Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Жылау үшін де Күз керек"

"Жылау үшін де Күз керек"

Массагеттің ауылына Асылбек Жаңбырбай есімді жас жігіт өлеңдерін жіберіп отыр. Бүгінгі таңда "Жансусар" атты жеке кітабы шыққан ақынымыз облыстық, республикалық мүшәйраларда талай рет топ жарған.


..."Күз жақсы ғой өмірмен қоштасуға" - дейді. Бұл ақынның жүрегін мазалаған не нәрсе? Қалай ойлайсыздар?

БИЫЛҒЫ КҮЗ

Биылғы күз түскендей алғашқы рет,

Жек көріп жүр біреулер "албасты" деп.

Жазғы дәурен бүгінде көшті бастан,

Бір-бірімен маусымдар алмасты кеп.

Күзге балап перінің керім қызын,

Тарқатамын ымыртта шерімді ұзын.

Соңы қысқа ұласып жатса жатсын,

Мына келген тек қана менің күзім!..

Тоңдырса да суық түн, ызғырық күн,

Көктемді емес, кәдімгі күзді күттім.

Күз жақсы ғой өмірмен қоштасуға,

Салқын соққан жүректі мұз қылыппын.

Биылғы күз түскендей ақырғы рет,

Жек көрмей жүр біреулер ақылды боп.

Өткен-кеткен бейуақыт еске түсіп,

Неге қинай береді-ай ақынды көп?..

 КҮЗ ЕКЕУМІЗ

Жолығып күзге  қоңыр күрсіндім,

Жылау үшін де Күз керек.

Жолымен жүріп өмірдің сүргін,

Жоғаламыз ғой біз кенет.

Жоқ 

Күздей досым қалада мынау,

Жоқ 

сенер басқа ешкімім.

Жетім жүректі жараладым-ау,

Жарамның аты - ескі мұң.

 "Жабықпа" - дейді ол жұбатқан болып,

Жалқындап тұрып үздіге.

Жаратқан жерге жұмақтан бөліп,

Жіберген болар Күзді де.

Жазған Күз содан Хауаны сүйед,

Жақсы да көред Адамды...

Жазмышым берген дауалы сый ед,

Жүректен жазған жарамды.

 Жұмбақ қой менің жаратылысым,

Жалқылық жұқса Күзден де.

Жаралдық баста дала-қыр үшін,

Жоғаламыз ғой біз демде...

 

ШЕГІНІС ЛИРИКАСЫ

 Сол бір кезден жоқ белгіміз,

Мүлде ұмыттық өткенді біз.

Сенің жағың  күзгі көктем,

Менің жағым  көктемгі күз.

Айлы аспанға мұң-зар ұлып,

Қала жатыр түн жамылып.

Сұр көшелер құлазып тұр,

Жалғыз елес жүр жабығып.

 Жалқы жүрек, жарты жаным,

Өмір, мынау, зарпы қалың.

Дауыл-тағдыр соқты қатты,

Жапырақ құсап қалтырадым.

Мен сонда да сезім кештім,

Махаббаттан безінбеспін.

Сағым болған ақ армансың,

Бұлдыраумен көзімде өштің...

Арнайы Массагет.кз үшін: Асылбек Жаңбырбай

суреттер:sun-fotos.ru

Дайындаған: Арыстанбек Фараби

4269 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 қазан 2012, 14:30
Пікірлер
+0
22 қазан 2012, 14:01

"Күз жақсы ғой өмірмен қоштасуға" - дейді. Бұл ақынның жүрегін мазалаған не нәрсе? Қалай ойлайсыздар? сағыныш, ақындық ой ғана сияқты...

+0
22 қазан 2012, 14:31

өлеңдер жақсы, бірақ сезім жетіспейтін сияқты...

+0
22 қазан 2012, 23:03

Қалам мұқалмасын...

+0
23 қазан 2012, 08:18

Күз жақсы ғой өмірмен қоштасуға...Жылауға да :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...