Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Мөлтілдеген жас тамады гүлден де

Мөлтілдеген жас тамады гүлден де

Мөлтілдеген жас тамады гүлден де

Талғат Мықи - жастар арасындағы айтыс өнерінде де, жазба поэзияда да өзіне ғана тән ерекшеліктерін байқатып жүрген ақынның бірі. Бүгін жас ақынның әр түрлі тақырыптағы өлеңдерін ұсынып отырмыз. Төрелік сіздерден...

СЕН ЖОҚ ҚАЛА 

                                 ...Тірлікті  мынау,жаным-ау ,мәңгілік  деме,

                                  Бір күні  ұйықтап  кетем  де... оянбай  калам!

                                                                                         Табыл Досымов

Жасымды сүртіп жанарым жуынып қалған,

Сені ұмытайын десем де сағынам бәрбір,

...өйткен көңілім құрысын суынып қалған.

...өйткен өмірім құрысын, адырам қалғыр!

 

Саған арнап жазсам да неше түрлі өлең,

Жан  жанарымды қайтіп мен жоярмын қані...

Сені ойлап ұйықтап кеткенмін кеше түнде мен,

Сені ойлап бүгін көңілсіз ояндым тағы.

 

Сені іздеп  кетем содан соң кезіп қаланы,

Ол неге олай? Салдары қалмапты ойымда.

Белгісіз жаққа бақытым безіп барады,

Өзіммен өзім қаламын Арбат бойында.

 

Жүрегім неге жылайды, жоқтайды асылды?

Күлімдеп кейпім өтірік кей жұртты алдады.

Сұп-сұлу болып көзіме оттай басылды,

Сүйкімсіз қыздар сен болып билбордтардағы.

 

­­- Жаным! ­- деп сенің жаныңда күлетін ол кім?

Менсіз бұл  әлем  керіліп  кең  боп  барама!

Жападан жалғыз мұңайып жүретін болдым,

Біреулер үшін көңілді сен жоқ қалада...

 

Сен жоқ қаладан себепсіз жеріп кетесің,

Жыл құсындай жүргесін оралмай маған.

Жылына бір рет Оралға  келіп-кетесің,

Жылына бір рет келгенде көре алмай қалам.

 

ҚЫЛШЫҚҚҰМ

Атлантида...!

Сұм  дүниеден  әр  түрлі  жәйтті көріп,

Платон  шал  өтірік  айтты  делік...

Есенғали  Раушанов.

 

Тынышымды ала берді тыншып түн,

Түстеріме бір кірдің  де, бір шықтың,

Түндігіңнің шықпай қапты түтіні,

Кіндігімнің қаны сіңген, Қылшыққұм.

 

Айналайын, туған  ауыл, Қылшыққұм!

Мен қайғыға, ал, сен құмға тұншықтың.

Қабағымнан қара бұлтты көрдім де,

Жанарымнан жалғыз тамшы ыршыттым.

 

Қу дүние қу жанымды енді  алсын,

Барымды  алды, басқа  менің нем қалсын?

Су астында бар ма, жоқ па сол қала...?

Құм астында, Қылшыққұмым, сен барсың.

 

Көңілімнен көктем қашып, күз кеп жүр,

Тарығудан тіздім қанша тізбек жыр.

Уақыт сені жер астында қалдырды...

Бақыт мені жер үстінде іздеп жүр...

 

Кесек-кесек кеселеп у  ішетін,

Тар маңдайы тағдырынан ісетін

Бүтін Жайық бір ақынды біледі,

Жер астына "бақытсыз" боп  тусетін.

 

Ал сол ақын мен едім ғой, есі аман

Есеңгіреп жүрген жанмын - есалаң.

...құм астында бір ауыл бар  деп айтсам,

Енді маған сенер ме екен Есағам?!

 

 

ӨСЕК - ӨМІР  ГҮЛІ...

Сені күтіп жалыққан,

Ессіз мен-ақ болайыншы, есті кім?

..."өсек - өмір гүлі" дейтін халықтан,

Сен келді деп естідім.

 

Табақ-табақ тамшы жас боп төгілдім,

Сен кінәлі емессің ғой соған да.

Көрінші деп тілеп едім... көріндің,

Көрінбеуің керек еді одан да.

 

Алматыдан оралыпсың. Сенбес ем...

Көз алдымда тұрғаныңды байқағам.

Келмегенің дұрыс еді, келмесең

Кетіп бара жатпас едің қайтадан.

 

Бірде суып, мұзданып,

Бірде қатты сезіміме күйінгем.

...кондуктордан жүз теңгемді қызғанып,

Шығарып сап жатпас едім үйімнен.

 

Жан жарамды біреу келіп емдер ме?!

Жүрегіме салып кеттің қайта дау.

Сені қайтып келмейді  деп енді елге,

Жұртта өтірік айтады-ау...

 

***

- Ана, саған шағып тұрмын мұңымды,

Ешкім мені түсінгісі келмейді.

Құшағыңа қабылдап алып ұлыңды,

Қабылдамай қойса, қойсын жер мейлі.

 

 Иә, онсыз да мына әлемнің боқтығын,

 Санасына жеткізбейді жүйрік ой.

 Көре тұра әділдіктің жоқтығын,

 «Жұмақ» деген жер бетінде дейді ғой.

 

Неге сонша жүдеп кеткен реңің,

Көз ілмеген тағдырыңыз қанша атты?

Біреулердің босағасы, білемін,

Қамсыз тірлік, Ана, сені шаршатты.

 

Арманымды айдалаға тастама,

Қиындықты қиялым боп оз ақ таң.

Бұл «жұмақта» бұйырмаған баспана,

Бұйырад деп ойламаймын тозақта.

 

Мен жұмақтан туылғанмын бақ дарып,

Оған куә аспандағы бір Құдай.

Жұмақ деген жатырыңда жатқанын,

Әлі ешкім де білмейді екен, сұмдық-ай...

 

Бізге дейін кім көрмеген таршылық,

Бізге дейін кім келмеген, кім кетіп?

Мен өмірдің жүйесіне қарсымын,

Көрінгенге қоятұғын күлкі етіп.

 

Мөлтілдеген жас тамады гүлден де,

Ана, сенің көзіңнен жас тамғыш-ай.

Жатырыңнан шықпас едім білгенде...

Қараңқалғыр дүниенің қарғысы-ай...!

 

***

Сорғалаған жасын көріп жүректің,

Біреу мені сормаңдайға теліп жүр.

Еркің біліп, кеттің тастап басқаға,

Желпіндіріп жалғыз қалдым желік жыр.

Көз алдымнан кет деп едің көрінбей,

Көз алдымда елестерің неғып жүр?

Жұмасына болмаса да, жыл сайын,

Көңіліңнің садақасын беріп жүр.

О дүниенің отын жағып ертерек,

Көп кешікпей кетеріме сеніп жүр.

Ақ періште аймалаған денеңді,

Аруақ боп аймалағым келіп жүр!!!

 

«Шын ғашықтар қосылмайды шынымен,

Түк қиналмай төзіп көрем сынаққа»

- деп өзімді жұбатқандай боламын,

Маған ғашық емессің ғой бірақ та.

Мейлі, мейлі мен туралы ойланба,

Мейлі, мені өкінбеймін, ұнатпа!

Жарымдығын түсінбеймін жанымның,

Саған бола мені қатты жылатқан.

Жиырмамда жел айдаса кім білген,

Жыл құсындай кетем ұшып жыраққа.

(Сезіміңе болмаса да сеземін,

Қара жерге қаларымды тұрақтап)

Көзім тірі жүрген кезде өзімнен,

Қабірімнің қайда екенін сұрап қал!!!

 

Түсіндіріп болдым саған барлығын,

Өзің-ақ біл түсінбесең, түсінбе.

Таңдарымды сені ойлаймен атырған,

Арманымды тұншықтыру үшін бе?

«Қарға» жүрек сені қалай келіппін,

Айдындағы аққуымдай мүсіндеп.

Онсыз да сен жерлеп болдың тірідей,

Намысымды жер астына түсірме.

Сен батарсың бұл тірлікте бақытқа,

Мен жатармын бір төмпешік пішінде.

Өз қолыңмен қазып берген қабірім –

Жылуы жоқ жүрегіңнің ішінде.

 

Көп жасаған ғұмырым да жоқ екен,

Махаббаттың уын бірақ көп ішкем.

Етегіне сүйретіліп ажалдың,

Жетегіңде кетеріме келіскем.

Қайткенменен мен сүйетін жансың ғой,

Бір болам деп бір кезде сөз беріскен.

Түсімде енді сену көру мүмкіндік,

Жоқтығына күйзелемін тек іштен.

Пері қыздан құтылшы деп тезірек,

Құлағыма сыбырлап жүр Періштем.

 

Құбылаға басты керіп бір күні,

Көп ұзамай, көп ұзамай өлем мен.

Өкініштен жаның сорлап, әттең-ай,

Көз жасыңның төгілгенін көрер ме ем...

Ешкімге де керексіз деп ойлама,

Кейбір қыздар өнеріме өлермен.

Жүрегінде сырттай ғашық қыздардың,

Өлеңіммен өмір сүре берем Мен.

 

Мынау жалған махаббатқа мардымсыз,

Сені қатты сүйгеніме сенер тек.

Мен өлгенде мәйітіме бір уыс,

Топырақ сап жарылқама мені, еркем.

Жаназамды шығаруға жалғыз-ақ,

Жан-жарамды түсінгендер келер тек.

Жоқтау айтып жылауға да әй, бірақ,

Көз жасыңды қимайсың-ау Сен, ертең!..

 

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: жеке мұрағаттан

2032 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 13 қараша 2012, 17:59
Пікірлер
+0
13 қараша 2012, 17:22

Өлең мықты. Оралдың оғланы ғана жаза алар бұлайша!

+0
13 қараша 2012, 19:46

Әрине, Бұл біздің Оралдық мақтанышымыз ғой. Мейіргүл, мен Сізді шатаспасам "Айтуға оңой" бағдарламасынан көрдім-ау деймін...

+0
14 қараша 2012, 10:52

мүмкін ))

+0
13 қараша 2012, 17:44

Тамаша өлеңдер.

+0
13 қараша 2012, 19:45

Еееее, бұл біздің Тәке ғой. Біз бірге оқығанбыз... Жақсы дос та болып едік-ау... Қайран... Балалығым есіме түсіп кеткені. Небір қызықтар болып еді-ау... Тәтті сағынышпен еске алып отырмын. Айтсам сенбейсіз, Осы "Массагеттен" 2-3 апта турасында Талғаттың өлеңдерін іздегем, көп ақындардың өлеңдері жарық көріп жатқасын осы "Массагетте". Онымен таба алмадым. Ал, бүгін алдымда тұр... Бұл ақын жігіттің менде 10 жылдан кейін қайтаруға уағдаласқан бір сыйлығы бар... Осы оның есінде ме екен... :)))Балалық өзінше бір қызық сәттер еді-ау...Жеке кітап қоржынымда 2 кітабы бар екен. Бұл жерлесімді көрмегеніме де 8 жылдың жүзі болыпты. Жеке қоржынымда 2 кітабы бар деген сөзімнің өзі оның өлеңдерін, шығармашылығын бағалайтындығымның дәлелі деп ойлаймын.

+0
13 қараша 2012, 19:55

"Түк қиналмай төзіп көрем сынаққа". Түк те қиналмай төзу деген сөз логика емес сияқты ғой, "сынақ" болса ол - қиындықтың үлкен я кішісі. қиындық болмаса ол - сынақ емес.

+0
13 қараша 2012, 22:08

Талғат тамаша ақын ғой. Екі өлең жазып мен ақынмын деп кеудесін шалқая керіп жүретіндерді талай көрдік қой. Ал Талғат Алматыға ат басын бұрғанда бір әңгімелесіп қалудың сәті түскен. Кішіпейіл, ақкөңіл азамат жақсы әсер қалдырып еді. Өлеңдері қандай әдемі, сыршыл. Тапқырлығы, ұтқырлығы қандай ғажап. Сүйте тұра сабырлы қалпын бұзбайды екен. Сонау алыста жүрсең де мақсат бір, арман егіз, бауырым. Поэзия көгінде қанатың талмасын. қаламың қарымды болсын. Амандықпен жүздескенше.

+0
13 қараша 2012, 23:52

Ұнаттым... Тек мына жердегі соңғы өлеңі - ақынның айтуына болатын дүние емес, білмеймін, жеке пікірім ғой, білдіре кетейін, айып етпеңіздер - жігері қайда жігіттің? Әлде, тәкаппарда жүрек жоқ деп ойлай ма екен? Еркесі үшін тым ауыр сөздер... "Өлеңіме ғашық жанның қолынан ұстап, терезеңнің алдынан жиі өтем" десе - жылар бәлкім еркесі. Бірақ, "төмпешік ішінде жатқанымда жылағаныңды көрер ме ем?" - тым ауыр жаза... тіпті, сын сағат таяп қалса да... (жүз жасап, бақытты болғыр-ай :-D ) ...

+0
14 қараша 2012, 08:34

Белгісіз жаққа бақытым безіп барады....

+0
14 қараша 2012, 09:03

Сені ойлап ұйықтап кеткенмін кеше түнде мен,

Сені ойлап бүгін көңілсіз ояндым тағы.

+0
14 қараша 2012, 21:39

Керемет!

+0
14 қараша 2012, 21:39

Әйтеуір өлеңнің ішінен өзіңді тауып аласың!

+0
14 қараша 2012, 23:45

Алты Алаштың арда туған арқалы азаматтарының ізі қалған, тамыры терең, тарихы кенен Ақжайық өлкесінің киелі де қасиетті топырағынан нәр алып өскен, поэзиямызға өлеңдегі өзіндік ерекшелігімен, өзіндік үні һәм сезімімен келген жас ақын ағамның өлеңдерін "Массагеттен" көріп, қуанып отырмын))) Ақын!!! басқа өлеңдері керек болса, маған жолықсаңыздар болады, құрметті сайт қонақтары)))

+0
15 қараша 2012, 01:10

Талгат талантты гой!

+0
17 қараша 2012, 02:20

Осындай талантарды танып әкеліп жатқан дайындаушыға рахмет айту керек қой, солай ма, ботақан?

+0
17 қараша 2012, 03:03

Дұрыс айтасыз. Қайсар Қауымбекұлы бауырымызға бұл жағында алғысымыз бөлең.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...