Бір ай бойы тойланатын поэзия мерекесі

Бір ай бойы тойланатын поэзия мерекесі
Фото: vk.com

АҚШ-та жыл сайын бір айлық поэзия мерекесі ұйымдастырылып отырады. Ол "Ұлттық поэзия айы" (April is a month of poetry) деп аталады. Сондай-ақ, шара тек сәуір айында болады. 

Биыл бұл мереке атақты рэпер Тупак Шакурға арналып отыр. Оның негізгі атрибуты ретінде рэпер өлеңдерінің тыңдарман жатқа оқитын жолдары жазылған киім топтамасы шығарылған. Капсулалы коллекцияға футболкалар, худилер, қара джинс күртелер енген. Тупактың портреттері де салынған.

АҚШ-та рэперлер көп. Десе де, Тупак Шакурдың орны бөлек. Оның себебі де жоқ емес. Осындан 20 жыл бұрын қаза болса да, оны өлтірген адам табылмай, 1996 жылы орын алған қылмыс XX ғасыр жұмбағына айналған-ды. Поэзияға жақын адамдар осы сынды құпия дүниелерге жақын болатын себепті бұл рэперге деген қызығушылық толастамай келеді.

Жап жас жігітке қаланың қақ ортасында оқ атқанның кім екенін білмей, іздеу жұмысын жүргізгендер қатарында тек құқық қорғау ұйымдары ғана емес, сондай-ақ кумирінің өліміне сенбеген фанаттар да бар. Соңғы кездері "Тупак тірі, Малайзияда өмір сүреді екен" деген ақпарат олардың тыныштығын алды.

Бір қызығы, осыған дейін Keffe D лақап атымен танымал гангстер Дуэйн Кейт Дэвис 1996 жылы орын алған атақты қылмыстық іске кім кінәлі екенін айтып, рэпердің бақилық болғанына еш күмән келтірместей дәлелдеген еді.

Ол ақпаратты Netflix кеңістігінде жарыққа шыққан "Шешімі табылмаған" (Unsolved) деп аталатын деректі фильмдер желісінде жариялаған болатын. Keffe D сол кезде Тупак Шакурға оқ атылған машинада отырса да, осы күнге дейін "көше кодексын" бұза алмай келгенін сылтау қылды: "Мен Тупактың өлімі туралы бар ақиқатты білетін жалғыз адаммын. Қалғаны өлген. Осы күнге дейін маған шындықты айтқызбай келді. Маған керегі әділеттілік",- деді Keffe D. Сонымен,  Тупакты  осы Дэвистің жиені Орландо Baby Lane Андерсон өлтірген деген ақпаратқа барша әлем сенген болатын.

Рэперге оқ атпастан бірнеше сағат бұрын Орландо Шакурдан Death Row Records бандасының белгісі бар медальонды алғысы келген. Бірақ, Тупак достары оны ұрып жіберген. Соған намыстанған Baby Lane әлемдегі ең атақты рэперге оқ атқан. Бір қызығы, ол осы 20 жыл ішінде Тупак өліміне қатысты айыпталмаған екен. Өзі 1998 жылы Калифорния штатында болған атыста қаза тапқан.

Енді оны тірі деген деректі таратқан адамға тоқталатын болсақ, шуды Death Row Records таспа үйінің негізін қалаушы Шуг Найттың ұлы шығарыпты.

Ол өзінің әлеуметтік желісінде "Тупак тірі, ол қазір Малайзияда жасырын өмір сүреді" деген жазбалар жариялаған. Онда, тіпті, қазіргі Тупактың видеосы да бар болатын. Қазір ол өшірілген.

А. Оралқызы