Оқи отырыңыз

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Күз бен біз күңіренеміз де жүреміз...

Күз бен біз күңіренеміз де жүреміз...

Күз бен біз күңіренеміз де жүреміз...

Құрметті жырсүйер оқырман, бүгін біз сіздерге бірқатар ақындардың күз туралы өлеңдерінің топтамасын ұсынып отырмыз. Сары сағыныштың символына айналған бұл мезгіл ақын жанын тебірентпей қоймас. Сүйгені мен күз сұлулығын астастыра суреттейтін олар сағынышқа толы күздің бір күнін де қалт жібермейді. Сағынады... Сарғаяды... Жырлайды. Сары күзді қара өлеңмен суреттеген ақындардың шығармашылығына кезек берейік, ендеше!

Күз

Күз.

Алакеуім.

Жатыр әне ішке тартып дала демін.

Бүгін тағы...

Келмедің... Үміт жылап.

Жалғыздық құшағымда қала бердім.

Мұң түнетіп санасына Қоңыр Күздің.

Жолымызды қоспайма, Өмір біздің???

..."Күт" деген ең...соңғы рет...Содан бәлкім.

Үмітті келді ме екен, соңында үзгім.

Хабарсызсың...Көңілде күдік басым.

Сарқылқылған жоқ сонда да үміт жасым.

Түндер өлген күн бар ғой...мен ешқашан.

Ол жайлы,

Ұмытпаспын...Ұмытпаспын.

Айжан Табаракқызы


Күз бен қыз 

Сыртқа шықсам сарғайған күзді көрем,

Жүдеу жүзді сонан соң қызды көрем.

Сағынышқа бөленген мұңлықтарға,

Дәрі бола қояр ма біздің өлең.

 

Сабағынан үзіліп жапырақтар,

Көңілсіздеу күй кешті атырап бар.

Мақпалдайын жапырақ емес анау,

Жатқандайын тапталып топырақта  ар.

 

Жұлдыздай төбемізге таяу аққан,

Кыр үстін қызғылт түске бояды ақ таң.

Елестей ме ғашығы күні-бойы,

Сезімін іздейді қыз саябақтан.

 

«Күту деген тәйірі сөз бе, тағы,»

Дегеніңмен, сүркей Күн  боздатады.

Күрең өңір сол күйге қосылып ап,

Қай-қайдағы жайларды қоздатады.

 

Сықпытындай сұр күздің мұң қабыздап,

Жүректегі жарасы тұр ма сыздап?!

Аппақ жүзін қарайтып жіберіпті-ау,

Қоңыр бақта уілдеп түрлі аңыздақ.

 

Енді ешкімге сенбейді ол, өмірінде,

Күздей мұңның табы бар көңілінде.

Ізгі арудың көз жасы сияқтанып,

Қыз-қайыңның моншағы төгілуде...

 

Сыртқа шықсам сарғайған  күзді көрем,

Жүдеу жүзді сонан соң қызды көрем.

Ұғынбаған сол жанның мұңлы сырын,

Маған салсаң дер едім түзді керең.

 

Құзарларға қонғанмен сұңқар ұлың,

Кеудемдегі  әлегі-ай мұң табының.

Қыздың мұңы...үзілген  жапырақтар,

Жан-жүйемнің үздің-ау бір тамырын. 

 

Бауыржан Әліқожа

          

                         Күзгі әуендер                      

          - 1 -           

Қаздар қайтып барады түстігіне,

Өлеңіммен саз қостым құс тіліне.

Сары күзде сарғайтқан жапырақты

Мендік жалқы жүректің ыстығы де,

Қаздар қайтып барады түстігіне...

 

Тәңіртаудың талықсып таңғы етегі,

Жабырқаған жанымды жарлы етеді.

Саздар ұшқан айдыннан қаздар ұшса,

Оның-дағы сағынар бар мекені,

Тәңіртаудың талықсып таңғы етегі...

 

Қара таппай тұратын ұрынарға,

Бұл тағдырдың беймәлім сыры бар ма?

Көз  алдымда көлбеңдеп тұрып алма,

Бақыт деген сыймайды алақанға,

Уақыт деген ұқсайды зымыранға.

 

...Тәңіртауға қарасам күнес көрдім,

Етегінде шалғынмен бір өскенмін.

Қайтқан қаздың барады қанатында

Сағынышым сағымға ілескен күн.

Тәңіртауға қарасам күнес көрдім...

 -2-

Осы күздің боларын

                              Өткенде білдім,

Көктемде білдім, жан құрбым.

Мен онда көкбелде тұрдым,

                              Өткелде тұрдым,

Жазуы шығар тағдырдың...

 

Мен онда

                Бұлақтың көзінен жыр оқып,

Тау етегіне гүл ектім.

Күмбір көңілдің күйін түлетіп,

Қалауы шығар жүректің.

 

Жасылым көшсе –

                         ішім бос,

          Қырларым қайда гүлдеген?

Көктемнің сырын түсінбес –

Күздің боларын білмеген...

   -3-

Күзім менің,

Сарғайған сағымдардың ізінде мұң.

Сабағынан жапырақ үзілгенін,

Тырналардың мен көрдім тізілгенін.

...Күзім менің!

 

Сенбі күні,

Тағдырым өзі айтады ендігіні,

Жанымның күй тартады шерлі мұңы.

Қараша, желтоқсанның желді күні...

 

Төбемдегі  Ай,

Қарайлай қоймайтындай төмен қарай.

Өзекті жарып шыққан өлеңде арай,

Білмеймін келем қалай?

 

Далада күз,

Біздерден де бір күні қалады аңыз.

Сағынышқа айналар самаламыз,

Сенен жақын жанына таба ма қыз -

Сары ала күз? 

Мақпал Мыса


  Күзгі мұң 

Сар дала мылқау...

Жамылғысын жалмап жатыр ақ.

Суық жүзінде сұрланған сұсты ақырап.

Қоштаса алмай, қоңырқай сәтпен тұрғандай

Дірілдеп ана үзілгелі тұрған жапырақ.

 

Күйрек жүректің жүйрік қиялы бел асқан

Бел асқан сайды айымен орайды кең аспан.

Суық күздегі семіз сұлулық әуені

Білмедім дәйім,

Нені бекітіп,

Нені ашқан?!

Алтыншапақ Хаутай

Дайындаған  және суреттерді түсірген: Ақерке Әбілхан

Дайындаған:
Луиза ханым
Қосылған күні:
08 қазан 2012, 10:07
Тегтер:
күз, сағыныш, махаббат, ақындар, күз туралы өлең
12611 5
Рейтинг: +8

Пікірлер
+0
08 қазан 2012, 11:12

Кейде осы өлеңдер оқып отырып ойлаймын да, адамдар бақытсыз шақтарын жырлауға құштар екенбіз. Мен бақыттымын деген тақырыптағы өлеңдер өте аз иа))

+0
08 қазан 2012, 13:10

Бақытсыз шақтарын жырлап,қағазға түсіре берсе,көңілдері жадырап, бір жеңілдеп қалатын болар. :roll: .

+0
08 қазан 2012, 13:31

Мына әлемге керек Ауа, керек Күз,
Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.
Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,
Мені біреу сүйсе деймін себепсіз!
Сүймесе екен ұнаган сон кескінім,
Және көніл көтерген соң кешқұрым.
Сүймесе екен қалмаған соң ешкімім,
Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң...
Танакөз Толқын.

+0
08 қазан 2012, 15:22

Тамаша, Бұл сайттағы осындай топтамаларды ұнатамын. Ал осындай өлеңдер топтамасын жасап жүретін Ақерке есімді :) алтын қыз

+0
09 қазан 2012, 13:44

Күштііі, түсініксіз күйімді осы өлеңдерден көріп отырмын.,, өлең жазғым кеп кетті ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Ең қызықты блогтар

Массагет сайтының жаңарғанына бір ай болды
Массагет сайтының жаңарғанына бір ай болды

Бұл жазбада бір ай ішінде жөнделген техникалық қателер мен қосылған...

Оқырманның жыр кеші
Оқырманның жыр кеші

Жақында ерекше бір поэзиялық кеш өтті.

Ұстаз-ақысы
Ұстаз-ақысы

Еліміздегі Мұғалімдердің жағдайын талқылаймыз


Соңғы аудармалар

Davichi - Don't move [қазақша субтитрлер]
Davichi - Don't move [қазақша субтитрлер]

Davichi  Brave Brothers-пен серіктесіп, жұмыс жасағаннан кейін жаңа Don’t Move бейнебаянын ұсынды. Қыздар осы әнмен көптеген шерулерді бағындырды. Қыздар әдеттегідей қайғылы махаббат, өткенді ұмытудың қаншалықты қиын екенін жырлайды.   Бейнебаянда T-ara N4 тобынан Даниді және SPEED тобынан Сонминді көре аласыздар. Аударған: Қорғанбаева...

f(x) - NU ABO [қазақша субтитрлермен]
f(x) - NU ABO [қазақша субтитрлермен]

“Nu ABO” – f(x) тобының 2010  жылы шыққан мини альбомдары. Бұл альбом барлық корей музыкалық шерулерін бағындырады және тұңғыш рет қыздардың мінезін көрсетті....

Block B - Jackpot [қазақша субтитрлермен]
Block B - Jackpot [қазақша субтитрлермен]

"Block B" тобы 2014 жылдың көктемінде "Jackpot" атты толықформатты альбоммен сахнаға қайта оралуларын атап өтуі керек болған. Бірақ топ аталмыш әнге бейнеклип шығарып қана...