейді.

Ұйқылы ояу адамдар һәм ұйқыда,

Ал өлгенде оянарын білмейді.

 

Қайран басым қайдан баққа кенелсін,

Пешенеңнің жазғанына көнерсің...

Қайғы қысып қансыраған, мен қазір –

Жемсауыты жыртылған бір көгершін.

 

Нәпсі жеңсе пенделердің пиғылын,

Шыбын жанын шүберекке түйді кім?

Қамданбаса болашаққа кемеміз,

Желкеніне жел айтады билігін.

 

Адамзаттың ақыретте жүгі бар.

Кім бар екен қасіретін ұғынар?

Күнбатыстан «күлімдесе» көкте күн,

Күнбағыстың мойны қайда бұрылар?!

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

МАҒЖАН

 Мағжандай бабам сенгесін.

Маржандай мұрат тергесін.

...Мөрің бар балбал тастардай,

Мұратың мәңгі өлмесін.

 

Сенімнің сертін алайын,

Сайтаныңды қағайын,

Сұмырай сұм дұшпанға,

Сайгез оғың болайын.

 

Құдіретіңнің өгейін,

Қайран елім берейін.

Қызыл қанымды ағызып,

Қара терімді төгейін.

 

Қасиетіңнің сынығын...

Қаймана қазақ тұнығын,

Қызғыштайын қориын,

Құлагеріңнің құлынын.

 

Шипа болайын дертіңе

Шаһид болайын сертіңе

Шер тарқатып өзіңе,

Шомылайын өртіңе.

 

Аманатыңды созбайын.

Азан атыңмен маздайын.

Алланың жұпар атымен,

Аруағынды қозғайын.

«Арыстан еді-ау Исатай»

Махамбет

 Қыранқия қиыры мұнартып... шер жазам.

Шайтан мойынын жұлардай тылсым бер азан.

Ұлы тұлғаға адвокат жалдар тарихқа,

Үкім оқушы сот болған мынау кер заман.

 

Кер заманымда жан бар ма адал түз өлер?!

Ар намыс сынға түсумен тұрқы күзелер.

Шолақ белсенді шоқырағына қисайса,

Есекке теріс мінгізсе мүмкін түзелер.

 

Есек мінерлер Ақтабан мініп сый алар,

Қарға, құзғындар қыранмын деп те қиялар.

Жер- Ананың күңіренген мынау құрсағы,

Бүгінгінің «Тірі аруағынан» ұялар.

 

Қанына тартпай қары сынатын сыр сақтап

Арына жақпай армандарын да ардақтап

Арыстансымақ бетперделі бүгін... батыры,

Ұлтшыл болмай-ақ ұлы адам болған ұр тоқпақ.

 

Шөлі қанбайтын Нарынның шөлін көктен бер.

«Тұқыл мойынның» қаны суармас неткен жер?!

Ұлы даланың көшпелі тауы секілді,

Арыстан еді-ау, арыстан еді-ау өткендер.

Ғашықтық

 Ғашықтық уын қалайша ішіп қойғанмын!

Сен мен үшін жазылмас дертке айналдың.

Жырыммен донор дерттіге болсам деп едім,

Мен жеткізе алмас сұлулығыңа қайранмын.

 

Сен түссең еске сыбырлап шайтан «іш» дейтін.

Әл бар ма менде қара ман ақты түстейтін,

Қасыңа келсем көтеріледі қызуым,

Ауруыма деймін дәріге ғана түспейтін.

 

Ғашықтығымнан баз кешіп жүрек сыр шерткен

Айнып барады жүрек әмірі ол серттен.

Иммунитетім әлсіреп менің барады,

Тек қана өзің жазарсың мені сол дерттен.

 

Бір көрінгеннен ғажап әлемге ендірдің.

Ғашықтық деген дерт барын маған сендірдің.

Махаббатты тек кітап, өлеңде жазбайды,

Дәлелдегім келіп мына жалғанда мен жүрмін.

 

суреттер:web-mirror.net; forum.roerich.info; ru.tsn.ua; snob.ru; azattyq.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

2359 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 желтоқсан 2012, 18:30
Пікірлер
+0
11 желтоқсан 2012, 16:56

Оралдың оғландары осылай сілтесе керек!

+0
11 желтоқсан 2012, 17:17

Патриот екен!

+0
11 желтоқсан 2012, 19:22

Қобызым шаң болып,

Шошынып түс көрдім.

Содан соң тістендім.

+0
11 желтоқсан 2012, 20:14

тамаша жырлар

+0
12 желтоқсан 2012, 00:04

рухты өлеңдер екен

+0
12 желтоқсан 2012, 00:17

БЕУ!.. Сыйлыхан аға! Рухты өлеңдерің көп болсын!!! Жарайсың!!!

+0
12 желтоқсан 2012, 03:27

Жақсы ақын екен!

+0
12 желтоқсан 2012, 09:35

Тым мазасыз Бақыт кезіп жүр дей ме? қайда жүр екен? ;)

+0
12 желтоқсан 2012, 14:23

Қазағымның батысыда өнерденде, өнеге ұлдан кемде емес!Жарайсын Сыйлыхан аға!Жерлесіннең ақ тілек тек сырқама!

+0
12 желтоқсан 2012, 15:15

красавчик десем жеткілікті болар...

+0
21 желтоқсан 2012, 23:21

Өркенің өссін,артсын даңқын, дешті қыпшаққа!

+0
03 ақпан 2014, 17:48

Жолбарыстай жүрегі,
қаймықпас ешбір жаулардан
қыран құстай өткір жүз
тырнағы оның уытты

жоңғарды қуып қашырған
қалмақты қуып асырған
Абылайдай хан барма?
үш жүзге бірдей бас болған

Асқақтап асыл арманы
тулаған қаны қазақ деп
мынау жатқан кең дала
қанаты оның биіктер

шанақтан төккен күйлерің
*қара жорға**,майда жел*
желпіп желпіп өтеді ау
*Сары бура* *қайран ел*

сабалақ едің кезінде
машһүрсың бүгін Абылай
үмытпас сізді бүгінде
қасиетті бабам ай

+0
03 ақпан 2014, 19:11

жырлары жалынды екен, өнері шыңдала бергей.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...