Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Түсімде...

Түсімде...

Массагет күннен күнге өркендеп, дамып келе жатыр. Оқырмандар ауқымы да кеңейіп, толысуда. Сайтқа күн сайын жиырмадан асқан жігітітің төрелерімен қатар, мектеп оқушылары да бас сұғып, қызықты ақпараттармен сусындауда.

Жас дарындарға қолдау көрсету мақсатымен бұл жазбаны Массагеттің жас оқырманы Гүлдана Егембергенованың шығармашылығына арнамақпыз.

Гүлдана 1997 жылы мамыр айының 13-жұлдызында дүниеге келген. Қазіргі кезде Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінде 10 сыныпта білім алып жатыр. Назарларыңызға талапкер ақынның "Түсімде" атты өлеңін ұсынамыз.

 Түсімде....

Соңғы кез көшеден көре алмай,

Тек қана түсімде көремін.

Бұл ғажап сезімді жеңе алмай,

Сіз десе расымен, өлемін!

 

Түсімде бәрі де керемет,

Сондықтан оянғым келмейді.

Маған тек күлкіңіз керек ед:

Жаралы жанымды емдейді.

 

«Ұнармын, көңілден шығармын...»...

Қол созам әйтеуір ұмтылып.

Мен бәлкім, ақымақ шығармын,

Сүймеген адамға ынтығып.

 

Қытайдың әріпі сияқты,

Алмадым мен сізді түсіне.

Иә, сізге бәрібір сияқты,

Тыныштық бермейсіз түсімде.

 

Ұмытам десем де бәрібір,

Түсіме рұқсатсыз кіресіз!

Шын ғашық жандардың жаны бір...

Жүректе мәңгі өмір сүресіз!

27.10.2012.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: автордың жеке мұрағаты

6129 37
Рейтинг: +6

Қосылған күні: 29 қазан 2012, 18:53
Пікірлер
+0
29 қазан 2012, 18:17

"Қытайдың әріпі сияқты, Алмадым мен сізді түсіне" Тапқыр тіркес! Талабыңа нұр жаусын.

+0
29 қазан 2012, 18:51

:) аумин! айтканыныз келсін!!!!

+0
29 қазан 2012, 18:20

түһ! балғын жырлары қандай тәтті!

+0
29 қазан 2012, 18:56

"Түсіме рұқсатсыз кіресіз..." күштііііііі қандай, нәп-нәзік өлең,,, қалам ұштала берсін, Гүл-бала!!!

+0
29 қазан 2012, 19:00

;) аха, аумин! Унаганына куаныштымын!!!

+0
29 қазан 2012, 19:39

түсіңе мен кірсем бола ма))

+0
29 қазан 2012, 21:12

:D сосын сізді жырлайын)

+0
29 қазан 2012, 20:24

Жарайсың! :)

+0
29 қазан 2012, 22:30

15 жастағы қыздың махаббат туралы жазғанын бірінші рет оқып жатырмын. Керемет!!!

+0
29 қазан 2012, 22:51

сіз менін алеміме кірсеніз.... агенттегі алемімде будан баска олендерім бар. соларды окып корініз!

+0
29 қазан 2012, 23:02

Әрине, сілтеме беріңізші оқығым келіп жатыр.

+0
30 қазан 2012, 08:55

керемет

+0
30 қазан 2012, 11:50

;) рахмет ілтипатынызга!

+0
31 қазан 2012, 14:28

айналайын қалқам сол, қандай тәтті жазылған. тамаша ақын боласың әлі. Алла шығармашылығыңа ғұмыр берсін.

+0
31 қазан 2012, 15:25

:) оооой, рақмееееет!!! Унаганына куаныштымын!!! Аумин, айтканыз келсін!

+0
31 қазан 2012, 16:39

төрт аяғын тең басқан, шашасына шаң жұқпас бір дәуірдің сайгүлі жыры қатарға кеп тебінгі қағысса деген тілек бар қашанда біздің ортамызда. біз күтеміз сені сол сапардан. балаң жырыңнан айналдық! жаза түс!

+0
02 қараша 2012, 21:19

Ай жарайсың қарындасым!!!!!!
Қытайдың әріпі (иероглифі) сияқты,
Алмадым мен сізді түсіне.
Иә, сізге бәрібір сияқты,
Тыныштық бермейсіз түсімде.

+0
02 қараша 2012, 22:38

:) оленімнін сізге унаганына сондай куаныштымын, Тауірбек ага!

+0
07 қараша 2012, 03:06

"өлеңімнің?" өлең деуге әлі ерте, асықтырмаңыздар қызды! өлең болғанша, қайдааа, көп тер төгесің әлі! бұдан да жақсы жазбаларыңды күтеміз, қолыңнан келеді, (Салтанат апай айтпакшы) Гүл-бала! )

+0
07 қараша 2012, 13:41

менінше, Данагул апке! Сізге де айтарым: енді гана кунге колын созып келе жаткан гулден кунді тартып алманыз... Ягни, бірден сын айта жугірменіз. Бул басы. Сіздер булай келмей

+0
07 қараша 2012, 13:43

жатып сынасаныздар, арине журектегі уміт те, жалпы конілді де бузасыздар! Баснда жай гана колданыз. Биікке котеріле тусе, асте сынасаныздар, озімізге де кателігіміз малім болады!

+0
07 қараша 2012, 14:58

Данагүүүл, Данок-ау, қайдағы апай? Маған Салтанат дей бер :lol:

+0
07 қараша 2012, 15:13

сөйдейінші, үлкейтіп жібердім бе )), Гүлдана, маған да "әпке" демей-ақ қой, жарай ма? арамыз 1-ақ жас қой )

+0
08 қараша 2012, 19:40

:D бір блогыма "сойтсем, менен де кішкентай екенсін гой!" деп жазган болатынсыз... соган, сізді 20-25 жас аралыгындагы апкеміз шыгар деп ойласам)))

+0
08 қараша 2012, 22:05

)))

+0
07 қараша 2012, 14:31

жане де мен олендеріме сын айтсын деп емес, окысын деп жіберген болатынмын! Дегенмен, сын аркылы барі де тузеледі! Ол рас! Сонда да кішкене колдасаныздар деймін!

+0
07 қараша 2012, 14:57

пікір деп қабылда, әйтпесе мен де сын айтатын дәрежеде емеспін, замандас. ал, шалқар шабыт тіледік! ;)

+0
07 қараша 2012, 14:38

сыннан талпыныс құрып кетпейді ғой, қайта сын естіген адам одан әрі жалындай түспей ме..? менің айтқаным сын да емес, жай ғана пікір. қолдап та тұрмыз! қазірден - ақ "жақсы-жақсымен" семіртіп жіберсек, осы бағытпен кетесің ғой, қазіргіңнен де мықтырақ болсын деп айтып жатқан ойым.

+0
07 қараша 2012, 15:05

түсінбегенім: мақұл үлкендер сын айтсын, бірақ ,ол талпынысты өшірмейді ғой, керісінше сын естіген адам жалындай түспей ме..? қазірден-ақ "жақсы-жақсымен" семіртіп жіберсек осы қалпыңмен кетесің ғой, қазіргіден де мықтырақ болсын деген оймен жазылды бұл

+0
09 қараша 2012, 16:06

татті жыр гой мынауын, Гулдана! окып отырып, жузіме кулкі уйірілсе болганы ма? гашык болдым мына оленіне. кайта-кайта окыгым келе беретіні. озіме сактап коймасам...

+0
09 қараша 2012, 22:39

Керемет олен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...